Инновацияға толыққанды бейімделу үшін арнайы өнертапқыштар қоғамын құру керек пе?

Инновацияға толыққанды бейімделу үшін арнайы өнертапқыштар қоғамын құру керек пе?

Қазақстанның ғылыми әлеуеті мықты. Кеңес одағы ыдыраса-дағы, әлі де шетелдіктердің өнертабыс, тың идея үшін мем­ле­ке­ті­м­ізді жағалап жүргендігі оған айғақ. Алайда «қолда бар ал­тынның қадірі жоқ» демекші, біз барымызды ұқсатуға кел­генде енжарлық танытамыз. Бұл құбылысты біртіндеп жою үшін еліміз Үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасын қабылдады. Оның аясында түрлі жа­ңа жобалар дүниеге келіп жатыр. Бірақ 10-15 жыл бо­йында елімізде қордаланған 13 мыңға жуық өнер­табыстың легі азайған жоқ, керісінше, қатары мо­лая түспесе. Өнертабысты өндіріске енгізу жағы оңай шаруа болмай тұр. Осы жағынан алғанда, ин­новацияға толыққанды бейімделу үшін, «идея­ны тууынан бастап өндіріске енгізуіне де­йін атсалысуы тиіс арнайы өнертапқыштар қоғамын құру керек пе?» деген сауал туын­дай­ды. Мамандар бұған не дер екен?..


Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, академик:
иә
– Егер елімізде өнертапқыштар қо­ғамы құрылады десе, мен екі қо­лымды кө­теріп, оны құптар едім. Өйт­кені еліміз ин­новациялық жол­мен дамуға барынша басымдық бер­генімен, оны жүзеге асы­ру үшін құ­рылған тетіктер мен құрал­дар­дың басым бөлігі күткен нәтижені бе­ре ал­май жатыр. Мәселен, ауыл ша­р­уа­шы­лығы бойынша ел ара­сын­дағы тың жа­ңа­лықты тауып, оны сараптап, елімізге ти­гізер пай­да­сын анықтап, осылайша оған өн­д­і­ріске қарай жол ашып беруі ке­рек. «ҚазАгроИнновация» АҚ осы мақ­са­тын орындай алмады. Ол бас­қа­ру­­шы­лық және басқа мәселелермен ай­­­на­лысып кеткен секілді. Тіпті соң­ғы кез­де бұл құрылымның жа­бы­луы туралы сөз де болып жүр. 
Міне, осындай сал­дар­дан бізде қандай да бір жаңалықты өн­діріске енгізу өте күр­делі, көп жағ­дай­да ол мүмкін де болмай жа­тады. Айналып келгенде, қолданысқа ен­гізу үшін жылдар бойы тер төккен отан­дық өнертапқыштың идеясы ескіріп қа­лады немесе басқа ел пайдаланып ке­теді. Әрине, өнертабыстың барлығының дең­гейі бірдей мықты бола бермейді. Бі­рақ оның ішінде жаңашылдық идея бары рас. Осы жағынан алғанда, негізінен, ға­лым­дардан тұратын өнертапқыштар қо­ғамын құратын болсақ, онда, бір жағынан, қолда бар идеяны ары қарай дамытуға мүмкіндік алар едік. Осы салада болып жатқан іс-қимылдарға қатысты пікірін білдіретін өнертапқыштардың өз мінбері болатын еді.
Жалпы, өнертабысты одан әрі дамыту, жетілдіру сайып келгенде қаржыға кеп тірелетіндігі белгілі. Осы жағынан алғанда, әлгі қоғам билікке идеяны қалай ком­мер­ция­ландыруға болатынын, оның тетіктері қандай жағдайда тиімділік танытатынын айтып бере алатындай мәселе ше­шім­де­рімен айналысса дейміз. Сол секілді олар ғылыми тұрғыда көзбен көріп, қолмен ұс­тайтындай етіп, отандық өнертабыс жар­намасын жасай алса тіптен жақсы болар еді. Өйткені естіген басқа, көрген мүлде бас­қа ғой. Бұл – орнынан оңайшылықпен қозғала қоймайтын шенді-шек­пен­ді­ле­рі­міз­дің, кәсіпкер ағайындарымыздың са­насына әсер етудің бірден-бір жолы. Соң­ғы кездері Елбасымыздың тікелей тап­­сырмасымен шағын және орта биз­нес­тің ісін жеңілдету шаралары жүргізіліп жа­тыр. Инновация пайдаланатын ны­сан­дарға да көп жеңілдік қарастырылған: са­­лықтан бастап, несие пайызы мөл­шер­лемесіне қатысты. Мұны кәсіпкер қауым он­ша білмейді, білген жағдайда өндірісіне ин­новацияны енгізуге сауаты жетпейді. Сол кезде бұл қоғам оларға көмекке келуі тиіс деп ойлаймын.


Николай БҮКТІКОВ, техника ғылымының докторы, профессор, академик:
жоқ
– Елімізде өнертабыстарды дү­ние­­ге әкелуден бастап оны өн­ді­ріс­ке енгізуге дейінгі аралықтағы ға­­лым­­дардың мүддесі белгілі бір дең­­­гейде тапталып жатқаны рас. Бас­қасын айтпай-ақ қоялық, бұл рет­­­те соңғы қа­былданған «Ғылым ту­­­ралы» Заң­ның өзі үлкен мысал бо­­ла алады. Мә­селен, мен аталған заң қа­был­дан­ғанға дейін ондағы жа­­ңа­шыл­дықтардан хабарсыз бол­дым. Ал ол ал­дымызға келгенде шал­­қа­мыздан түстік. Өйткені бұл заң бұ­рын­ғысынан да жаман болып шық­­ты. Он­да ғылым мен білім мә­се­­­лесі ше­шімін тіптен күр­­де­лен­ді­ріп, мүлде қиындатып жі­берген. Ке­­­ңес за­манында ғалымдар не­­ні зерт­­­теу ке­рек екенін, оны қа­лай зерт­­­теу қа­жет­тігін өздері шешті, сон­­­­дықтан ғы­лым қарыштап дамы­ды.
Қазіргі кезде мұны шенеуніктердің мой­ны­на жүктеп қойған. Ал шенеуніктер ара­­сын­да ғылыммен айналысатындары бі­рен-са­ран, ал қалғанының мұрнына ғы­лым­ның иі­сі де бармайды. Бізде осы ба­ғыт­та құ­рыл­ған мемлекеттік тетіктердің белгілі бір дең­гей­де тиімділік танытпауы осы­дан. Сон­дық­тан бұл рет­те бетбұрыс жа­са­йық деп талай жыл ай­тып келеміз. Заңда бұл мә­селе рет­те­летін шы­ғар дегенбіз. Ке­рі­сін­ше, аталған са­лада бө­лі­нетін қаржы ға­лым­ға немесе ғы­лыми инс­­титутқа же­те­мін дегенше түрлі дел­дал ЖШС-лар пайда бол­ған. Өнер­та­быс­қа грант бө­лу үшін идея­ны ағыл­шын ті­лінде жариялап, ше­тел­дік­тер­ден мі­нез­де­ме алу дегенді до­ға­ра­лық де­дік. Өйткені әлем­де өндірістік тың­шылық бар. Біз өз өнер­­табысымызға шетел­дік­­тер­ден мі­нез­де­ме аламыз деп жүргенде олар оны орта жол­дан тегін иемденіп кетеді деп дабыл қақ­тық. Ол да көзге ілін­беген. Ай­та берсе, өнер­табыс бойынша қор­­да­­ла­нып қалған мә­селе көп. Ал арнайы қо­ғам құр­­­­дық делік. Өнер­­­табыскерлер қоғамы аталған мәселе ше­­­­шіміне атсалыса ала ма? Әлде оның еш­қан­дай құ­зы­ре­­ті болмаса ше?.. Осы жа­ғы­нан алғанда, аты бар, заты жоқ арнайы қо­ғам құруға мен қа­р­­сы болар едім. Ал егер ол өнер­та­быс­кер­дің құқығын, мүд­де­сін жо­ғары мінберлерде қор­ғауға қау­қар­лы бол­­са, ондай құрылымды қол­дауға бо­ла­ды. Бірақ біз­дің құратын қо­ға­мы­мыз ондай мәр­тебеге бір­ден лайық бола қоя­тынына сенімім аз.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Руслан ЖАНҒАЗЫ, саясаттанушы:
– Мемлекетіміз экономикалық дамудың индустриялық-инновациялық жолын таңдап алып отыр. Бірақ, соған қарамастан, бұл бағытта қордаланып қалған мәселе лек-легімен. Әрине, олардың шешімін таппауы дұрыс емес. Сол секілді қоғамдағы инновация бойынша ғалымдардың, өнертапқыштардың, инженер-техниктердің қатқан үні елеусіз қалып жатыр. Қаншама ғылыми зерттеулер мемлекеттің қолдауын күтіп отыр. Демек, қоғамның өзі қозғаушы күші болып табылатын инновациялық бастамаларды саяси тұрғыда қолдау үшін «Самғау» ғылыми-технологиялық партиясын құру керек деп есептейтін. Бұл өте сауатты, қазақтың нақты ғылымының қаймағынан тұратын, ел дамуына шындап үлес қоса білетін, нағыз мемлекет жанашырларының партиясы болар еді. Міне, қоғамның осындай өкілдері Мәжіліс орынтағында болуға әбден лайықты. Сонда жоғары технологиялық бағытта дамуға бет алған еліміздің мақсаты нәтижелі түрде жүзеге асар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста