Мұқағалитануды ғылыми айналымға түсіре алдық па?

Соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында мұқағалитану үрдісі қалыптасып келеді. Артынан мол шығармашылық мұрасын қалдырған ақиық ақын дүниеден өткеннен кейін оның өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңілу үдерісі басталды. Десек те, Тәуелсіздік алған жылдарға дейін Мұқағали мұрасына ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасала қоймады. Ақынға қатысты дүниелер бұған дейін көбіне естеліктер түрінде жазылып жүрді. Сондықтан да ондай дүниелердің өзегінде ақынның туындыларына ғылыми тұрғыда баға беріп, сараптау жағы кемшін болды. Бүгінгі әдебиеттану саласында абайтану, жамбылтану, әуезовтану, бейімбеттану сынды бағыттар өз зерттеушілерін тауып, әлдеқашан ғылыми айналымға түсіп кеткен. Осы бағыттардың ізін ала даңғыл жолға түсе бастаған мұқағалитану барысы қазіргі кезде біршама жүйелене бастағанын айту керек. Десек те, біз мұқағалитануды ғылыми айналымға түсіре алдық деп айта аламыз ба?

Қансейіт Әбдезұлы,  филология ғылымының докторы, профессор
Иә

– Бүгінде мұқағалитануда ізденістер жоқ емес. Бұған қоса, еліміздегі түрлі баспалардан жыл сайын Мұқағалидың кітаптары қайта басылып, естеліктер топтасты­рылған жинақтар шығып тұрады. Бірнеше жылдан бері «Мұқағали» журналы да үзбей шығып келеді. Бұл басылым бола­шақта жасалатын үлкен «Мұқағали» энциклопедиясын жасау­ға негіз бола алатыны сөзсіз. Сондай-ақ қан­шама газет-журнал мен интернет-сайт­тарда Мұқаға­лиға қатысты дүниелер жа­рияланып тұрады. Осының бәрі мұқа­ға­литануға тікелей әсерін тигізбей қой­майды. Өзім ұс­таздық ететін ҚазҰУ-де Мұқағали шы­ғармала­рына байланысты бірнеше кан­дидаттық жұмыстар қорғалды. Бұған қоса, еліміздің өзге де жоғары оқу орындарында осы тақырыпқа орай қорғалған бірнеше ғы­лыми жұмыс бар.
Жас ғалымдардың Мұқағали мұрасына ден­деп, қызығушылық танытуы әсіресе 2000 жылдан бері белең ала бастады. Бір айта кетерлігі, кейінгі зерттеушілер ақын шығар­ма­ларын бүгінгі заман барысымен сабақтас­ты­рып, Тәуелсіздік биігінен және ұлттық сана тұрғысынан саралауға едәуір талпыныс жасап келеді. Мұның бәрі Мұқағалиды сан қырынан тануға, оның болмыс-бітімі мен жазып қалдырған туындыларына тың көзқарас­тармен үңілуге мүмкіндік береді. Нақты мысал келтіретін болсақ, осыдан бес жыл бұрын өзімнің шәкірттерімнің бірі Бибіжан Бегманова «Мұқағали Мақатаев лирикасының ұлт­тық сипаты» деген тақырыпта кандидаттық дис­сер­тация қорғады. Қазір жас ғалым бұл жұмы­сын «60-70-жылдардағы қазақ поэзиясы жә­не Мақатаев лирикасы» деген тақырыпта доктор­лық еңбекке ұластырып, өз зерттеуін ары қарай тереңдетіп, толықтыру үстінде.
Мұқағали шығармашылығы жөнінде кезінде жылы пікір білдіріп, алғашқы мақала жазған қаламгерлер Сайлаубек Жұмабекұлы, Әбіш Кекілбаев, Төлеген Тоқбергеновтерден бүгінгі жастарға дейінгі аралықта қаншама құнды деректер мен шынайы пікірлерге толы дүниелер түзілді. Бүгінгі күні Мұқағали турасында белгілі философ ғалым Ғарифолла Есім мен талғампаз сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, талантты ақын, Бауыржан Жақып сынды қаламгерлер тұшым­ды пайымдамалар жазып жүр. Дегенмен әде­биетші ғалымдар мен қаламгерлердің ақын шығармаларына ғылыми тұрғыда жасаған тал­даулары қарапайым бұқараға толыққанды жете бермеуі мүмкін. Сол себепті де көпшілік қауым мұқағалитанудың аяқ алысынан бейхабар болуы мүмкін. Ғылым қашанда зерделі сана мен уақытты қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы, әдебиеттану да, оның ішінде мұқағалитану бағыты да болашақта өз жемісін бермей қоймас. Ғылымның игілігі адамзатқа қызмет етеді емес пе?!

Аян Нысаналин, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Жоқ

– Мұқағалидың өмірі мен шығар­ма­шы­лығы туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Осы кезге дейін ақын мұрасын ары-бері ақтарған біршама дүниелер жазылды. Алайда осының барлығын жинақта­ғанның өзінде біз Мақатаевты ғылыми тұрғыда танып-білдік деп айта алмаймыз. Мұқағалиға деген біздің жақындығымыз өлеңдерін оқып, әндерін орын­дап, естеліктер жазумен ғана шектеліп қалған сияқты. Қазақ поэзиясын жалпы алып қа­райтын бол­сақ, біз Мұқағалидың өзін жекеше бө­ліп-жарып зерттей алмаймыз. Біз оның шы­ғармашылығын байырғы жыраулар поэзиясымен, Абай дәстүрімен, Қасым сти­хия­сымен және басқа да рухани құндылық­тармен сабақтастыра отырып зерделеуіміз қажет. Ал бүгінгі әдебиеттану ғылымында, сондай-ақ қаламгер, журналистер арасында Мұқа­ғалиға қатысты қалам тербемегені кемде-кем шығар. Рас, Мұқағали – ең көп оқылатын ақын.
Ол өлеңсүйер қауымның арасында тірі кезін­де-ақ кеңінен танымал болды. Оның ша­ғын кітаптары қолдан-қолға өтіп, ел арасына тез тарады. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, атағы тіпті дүркіреді. Ақын поэзиясының биік­ке көтерілуі оның талантының шексіз екендігін­де, білімінің тереңдігінде жатыр. Ол тіршілігін­де көп кедергі мен қиындықтарға тап болды. жақсылы-жаманды адамдармен араласты. Ол өмір сүрген қоғам да бүгінгіден тым бөлек әрі бөтен еді. Міне, бүгінгі мұқағалитанушылардың алдында ақын ғұмырының әр кезеңін зерделеп, шығармаларын тақырыптары бойынша тал­дап, оның біртұтас поэзия әлемімен байла­ныс­тыра отырып саралау жауапкершілігі тұр. Білуімше, жекелеген зерттеушілер Мұқағали шығармалары жөнінде кандидаттық жұмыстар қорғап жатыр екен. Өз беттерінше ізденіп жүргендер де баршылық. Бірақ әр жерде жеке-дара жүрген зерттеушілердің басы бірікпе­гендіктен, мұқағалитану ғылыми айналымға ене алмай отыр. Егер де ақын мұрасы ғылы­ми тұрғыда тәптіштеп жинақталып, оның өмі­рі­не қатысты деректер ғылыми дәлдікпен айғақ­талып, нақтыланса, Мұқағалиға қатысты әр­түрлі сипаттағы әңгімелер көп айтылмас еді. Біз ақынның жүрегіне үңіліп қараудың ор­нына, әр нәрсенің басын бір шалып, телегей мұ­раның бетін ғана қалқып жүрміз. Біз Мұ­қағалиды «Қарасаздан шыққан ақын еді» дей бергенше, «Мұқағали – қазақтан шыққан талант» деп мақтануымыз керек. Жалпы, біз мықты ақын­дарымызды әлем тілдеріне ауда­рып, төл әдебиетіміздің пәрменін өзгеге таныта түсуіміз қажет. Өкінішке қарай, біз Мұ­қағалидың өлеңдерін ғана зерттеумен айналысып жүрміз. Оның өскен ортасы, ішкі ой-мұңы, тұрмыста көрген теперіштері мен отбасы, жақындары жайында ғылыми ізденістер жоқтың қасы.

Бейтарап пікір
Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ,
ақын, аудармашы, филология ғылымының докторы, профессор:
– Елімізде Мақатаев шығармаларына қатысты бүгінгі күнге дейін бірнеше ғылыми жұмыс қорғалды. Алайда бұл төңіректегі ізденістер толыққанды ғылыми айналымға түсіп кетті дей алмаймыз. Оның үстіне, біздегі білім саласындағы түрлі реформалар кейбір ғылыми жұмыстардың жарыққа шығуына айтарлықтай кедергі болып отырғаны рас. Мысалы, қазіргі кезде докторлық диссертация қорғаудың ереже-талаптары өзгерген. Қандай тақырыптан болсын докторлық дәреже алғыңыз келсе, сіздің еңбегіңіз шетелдің беделді бір ғылыми басылымында жариялануы міндетті болып отыр. Мұндай қатаң талаптар Мұқағали жөнінде докторлық еңбек жазып жатқандарға да біршама қиындық тудыратыны сөзсіз. Дегенмен де ғылыми атақ-дәрежеге ұмтылмай-ақ өз беттерінше ізденіп жүрген жастар да кездеседі. Ақын мұрасына байланысты көлемді монография жазып жатқан белгілі ғалымдар да бар. Осы тұрғыдан алғанда, мұқағалитану бағыты өз арнасын жаңа-жаңа тауып келеді деп айтуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста