«Мемлекеттік қызметкерлер мерекесі керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Мемлекеттік қызметкерлер мерекесі керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қазақстанда 23 маусым күні «мемлекеттік қызметкерлер мерекесі» деп бекітілуі мүмкін. Бұл бастаманы Мем­ле­кеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәй­менов көтеріп отыр. Осы жай талқыға түскелі қо­ғам «Мемлекеттік қызметкерлер мерекесі болуы қажет пе?» деген сауалға жауап іздей бас­тады. Бір тарап бұл мерекенің қажеттілігін, осы мейрам арқылы мемлекеттік орындарда қызмет істейтін азаматтарды қа­нағат­тан­ды­рып, жұмысқа деген ынта-жігерді арт­ты­руға болатынын айтады. Ал екінші тарап әр сала қызметкерлерінің кәсіби ме­ре­ке­ле­рі бар екенін, сонымен бірге елімізде онсыз да мереке, тойлардың шамадан тыс көп болып кеткенін алға тартып отыр. Біз осы екіжақты пікірді таразыға салып, безбендеп көрген едік.


Саян Ахметжанов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
иә
– Әлемдегі барлық мемлекеттердің да­му жолында мемлекеттік қызметтің қо­­сар үлес салмағы ерекше. Тәуелсіздік ал­ған 20 жылдың ішінде Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен  мем­ле­кет­­ті қалыптастыру бағытында ау­қым­ды іс­тер атқарылды. Еліміздің әлеу­мет­тік, эко­­номикалық, мәдени жағдайы үздік­сіз даму жолына түсті. Қазақ­станның осын­­­дай жетістіктерге жету жолында мем­ле­кет­тік қызметкерлердің еңбегі де ерек­­ше екенін ешкім жоққа шыға­р­май­ды. Олар өз міндеттемелерін кәсіби дең­­гейде ат­қа­­рып, еліміздің егеменді, тә­­уелсіз, де­мо­­кра­тиялық, әлеуметтік жә­­не құқықтық мем­лекетке айналуына үл­­кен үлес қос­ты. Сон­дықтан да Мем­ле­­кеттік қызмет іс­тері агенттігінің бас­шы­сы көтерген мем­ле­­кет­тік қызметкерлер кү­ні бо­луы керек деген пі­кірді қолдаймын.
2002 жылы БҰҰ резолюция қабылдап, 23 маусымды мемлекеттік қызмет күні деп бекіткен болатын. Сонымен қатар БҰҰ осы мерекені мүше мемлекеттерге қабыл­дауға ұсыныс жасаған еді. Біріншіден, Мем­лекет­тік қызмет істері агенттігі осы ұсынысты қол­дап отыр. Екіншіден, мемлекеттік қыз­метшілер арасында патриотизм мен отан­шылдық идеясын насихаттау жұмысын қолға алуымыз керек. Сол себепті де агенттік осы атаулы күнді атап өтуді көз­дейтін Президент жарлығының жобасын дайындады. Осы қадам арқылы Қазақ­станның барлық аумағындағы әр­түр­лі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер мә­се­лесі мен жетістігіне қоғам назарын ауда­руға мүм­кіндік туады. Мемлекеттік қыз­метшілерді ынталандыру шаралары бар­лық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тиім­ді­лігін арттырады деп сенемін. Мұны осы саладағы қыз­метшінің еңбегін баға­лау­дың монетарлық емес бір белгісі деп тү­сін­ген жөн. Олар­дың көп­те­ген жыл бойы сіңір­ген еңбегін назардан тыс қал­дыр­май, үздік мемлекеттік қыз­меткер төс­белгісін тағып, марапаттау да елге талмай еңбек етіп жат­қан азаматта­ры­мыз­дың шығар­ма­шы­лы­ғына шабыт береді. Жалпы, қазір әр сала қыз­мет­керінің өз кәсіби ме­рекесі бар. Әр қызметші өз кә­сі­бін мақ­тан тұтып, қоғам назарына бөле­ніп, өз еңбегі үшін лайықты марапатталып жатса, қай са­ла­ның болсын жұмы­сы өр­ге басар еді. Мем­лекет­тік қыз­мет күні де сол үдеден шы­ғуды көздейді. Сонымен қатар бұл кәсіби мереке күнтіз­беде жұмыс күні болып саналатынын ескеруіміз керек. Мұндай бастамалар қоғам­ның назарын мемлекеттік қыз­мет­керлерге аударып, халық пен билік ара­сындағы бай­ланыс­ты нығайта түседі және қоғам­ның бағасын межелеуімізге де септеседі деп білемін.


Оразәлі Сәбден, экономист ғалым:
жоқ
– Меніңше, мемлекеттік қызмет­кер­лер күнінің қажеті жоқ. Алдымен «Мем­ле­кеттік қызметте кімдер отыр?» деген сауалға жауап тауып алайық. Мемлекеттік қыз­­метте отырған екінің бірі – экономист. Олар­дың ішінде ғалымдықты, заңгерлікті, педагогтікті, дәрігерлікті, құрылыс­шы­лық­ты, инженерлікті т.б салаларды игерген ма­мандар бар. Тойлауға сол әр саланың өз мей­рамдары жетеді деп ойлаймын. Ме­ніңше, бұл бастаманы Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігі төрағасының көтергені де дұ­рыс емес. Егер қажеттілігі сезілсе, мұндай бас­тамаға шенеунік емес, Парламент бел­сене кірісер еді. Бұл түбегейлі керекті мере­ке болса, Парламент заң қабылдасын. Енді Бәйменов көтерген «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісіне келейік. Бұл төс­бел­гі не үшін қажет? 
Одан да азаматтарымызды өз саласы бойынша үздік заңгер, үздік экономист деген сынды марапаттарға ұсынған жөн. Мемлекеттік қызметте отырған шенеу­ніктер өз саласының үздігі болуы керек. Сонымен қатар елімізде Ден­сау­лық сақтау ісінің үздігі, Білім беру ісінің үздігі деген сынды төс­бел­гілер бар. Осы төсбелгілер де мемле­кет­тік қызметкерлерге бері­ліп жат­қан жоқ па?! Егер де мемлекеттік қыз­меткер­лер соншалық марапат күтетін нә­тиже көр­сетіп, елдің гүлденуіне ерен еңбек етіп жатса, ҚР еңбек сіңірген қай­раткері ата­ғына ұсыныл­сын. Бізде мұн­дай мә­се­ле­нің көте­рілуінің себебі, қазақ атқа мінгенді, бастық болған­ды, мара­пат­та­ғанды жақ­сы көреді. Одан да марапаттау мәселесін де нарыққа бейімдейік. Егер бір қызметкер жоғары дең­гей­дегі көр­сеткішке ие болып, мақ­тағымыз келсе, екі айлық көрсеткіш есебінде сый­ақы таға­йындайық. Мемлекеттік қызмет­кер­дің бала-шағасына мереке мен төсбе­лгі емес, қаражат қажет. Агенттік осы мейрам арқылы мем­лекеттік қызмет­керлерге деген көз­қарасты түзеуді мақсат етіп отырған шығар. Себебі халық­тың алдында мемлекеттік қызметкер­лердің абыройы төмен­деп кетті. Мемлекеттік қызмет­тің тізгінін ұстағандар халық­тың табан ақы, маң­дай терімен табылған миллиардтаған ақ­шаны жымқырып, шетелге қашып кетіп жатыр. Әрине, мемлекеттік орындарда отыр­ған­дардың бәрін жемқор, парақор дей алмаймын. Десе де, осындай қоғам­дық пікір қалыптасып қал­ған кезде оларды тізгін­деудің орнына тойлатып қойғанымыз жөн болмас.

Бейтарап пікір
Дос Көшім,
«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер:
– Мемлекеттік қызметкерлер күнін БҰҰ белгілесе, сол күні бірін-бірі құттықтап, сый тапсыруға, сияпат көрсетуге болады. Мемлекеттік мейрам ретінде белгілеп, заңдастырудың еш қажеті жоқ. БҰҰ дәл осы күнді белгілеудің астарында не барын зерттеп көргені жөн. Содан кейін ғана ұйымның толық мүшесі болғандықтан, мереке ретінде қабылдауға болады. Меніңше, үздік мемлекеттік қызметкер деген белгінің керектігі шамалы секілді. Бізде аты бар, заты жоқ абстрактілі ордендер өте көп. Өкінішке орай, бірде-біреуі Қазақ мемлекеті, Қазақстан екенін айқындап тұратын ұлттық бағытта емес. Қай мерекені тойласақ та, бұл сала қазақтың ұлттық экономикасының негізі екенін еске алып, мейрамды ұлттық сипатқа бейімдеп өткеруіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста