Өзге ұлт өкілдерінің қазақ болып жазылуын ынталандыру керек пе?

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ болып жазылуын ынталандыру керек пе?

Арайлап Тәуелсіздіктің таңы атқан соң Қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсті. Руханияты мен әлеуетін аяққа тік тұрғызып, бабалар арман еткен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға нық қадам басты. Осы бір сенім аз да болса еліміздегі өзге диаспора өкілдерінің қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырғаны сөзсіз. Сол сүйіспеншілік болашағын Қазақ елімен, қазақ ұлтымен ғана байланыстырғысы келетін кейбір азаматтардың ұлтын «қазақ» деп жазуға ынталандырып отыр. Мәселен, еліміздегі ноғай, қарақалпақ, татар, ұйғыр, секілді т.б. диаспора өкілдерінің кейбірі қазақ болғысы, қазақ болып жазылғысы келеді. Осындай игі үрдіс байқала бастағандықтан, қоғамда «Өзге ұлт өкілдерінің қазақ болып жазылуын ынталандыру керек пе» деген сауал арагідік қойылып қалып жүр. Біз бүгін осы бір сауалды мамандардың талқысына салып көрген едік...


Айдос Сарым, саясаттанушы:
иә
– Ерте ме, кеш пе Қазақ­стан Қазақ елі деп аталатын болады. «Қандай мемлекет құ­­­рып жатырмыз, қандай ұлт түземіз» деген секілді бүгінгі сұрақтарға нақты жа­­уап беретін кез де келеді деп ойлаймын. Сол себепті де өзге ұлт өкілдерінің қа­зақ болып жазылуын ынта­ландыруымыз керек. Оның қажеттілігінің бір мысалы ретінде бүгінде әлемдік дең­гейде атой сал­ған спорт­шы­ларымызды ұл­­­тына, нәсіліне қарамай, «қазақ спортшысы» деп атай бас­тауын келтіруге болады. Мұның соңы жалпыға ортақ «қазақ ұлты» деген түсінікке әкелері сөзсіз. 
Бұл бізден, ең алдымен, ішкі дайын­дықтың болуын талап етеді. Қазақ деген сөз шыққанда тек қазақ этносына бұра тарт­­пай, жалпы мемлекеттік деңгейдегі атау екенін мойындауымыз, түсінуіміз қажет. Екіншіден, біз көкейде жүрген кү­мәнді сұрақтарға толығымен жауап алған кезде Қазақстанда тұратын барлық аза­матты «қазақ» деп та­нитын боламыз. Сон­да ғана «қазақ» де­ген сөзді естігенде тек этностың емес, мемле­кеттің атауы, мем­лекетке қатысы бар екенін, мемлекеттің болмысын белгілейтін, нақыш­тайтын үрдіс екені анық байқалатын бола­ды. Бүгінгі күннің өзінде ноғай, ұйғыр, өз­бек ағайындардың арасында қазақ болып жа­зылуға деген құлшыныс, ынта айқын байқалып отыр. Бірақ біздің АХАЖ, халыққа қызмет көрсету орталықтары оларды үгіт­теп, «қазақ болып жазылу ішкі тәрті­бімізді бұзады» деген секілді желеумен мүмкіндік бермей келеді. Бұл – дұрыс үрдіс емес. Өз ырқы, өз қалауымен келген аза­маттарға қой демеу қажет. Мәселен, Қытай, Өз­бек­стан, тіпті іргедегі Ресейдің өзі түрлі жол­дар­мен сол елдердегі өзге ұлт өкіл­деріне белгілі бір таңдаулар жасауына, ұсақ ұлт­тарды өзіне сіңіруге икемдеп жат­қандай. Осын­дай кезеңде біздің шенеуніктердің өз еркімен келген азаматтардың меселін қайтаруы – ақыл­ды саясат емес. Керісінше, баспасөз, түрлі саясаткерлер арқылы осы бір жаңа үр­дісті, жаңа саясатты насихаттай бер­геніміз жөн. Яғни ынталандырудың жан-жақты жол­­дарын қарастырғанымыз жөн. Ынта­лан­дыру деген сөз қазақ деп жа­зылғанға көлік сыйлайық деген ұғымды білдірмейді. Оларға қоғам тарапынан құр­метпен қара­сақ, осының өзі – ынталандыру. Қазір көп­теген өзге диаспора өкілдері балаларын қазақ балабақша­ларына беріп жатыр. Де­мек, олар «болашақта Қазақ елі­мен бірге жасаймын, Қазақ елінде қала­мын» деп,  ертеңгі күнін Қазақстанмен бай­ла­ныстырып отыр деген сөз. Мұндай аза­­маттарға бұл қадамның діни, ішкі сенім тұрғысынан, мәдени, тілдік мәселелеріне ешбір қайшы­лығы болмайтынын да түсін­діргеніміз жөн. Бұл қадам тағы да қайталап айтамын, ең алдымен мемлекетті құрметтеу деп баға­лануы тиіс. Біз сол арқылы оларды құрмет­тей аламыз. Мені осындай тың үрдістерге қо­ғам тарапы әлі де болса 1980 жылғы көзқарас тұрғысынан қарап келе жатқаны өкіндіреді. Әлі де қорқып-үрку бар. Уақыт өте келе бәрі де айқындалады. Ол үшін бізге аз да болса ерік-жігер жетіспейтіндей.


Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
жоқ
– Егер де басқа бір этнос өкілі қазақ болып жазылғысы келсе, оған қарсы емеспін. Ал ынталандырудың түкке қажеті жоқ. Бұл мәселенің бір қыры ынталандыру арқылы «мәж­бүрлеу» дегенге келіп тірелуі әбден мүмкін. Мәселен, елі­міздегі өзге диаспоралардың қазақ болып жазылуын қалап, оларды ынталандырып жат­сақ, сыйақы тағайындау қа­жет болары сөзсіз. Өйткені ын­талан­дыру деген сөздің өзі материал­дық һәм әлеуметтік көмек арқылы тарту дегенді білдіріп тұр.   Онан гөрі аза­мат­тарға ер­кін таңдау жасат­қанымыз жөн.
Мысалы, Өзбекстанда тұратын қазақтар «өзбек» деп жазылып кеткен. Олар елге келіп, төлқұжатына «ұлты – қазақ» деп жаз­ғысы келеді. Бірақ біздегі АХАЖ бөлімдері оған мүмкіндік бермей отыр. Біз, ең ал­дымен, осындай азаматтарымызға бар жағдайды жасап алуымыз қажет. Бұл – бір. Екінші жағдай – әке-шешесі де еліміздегі басқа этнос өкілі болып, өзі қазақ болғысы келетіндер бар. Екінші кезекте соларға жол ашуымыз қажет. Үшіншіден, өткен жолғы Қазақстан халқы Ассам­блеясының кезекті сессиясында белгілі боксер Геннадий Головкин: «Әкем – орыс, шешем – кәріс, мен – қазақпын» деген кезде бәріміз риза болып қол соқтық. Ол «қазақпын» деу ар­қылы «орыс емеспін» деп отырған жоқ. Ол «жүрегім – қазақ, Қазақ елінің аза­ма­ты­мын» деген сыңай танытып отыр. Осындай жайттарды тереңірек түсінгеніміз жөн. Сонымен қатар бұл мәселеде «қазақша білетін», «қазақша білмейтін» деп аза­маттарды жіктеп қарауға болмайды. Қай ұлттың өкілі болғысы келеді, ол әр аза­маттың еркінде болуы тиіс. Егер қазақ ұлтының өкілі болғысы келе­тіндер көбейіп жатса, бұдан біз ұтылмаймыз. Жоғарыда айтқан Өзбекстанда қазақтарды да, ұйғырларды да, тәжіктерді де өзбек деп жазып жіберген. Бірақ бізге мемлекеттік деңгейде мұндай саясат жүргізудің қажет­тілігі жоқ. Қайталап айтамын, тек мүмкін­шілік берілудің жолдарын ғана қарастыруы­мыз қажет. Қазір қай мемлекетті алсаңыз да, моноұлтты болып келеді. Мұндай жағдайда дамудың үш жолы бар. Бірінші жайт – ассимиляцияға ұшыратып, өз ұлты­на сіңіріп алу. Бұл бағыт мемлекеттік деңгейде саясат жүргізу арқылы шешіледі. Екінші жайт – автономия беру. Югославия секілді елдер­дің тәжіри­бесі бұл бағыттың жақсылық әкелмейтінін анық көрсетті. 1980 жыл­дардан бастап бұл мәселенің үшінші жолы шықты. Ол – таңдау еркі. Ол таңдау еркі арқылы мемлекет құраушы ұлтқа қосылу мен қосылмауды өзің шешесің. Бұл таңдау әр азаматтың ұлтын, діні мен сенімін сақтауға да мүм­кіндік береді. Бұл жоғары­дағы ассимиляция мен автономияның арасынан шыққан жол деп білемін. Жалпы, қазір әлем ұлтаралық қатынастардың осы түрін дұрыс деп қабылдайды. Біздің мемлекет те осы үшінші жолды ұстануы қажет.
                                      Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бізде дәл қазір бұл мәселе төңірегінде нақты заңдық, құқықтық негізде талап қоятындай жағдай жоқ. Мемлекетіміздегі әр азамат ұлттық ерекшелігін сақтауға, діни көзқарасын ашық білдіруге құқығы бар. Сол себепті де оларды мәжбүрлеуге я болмаса түрлі жолдар арқылы ынталандырудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Ынталандыру керек деген жағдайдың өзінде оның мақсаты айқын болуы керек. Ал мен бүгінгі күні дәл сондай айқын мақсатты да аңғарып отырғаным жоқ. Ал тарихта әртүрлі жағдайлар болған. Соған қарап асығыс, үстірт ой айтуға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста