Тұрғындарды су, газ, электр қуатымен қамтамасыз етуді жекеменшіктен алып, мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеу керек пе?

Тұрғындарды су, газ, электр қуатымен қамтамасыз етуді жекеменшіктен алып, мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеу  керек пе?

Алматы облысының қайсыбір ауылдарында жекеменшік үйлерге газ енгізу құны 300 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен.  Бұл өз алдына, ендігі кезекте  су және электр қуатымен қамтамасыз етуде де біраз дау-дамай туындап тұр. Жекеменшік компаниялардың халықтың мұндай қажеттіліктерін өтеуде бірінші кезекте өз бастарының қамын ойлап кететіндігі бүгінде отандық сарапшыларды ойландырып отыр. Осыған орай «тұрғындарды су, газ, электр қуатымен қамтуды мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеген жөн бе?» деген сауалды біз арнайы мамандардың талқысына салдық.


Дәурен АРЫН, заңгер:
иә
– Бұл мәселені өз басым қолдаймын. Нақ қазір инфрақұрылымы дамымаған елді мекендерде жұрт өз күшімен тұрғын үй салып алып жатыр. Ол баспананың құ­ры­лыс жұмысы өз алдына, газ, су, электр жа­рығын тартып алу үшін сол же­келеген тұр­ғынның қалтасынан 5-6 мың доллар қоса шығады. Мысалы,  жекелеген үй­лерге газ тарту ережесі бойынша Ду-76 х 3,0-500 метр;  Ду-37 х 3,0—700 метр де­сек, жалпы iшкi газ құбырының ұзын­дығы 1.200 метр болады делік. Негізінен, тө­менгi қысымды жүйеден тартылатын iшкi газ құбыры құрылысының жалпы құны — 4.886.750 теңгенi құрайды. Ал бір үй­дiң есебiн  былай шығаруымыз ке­рек: 4. 886. 750: 50 = 97 735 теңге (қо­сым­ша құн салығын есептегенде).
Сонда үй iшiндегi қысымды газ құбыры құ­рылысының құны (газ есептегiшiнiң, жо­ба­сын жасау жұмысына кеткен шығынды қоса оты­рып газдың берiлуiн есептегенде):
1. G-4 газ есептегiшiнiң орнатылуымен – 97 735 теңге;
2. G-6 газ есептегiшiнiң орнатылуымен – 117 972  теңге болуы керек.
Бұл – «ҚазТрансГаз» АҚ ұсынып отырған рес­­ми баға. Ал енді бұл бағаны жекелеген ком­­паниялар өз еріктеріне салып мың құ­был­тып аспандатады. Жекелеген ком­па­ния­лар бұл мәселеде өздерінің пайдасын ға­на ойлап қыз­мет етуде. Себебі олар же­ке­мен­шік ком­па­ниялар болған соң өз жұ­мысын, шы­ғын­да­рын өздерінің пайдасына қа­рай есеп­тейді. Же­келеген фирмалардың бұл рет­те көздеген мақ­саты – өз бюджеттерін ха­­лық­тың есебінен то­лықтыра түсу. Сон­дық­тан бізге бұл мә­се­ле­лерді шешуде нақ­ты бір мем­­ле­кет­тік мекеме ке­рек. Біз ауыл­дық-ау­мақ­ты жер­лерде ин­фра­құрылымды да­мы­туды ар­на­йы ми­нистр­лік­тердің, ат­қа­рушы биліктің жүк­темесіне енгіздік қой. Ауыз-су мәселесін то­лыққанды ше­шу мақ­са­тында арнайы мем­ле­кеттік бағ­дар­лама да қабыл­дан­ды. Бірақ жа­сырмай айтылуы тиіс нәрсе жер­гілікті әкім­шіліктің қа­сында ба­қылау жүр­гізетін нақ­ты мемлекеттік ме­­кеме бол­ма­ғандықтан бұл іс осылай ушы­ғып кетті. Же­кеменшік ком­паниялардың ер­кінсуінен ба­ға халықтың қал­тасын кө­тер­мей­тін күйге жетті. Ендеше егер біз ха­лықты то­­­лыққанды ин­­фра­құ­ры­лым­мен қам­тамасыз ет­кіміз кел­се, бұл мә­се­ле­лерді ком­муналдық ме­­ке­ме­лердің еншісіне бер­геніміз жөн. Ар­найы мем­лекеттік ме­ке­ме­лердің бақы­ла­уына өт­кеннен кейін шектік баға белгіленіп, сол жүйе бо­йынша жұмыс істесе бұл мәселе сәл де бол­са шешімін та­бар еді. Көптеген өр­ке­ниетті елдерде нақ осы газ-су жарық мә­се­ле­­сімен айна­лы­са­тын арнайы мемлекеттік ор­ган­дар бар. Көршілес Ресейдің өзінде бұл жайт­тармен тұрғын үй инс­пек­циясы айна­лы­сады. Ал біз алдық та мұны тек қана жеке­мен­шіктің ен­шісіне қалдырдық. Ал бүгінде қызмет құнын жыл сайын өсіріп отыр. Ен­де­ше бізге бұл салада арнайы мемлекеттік кә­сіп­орын ке­рек. Мұны қолдау керек. Бұл ха­лық­тың қа­жетін өтеу үшін қажет.


Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-ғалым:
жоқ
– Жоқ, қарақұрым мемлекеттік кәсіпорындарды қаптата беру мәселені шешпейді. Бұл жерде мәселені шешудің тетігі тек қана мемлекеттік мекемелерге жауапкершілік артуда ғана жатқан жоқ. Мысалы, біздегі мемлекеттік мекеме коммуналдық қызмет мекемесі немесе монополияға қарсы комитет жыл сайын суға, электр энергиясына, газ бен басқа да қызмет түрлеріне өсім берген бағаға тежеу бере алып отыр ма, жоқ. Кері­сін­ше, жыл сайын өскен бағаны олар ауыз­дықтай алмай отыр.  Соған сәйкес, жүз­деген миллионнан бірнеше миллиард тең­геге дейін баратын шығындар тұтынушы қалтасына түсетін тариф есе­бі­нен өтелуде. Бұл бір ғана тарифке қатысты. 
Ал енді тарифті қоя тұрып инфра­құ­ры­лым­­­мен қамтамасыз етуді сол мемлекеттік ме­­кемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға тап­сырар болсақ, қызмет құнының төмен­дей­­тініне өз басым сенбеймін. Меніңше, ха­лықты арзан газбен қамтимыз десек, елі­мізде мұ­най­мен ілесіп шығып жатқан газды өңдеу мә­се­лесін қарастырғанымыз абзал. Бұдан соң жерасты суларын сауатты пай­далануды үй­рен­­­геніміз жөн. Халықты ауызсумен қамту үшін бір ғана мемлекеттік бағ­дарлама жоба­сын ойлап табу аздық ете­ді. Біздің зерт­теу­ле­рі­міз Қа­зақ елінде 7 мың­нан астам ауыл-ай­мақ бар болса, со­ның 2 мыңы мүлдем сусыз ай­мақтар еке­нін, бұл елдімекендердің халқы су тап­шы­лы­ғын анық сезініп отырғанын көр­се­туде. Ши­­кізаты зор, жерасты ресурстарының қо­­ры мол, мұнайға бай, ғарыш индус­трия­сы­на ба­ғыт алған еліміз үшін бұл көрсеткіш аса кө­ңіл қуантпайды. Мәселен, біздің ға­лым­да­рымыз 2007-2008 жылдары Жез­қаз­ға­ндағы жер­ас­ты су қорын зерттеп, оның арнайы есе­бін шы­ғарды. Қа­зір­де соның арқасында атал­мыш қа­ла бүгінде та­за сумен қамтамасыз еті­ліп, елдегі су қо­рының көрсеткіші айқындалып отыр. Ой­лап қарасақ, бұл – бір қала төңіре­гін­­де ғана істеп отырған жұмысымыз. Біздің бір қа­ла­ның ғана су қорын арнайы зерттеуміз ол қа­ла тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету­ге ықпал етті. Егер де зерттеу жұмыстары жал­­ғасын тауып, еліміздің барлық қала­ла­ры­ның су қорын сараптап, модельдерін жа­сап, арнайы компьютерге енгізіп қой­сақ, су­сыз­дану мәселесі қай кезеңде өр­ши­тінін; ха­лық­ты қалай таза сумен қам­тамасыз етуге бо­ла­ты­нын; жерасты сулары қай кезде өз­ге­ріс­ке ұшы­райтынын белгілі жүйе арқылы ба­қы­лап отыратын жоспарлы жұмысқа қол жет­кі­зетін едік. Бір ғана «Таза су» бағдарла­ма­сын жү­зеге асыру үшін 2002-2010 жылдар ара­лы­ғында 290 миллиардтай теңге бөлініпті. Ал ат­қа­рыл­ған шар­уа қанекей? «Таза ауызсуға қо­лы­м­ыз жет­ті» деп ырзашылық білдірген ха­лық қай­­да?! Меніңше, қыруар қаржы бө­лініп, ар­на­йы бағдарлама қабылданып жат­қан­­­нан ке­йін оның атқарылу нәтижесіне ба­қы­­­лауды кү­шейту қажет. Олай етпесек, бө­­лінген қаржы «тіс­тегеннің аузында, ұста­ған­ның қолында» кетері анық. Электр энер­гиясына қатысты да айтылатын мә­селе – осы. Күн-жел энергиясын пайдалану қа­жет дейміз. Сол істі бастау үшін түрлі жо­баларды да қа­рас­тырып жатырмыз. Бірақ бұл істе де біз үшін ше­шілмеген түйіндер әлі көп. Ал енді осы ау­қым­ды про­бле­ма­лар­ды бір ғана мемлекеттік кәсіпорындар шеше алады дегенді өз басым қолда­май­мын. Сон­дық­тан бұған қарсымын. Біз мә­селені шеш­кіміз келсе, ғы­­лыми-сауатты зерт­теулерге на­зар аударып ба­­рып, ресурс­тар­ды зерттеу ар­қылы ғана ж­етістікке жетуге ма­шық­тан­ғанымыз жөн.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Меруерт МОЛДАБАЕВА, әлеуметтанушы:
– Қалай десек те, қазір біздің қоғамда жекелеген тұрғындарды инфрақұрылыммен қамту жағы өте кемшін. ХХІ ғасырда сусыз, жарықсыз отырған, көгілдір отын туралы тіпті жақ ашпайтын қарапайым қауымның барын көріп, ішің ашиды. Өркениеттілікке ұмтылған мемлекет ретінде бізге бұл мәселені шешетін кезең жетті. Сондықтан атқарушы билік тарапынан халықты көгілдір отынмен, сумен, жарықпен қамтуға қатысты ойлы шешімдер қабылданса деймін. Қазірде қара халықтың үштен бірі өз күшімен бір баспана тұрғызып алуға барын салады. Мемлекеттен ешбір көмек күтпестен, алақан жаймастан өзінің қара күшімен, маңдай теріне сеніп үй тұрғызып алып жатқан мұндай азаматтарға тым құрығанда сол үйіне су, жылу, жарық енгізуге арнайы 20-30 пайыздық жеңілдік жасалса да үлкен көмек болар еді. Атаулы әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға осындай бір жеңілдіктер қарастырылса, тіптен оңды болар еді. Сондықтан бұл мәселені Үкімет және үкіметтік ұйымдар шешсе деп пікір білдіремін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста