Гендік модификацияланған өнімдерден мүлдем бас тарту керек пе?

Гендік модификацияланған өнімдерден мүлдем бас тарту керек пе?

Дәл қазіргі таңда әлем ғалымдарының гендік модификацияланған өнімдер туралы пікірі екіге жарылып отыр. Мәселен, жақында тек қана гендік модификацияланған жүгерімен тамақтандырып, екі жыл бойы тышқандарға тәжірбие жасаған француз ғалымдары аз уақыт ішінде тышқандардың өлімі көбейіп, олардың барлығының ісік ауруына шалдыққанының куәсі болған. Сондықтан олар барлық елді гендік модификация­ланған өнімдерден бас тартуға шақырып отыр. Әйтсе де мұны кейбір орыс ғалымдары асырасілтеушілікке балап, қанша уақыт бойы аталмыш өнімдерді тұтынып келе жатқан америкалықтарға ешқандай қауіп төніп отырмағанын дәйек етіп, бұл әдісті ғылым саласының жетістігіне балайтындарын айтып, қарсы пікір білдіруде. Сондықтан біз де гендік модификация­ланған өнімдерге қатысты мамандары­мыздың пікірін ой-көкпардың таразысына тартып көрген едік.


Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, саясаткер, медицина ғылымының докторы, профессор:
иә
– Иә, біз тез арада гендік моди­фи­кацияланған өнімдерден мүл­дем бас тартуымыз керек. Өйткені атал­мыш өнімдердің халық ден­сау­лығына зияны өте үлкен. Негізі, бұл өнімдердің артында кейбір мем­лекеттердің  стратегиясы тұр. Олар жер бетіндегі кейбір елдердің са­нын азайту үшін түрлі әрекеттер жа­сайды. Осы мақсатта наркоти­ка­лық заттар, аурулар таратып, адамдарды гомосексуализмге, араққа, темекіге тартып, халықтың тұқымын тұздай құрту үшін жаман әдеттерге үндейді. Сонда халық мемлекетінің жайы түгіл, өзінің не істеп жүргенін де ұқпайтын дәре­жеге жетеді.
Әлемге үстемдік жүргізуді қалайтын елдердің де қалағаны – осы. Осы әдістің тағы бір жолы – гендік модификацияланған өнім­­дерімен қамтамасыз ету арқылы өз­дерінің нысанаға алған кейбір елдерінің ден­­саулығын құрту. Яғни гендік модифи­ка­цияланған өнімдермен, газды, энергети­ка­­лық сусындармен халықты қорек­тен­діру­ге итермелеу. Гендік моди­­фи­ка­­­ция­­лан­ған алманы адам түгіл құрт та жемейді. Ал біз еріксіз оны адамдарға тықпалап отырмыз. Мұндай өнімдер адамның ағзасын ге­не­тикалық өзгеріске ұшыратып, түрлі аурулар туды­рады. Мамандардың айтуынша ел­і­міз­де гендік модификацияланған өнімдер өнді­ріле бастағаннан бері түрлі ауру-сы­р­қаулар көбейе бастаған. Мұндай құбылыс басқа елдерде де көрініс тапқан. Мәселен, АҚШ-та гендік модификацияланған өнім­дердің «арқасында» созылмалы сырқатқа шалдыққандар небәрі  тоғыз жылда 7 пайыздан 15 пайызға дейін өскен. Соны­мен қатар, аутизм, репродуктивті ауытқу­лар мен  азық-түлік өнімдерінен болатын аллергиялар да күрт өскен. Гендік  моди­фи­кацияланған өнімнің «жемісі» бір күн­нің ішінде білінбейді. Адамзаттың бойында түрлі аурулар арқылы көрініп, ұзақ жылдар бойы сақтала келе ұлтымыздың генін өз­геріске ұшыратады. Және табиғи өнім­дер­ге қарағанда, бұлардың бағасы ар­занырақ болғандықтан халық жаппай са­тып алады. Осылайша ол тез тарал­а­ды. Сондықтан біз тез арада оған тыйым салу керекпіз.
Осы орайда халқымызды зиян­ды гендік модификацияланған өнімдерден сақтандыратын заң қажет дер едім. Өйткені бізде шетелдерден жеткізіліп жатқан азық- түлікті толыққанды қада­ға­лап, зерттеп отырған орта­лық жоқ. Сауда орында­рындағы зертханалар тек өнім құрамындағы нитрат­т­ың мөлшерін ғана анық­тайды. Ал бүгінде елімізде жыл он екі ай бойы сатылатын көкөністер мен жемістердің 90 пайызы – Қытай өнімдері. Олар өнім жолда жақсы сақталып жеткізіліп, ұзақ уақыт пішінін жоймауы үшін түрлі химиялық зат қосады. Олар үшін ең бастысы – пайда. Ал әлгі өнімді жеген адамның денсаулығын ойламайды. Ғалымдар адамның не жесе, соған тартатынын дәлелдеген. Сондықтан түрлі химиялық заттар қосылып, еріксіз гигант өнімге айналған, ірімейтін, шірімей­тін, генетикалық өзгеріске ұшыраған азық-түлікті жеген адамның да көп ұзамай гені өзгеріске ұшырап, адам кейпіндегі құбы­жыққа айналары сөзсіз. Атап айта кетер жайт, көптеген елдер модификацияланған өнімдерді өндіргенмен өздері тұтынбайды. Егер ол өнімдер пайдалы болса, өздері неге ішіп-жемейді? Осыдан-ақ гендік модификацияланған өнімдердің талапқа сай еместігін байқауға болады.
 Әрине, Қытай секілді халқы көп, жері аз елдердің кең алқапқа егін салып отыруға жағдайлары жоқ шығар. Сол себепті де химиялық тыңайтқыштарды шектен тыс пай­даланып, жылдам өсіп шығатын және ұзақ сақталатын жеміс өсіруге тырысады. Ал кең-байтақ жері, телегей-теңіз суы да бар, ауа райы да мал өсіріп, егін егуге қолайлы жерде тұратындар үшін жасанды тағамның не қажеті бар?! Бізде дәл қазір бүкіл әлемді гендік модификацияланған өнімнен бас тартуға шақырып, өзіміздің табиғи өнімімізді ұсыну арқылы табысқа кенелуімізге де мүмкіндік бар. Біз осыны түсінуіміз керек.


Мұса АЙТЖАНОВ,  Қазақ тағамтану академиясының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, менің ойымша, гендік мо­дификацияланған өнімдерге шо­ши қараудың қажеті жоқ. Бұ­рын гендік мадификацияланған өнім­дерді 4 пайызға дейін пай­далану қауіпсіз болса, қазір 0,9 пайыз мөлшер белгіленген. Яғни, жалпы, күнделікті ішіп-жей­тін тамағымызды 100 пайыз деп ала­тын болсақ, соның ішінде ген­дік модификацияланған өнімдер­дің үлесі 0,9 пайыздан аспауын қа­­дағаласақ, ондай өнімдер қа­уіп­сіз деп есептелінеді. Шыны ке­рек, бүгінгі күні аталмыш өнімдер елі­м­ізде көп тарала да қойған жоқ. Сондықтан оларға біржақты баға беріп, мүлдем бас тарту керек деу асығыстық болар еді.
Бүгінде статистикаға сенсек, жер бетінде күн сайын 20 мың адам аш­тық­­тан қырылып жа­тыр екен. Осы тұр­­ғы­дан ойлағанда гендік инже­нерия арқылы өнім өндіру – уақыт мәжбүрлігі. Рас, ондай өнімдердің зияндылығын әр елдің ғалым­дары жарыса айтуда. Дегенмен тұтыну тағамдарының ішінде 0,9 па­йыздық мөлшерден асыр­­масақ қауіп жоқ екені анық. Демек, түбегейлі бас тартудың қажеті жоқ. Бар болғаны белгіленген мөл­шерден асып кетпеуін мем­лекеттік тұрғыдан қадағалап отырсақ бол­ғаны.
Гендік модифика­циялан­ған өнімдер адам өміріне қауіп төндіру үшін жасал­маған. Ол био­технологиялық жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өнім түрін жасап шығару үшін ойлап табылған. Осыны түсінуіміз керек. Жақсы жаңалыққа әрқа­шан тосырқай қарайтын әдетіміз ғой. Сол секілді гендік модификацияланған өнімдерге де күдіктене қарау түсінікті. Дегенмен бұл технология тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш өнімдерге қатысты айтылып жүрген әңгімелер әлі толық тексеріліп, ғылыми мойындалмаған нәрсе. Сон­дықтан бүгін біржақты пікір айта салуға болмайды.
Жалпы, бір уыс уды үлкен теңізге ша­шып жіберсе, зардабы білінбей қалады емес пе. Сол секілді гендік модификация­ланған өнімдерге де бүгінгі күні осындай көзқарас болып тұр. Ол үшін гендік мо­ди­фикацияланған өнімдерден мүлдем бас тартайық деу асығыстық. Сондықтан арасында қолданып тұрудан айтарлықтай зардап бар деп ойламаймын.

Бейтарап пікір
Марат СӘРСЕНБАЕВ,
«Қазақстан халал өндірісі» қауымдастығының президенті:
– Рас, бүгінгі күні гендік модификацияланған өнім туралы таласты пікір көп. Әлем ғалымдарының жүргізіп жатқан тәжірибесіне сенсек, нәтиже жаға ұстатарлықтай. Бірақ біз өзіміз іргелі зерттеулер жасап, бір шешімге келе қойған жоқпыз. Сондықтан әлі де болса шешім қабылдамас бұрын өзіміз гендік модификацияланған өнімдерге ғылыми зерттеулер жасап, сынап көруіміз керек деп ойлаймын. Қазір аяқ астынан гендік модификацияланған өнімдерден мүлдем бас тартсақ, артықшылығын сезінбей қалуымыз мүмкін. Ал бас қойып, ешкімді тыңдамай жей берсек, қауіпке де ұрынуымыз әбден мүмкін. Жалпы, азық-түлік қауіпсіздігіне келгенде бейқам болмауымыз керек. Сондықтан халқымыздың денсаулығына қатысты мәселеде өзіміз тексеру жүргізіп, шешім қабылдағанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста