Қазақтың танымал тұлғаларын сауда брендіне айналдыру дұрыс па?

Қазақтың танымал тұлғаларын сауда брендіне айналдыру дұрыс па?

Бүгінде әлемді жарнама мен брендтің билеп тұрғаны рас. Инеден бастап ұшаққа дейін кісі есімдерін беруде Батыс алдына жан салмайды. Қара базарды менсінбей, бәленнің етігі, түленнің көйлегі деп бренд қууда қазақ та дес бермейтін болған. Бірақ әлі күнге өзіміздің тым құрыса түйме шығарып, оны өз тұлғамыздың атынан таратып жатпағанымыз жайлы толғанатын да аз. Бірақ осыған қарама-қарсы, қазақтың атын шығарудың жөні осы екен деп арақ-шарап пен кәмпитке ұлыларымыздың есімін жапсырып жатқандар бар. Түк жоқтан тәуір ғой деп біз осы нәрсеге дұрыс қарауымыз керек пе? Болмаса, кеш болып кетпей тұрғанда мұны бір ретке келтіру қажет пе? Сараптап көрейік.


Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
иә
– Менің ойымша, дүниежүзілік үрдістер біздің Қазақстанда да белең алуы керек, яғни танымал тұлғаларды брендке айнал­ды­ру өте қажет. Әлемде бұл жағынан ең ал­дың­ғы орында АҚШ, Ұлыбритания, Фран­ция, Корея, сынды елдер тұр. Олар өз тұл­ғаларынан әлдеқашан бренд жасап, төрткүл дүниеге таратып та үлгерген. Ал біз болсақ, мұны әлі күнге дейін талқылап жүр­міз. Бірақ Қазақстан әлемдік сауда ай­на­лы­мына жалпы өзіндік бренд өнімдерін шы­ға­рып үлгерген. Осы ретте бір мысал кел­тірсем, мен қайсыбір жылдары Өзбек­станға іссапармен барып, көшелерінің бірін­де келе жатсам, адамдар әлдененің кезе­гіне үймелей қалыпты. Тура таласып-тартысуға бар өздері. Жақсы дүние болса, ала қояйын деген ниетпен кезектің соңына тұра қойдым. Кезегім келіп қарап қалсам, әлгі жерде Қазақстанның ұнын сатып жатыр екен. 
Бір жағы күлкім келді, екінші жағынан мерейім үстем болып қалды. Мысалы, Қазақстанның мысы, мұ­найы, ураны... Қазақстанның Бай­қо­ңы­ры – бренд. Яғни біз қолға алсақ, қандай да бір бренд қалыптастырып, еліміздің атын шығаруға қабілетіміз толығымен жететін елміз. Ендеше, дәл осындай қарқынмен ендігі жерде біздің тұлғаларымыздың да есімдерін брендке айналдыруға біздің барлық мүмкіндіктеріміз бар. Біз неге әлемдік экономикада шикізат көзі болып қала беруіміз керек? Біз өзіміздің өнімімізді шығарып, сол өнімдерімізге қазақтың ардақты тұлғаларының есімдерін қойып, дүниежүзіне таратуға ұмтылуымыз керек. Себебі біз – Тәуелсіз елміз. Бұрын КСРО-ның құрамында болған кезімізде бізді жеке ел деп ешкім таныған жоқ, ал бізді уысында ұстаған Ресей, жалпы, орыс­тар­дың көзімен біз қазақ, қой болдық. Қазір енді заман басқа, біз ол елдің, ол жұрттың уысынан кеттік, сондықтан қалай дами­мыз, өзімізді қалай танытамыз десек те, толық еркіндік, толық мүмкіндігіміз бар.
Жалпы, бренд деген ең жақсы, ең сапа­лы, ең таңдаулы дүние болуы керек, ешкім оған қатысты жағымсыз ой, жағымсыз көз­қараста болмауы шарт. Бір мысал келтірсем, біз кезінде жылқы етінен бренд жасаймыз дедік, бірақ біз сол дер кезінде қимыл-әрекет жасамаған соң, кеш қалдық, себебі қазір әлемде, Батыста да, Шығыста да оны соншалық жеккөрінішті етіп көр­сетіп, қарсы көзқарас туғызып қойған. Біз тағы да кеш қалмай тұрғанда, өзімізді жақсы жағынан көрсететін бренд шы­ға­руымыз керек. Әйтпесе негативті бренд ал­дымызды орап кетеді, бұған бір мысал – «Борат» фильмі. Бірақ ол – шындықтан алшақ, қолдан жасалған дүние, ол өтірік. Ал негізі бренд еш кемшіліксіз, көлеңке түспеген, ешкім жек көрмейтін адам болуы шарт. Бізде бүгін Шоқанды бренд жаса­ғысы келіп жүргендер бар, бірақ ол – бір­жақты көзқарастан туған іс. Шындығында, Шоқаннан бренд жасау қиын. Өйткені ол біздің көзімізбен қарағанда ғалым бол­ға­нымен, әлем үшін ол – барлаушы, Ресей бар­лаушысы болды. Сондықтан оны Қытай, АҚШ қабылдамайды, өйткені Ресей – олар үшін негативті фон. Ыбы­райды да бренд қыла алмаймыз. Бізде осы тұста жаңа, осы заманның тұлғаларынан бренд жасау керек. Оған қойылатын талаптар бар: ол келбетті, ол озық, ол өзі сүйкімді болуы керек. Мысалы, Батыстың және Шығыстың да бір ерекшелігі олар көп нәрсеге жеңіл қарайды, айталық кез келген ән, би, т.б. өнер түрлерін клипке ай­нал­дырып, интернетке сала қояды. Осылайша түкке тұрғысыз нәрсенің өзі дүниежүзілік құбылысқа айналып, әлгі ән, биді орын­даушыны тіпті көзді ашып-жұмғанша бренд­ке айналдырады да шығарады. Бізге де бренд жасауда осындай әдіс-тәсілдер қажет. Мен осы орайда бренд болуға лайық деп Лондон олимпиадасында қазақ­тың көк байрағын көкке көтерген спортшыларымызды алға тартқым келеді. Олар төрткүл дүниеге қазақты танытты, ендігіде олардың атымен қандай да бір тауар жарнамалайтын болсақ, әлем халық­тары елең етуі мүмкін.


Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
жоқ
– Саудаға түсетін тауарларға атақты адам­­дардың атын жапсыру – нарық за­ма­нын­да дәстүрге айналып кеткен дүние. Ал Қазақ­станда бұл кенже дамып, енді ғана қол­ға алына бастады. Мен мұны өз басым аса құп­тамаймын. Неге? Себебі біз әлі оған сана­лы түрде дайын емеспіз, бізде оның негізі жоқ. Соның кесірінен біз арақ-шарап немесе жер­де қалатын жапсырма қағаз­дар­ға атақты тұл­ғаларымыздың атын қойып жүр­міз. Мы­салы, «Асанәлі» деген коньяк, «Бибі­гүл» деген шараптың болуы кісі құптар­лық мәселе ме? Сондай-ақ ұлы Абайдың аты­на кәмпит бер­­дік деп мақтанамыз, ал оның артында жат­­қан бір мәселе жайын біз еш ойланған жоқ­пыз. Ол не мәселе? Әлгі кәм­питті ешкім­нің қағазымен жемесі анық, ендеше ол қо­қыс­­қа шықпай, қайда қалады? Ендеше біз Абай­­ды немесе Асанәлі мен Бибігүлімізді дәріп­теп жатырмыз ба, әлде қорлап жатыр­мыз ба? 
Мүмкін, біз мұны Ресей мен Батысқа қарап жасаған шығармыз. Мен шетел­дер­де болып жүрмін. Рас, онда Напалеоннан бастап, түрлі тұлғалар ішімдікке, басқаға ат болып жүр. «Мен әйгілі қолбасшы На­по­леонның атындағы ішімдікті ішіп отыр­мын» деп масайрап, соған малданатындар бар шығар. Ресейде де ел Президенті Пу­тин­нің де атында арақ бар. Бірақ біз Ресейден іргесі бөлек, таным-түсінігі алшақ қазақ деген елміз. Бізде киелі деген дүниелер бар, біз – тұлғаларымызды, әруақ­та­рымызды кие тұтып, аяққа бастырмайтын халықпыз. Олай болса, ұлы Абайдан бастап, Мұхтар Әуезов, Әлихан, Ахмет сын­ды арыс­та­рымызды біз киім эткет­ка­ларына, кәмпит қағазы немесе қандай да бір саудаға түсетін тауар белгісіне ай­нал­дыр­мас бұрын тәптіштеп ойлап, сарапқа салып, алды-ар­тын екшеуіміз керек. Се­бе­бі орынсыздық пен оспадарсыздыққа ұрыну оп-оңай. «Бас ал десе, шаш ала­тын­дар» аз емес бүгінде, солар бір күні қызды-қыздымен брендтің жөні осы екен деп тұлғаларымыздың атын әжетхана қағазына жапсырмасына кім кепіл? Рухани түйсігі таяз жан үшін, ұлығың кім, кішігің кім бәрібір, әйтеуір ақша түсірсе болды. Ал біз сондайға қарап тұрып жол беріп қоя сал­мақ­пыз ба? Бізде арақ-шарап пен кәмпитке тұлғалардың атын беруге рұқсат берген құзырлы орындарда жұмыс істеп отыр­ған­дар мен сол тауарларды шығарып отыр­ған­дардың ойлау деңгейі ұлттық танымнан алшақ, тек ақша мен пайданы көздеген бо­лып тұр ғой. Арақ-шарап шөлмегі мен кәмпит қағазының баратын жері күл-қо­қыс екенін ойласа, солар бұған жол бермес еді. Және де бұл аруақты сыйлау де­ген­ді сезінбейтін, ұлттық менталитеттен алыс­тау адамдардың істегенін көрсетеді. Сонау Тәуелсіздік алға­лы бері біздегі ат төбеліндей ұлт жана­шырлары шалалықпен не үшін күресіп баста­ды дейсіз? Міне, ша­лалықтың соңы­нан осындай сора­қы­лық­тар туатынын сездік қой. Шалалық ылғи да наразылық тудырады. Шенеуніктер ұлттың тілін білу керек дегенде біз, міне, осындай жайттарды ойлаймыз, себебі тіл – жай сөйлеу құралы емес, ол – ұлттың жаны. Тілсіздік – жан­сыз­дық, міне, соның бір айғағы, әлі алда мұның салдарынан бізді не тосып тұрғаны бір Аллаға аян.
Керек болса, Парламент ұлттың нара­зы­лығын тудыратын брендтер жасауға тыйым салатын заң қабылдасын. Мүмкін, сонда ғана біз мәселенің бір жағына шығармыз?..
                                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Сиязбек МҰҚАШЕВ, қоғам қайраткері:
– Бренд дегеннің өзі жарнамадан келіп шығатын дүние ғой. Ал бізде ол әлі дұрыс қа­лып­таспаған. Бір жағынан, бізге бренд қалыптастыру керек, себебі заман тала­бы солай. Біз қашанғы шетел брендтерін қолданып, бар ақшамызды соларға сыпырып беріп жүре бермекпіз?! Екінші жағынан, әрине, мұның жағымсыз жақ­тары да көрініс беріп жатқаны жасырын емес. Күл-қоқысқа шығатын кәм­пит қағаздарына ұлыларымыздың атын беру дұрыс бренд қалып­тастырғанға саналмайды. Сондықтан бізге осы ретте ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек қой. Бастысы – бренд дегенді дұрыс түсініп алу шарт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста