Демографиялық ахуалды жақсарту үшін бойдақ салығын қайтадан енгізу керек пе?

Адам – ең алдымен, биологиялық жаратылыс иесі. Сондықтан оның ең бірінші миссиясы – қандай да бір қызметтік жетістікке жету, дүние жиып, атақты болу емес, өмірге дені сау ұрпақ әкелу. Мемлекеттің негізгі тірегі отбасы дер болсақ, сол отбасын құру біздің елімізде жыл санап кешеуілдеп бара жатқаны жасырын емес. Сүр бойдақтар мен кәрі қыздар көбейген қоғамда демографиялық ахуалдың қандай болатыны айтпай-ақ түсінікті. Кеңестік кезеңде белгілі жасқа келіп, отбасын құрмағандарға бойдақ салығын салса керек. Бәлкім, бүгінде біз соны жаңғыртсақ, қандай да бір нәтижесі болар ма еді?


Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:
иә
– Бойдақ салығын салу – Кеңес өкі­меті кезінде болған тәжірибе. Негізі, ол жастар уақытында үйленіп, отбасын құру арқылы қоғамға, мем­ле­кетке өз үлесін қосса деген ойдан туған іс. Ол жалақы мөлшерін ойсы­ра­тып тас­тай­тын мөлшерде болған жоқ, бірақ әр жалақы алған сайын адамға «сен әлі бой­дақсың, саған отбасын құрып, бала­лы болу керек» дегенді есіне са­лып, сәл де болса ой­ла­нуына септігі тиетін. Сондықтан қол­дауға да, қолға алуға да әбден болады-ақ. Неге десеңіз, қазір жас­тар отбасын құруға асық­пай жүріп алып, содан соң ба­ла­лы бола алмай қа­латын жағдайлар жиі ұшырасуда. Бүгінде әлемде «әлеу­мет­тік бедеулік» деген термин қалыптасты. 
Ол не деген сөз? Бұл – кеш үйленудің сал­дарынан өмірге бала әкелу мүм­кін­ді­гінің төмендеуі. Әсіресе 30-дан асып от­басын құрған әйелдер мен ерлер арасында да бедеулік өте жиі ұшырасады. Өйткені оған дейін әйелдер аборт жасатып үлгеруі мүмкін болса, ерлер түрлі жыныстық ин­фек­цияларды жұқтыруы мүмкін. Тіпті ем­дел­ген күннің өзінде сол үшін қабылдаған дәрі-дәрмегі гормондарға әсер етіп, ол да өз кезегінде баланың пайда болуына кері әсерін тигізеді. Негізі, қыз баланың дені сау баланы дүниеге әкелуге ең қолайлы шағы – 18 бен 25 жас аралығы. Ары кеткенде 30 жасқа дейін қыз бала тұрмыс құрса, онда жағдай оншалықты бүлінбейді. Ал қазіргі кезде жаһандану деген құбылыстың салдарынан ел жаппай ақшаның артынан қуамын деп өзінің денсаулығын, тағы да басқа құндылықтарды ұмытып барады. Ресей ғалымдары бүгінде «әскер әйел­дер­дің ауруы» деген проблеманы қозғап жүр. Отбасын құрмай, қызмет деп жүрген әйел­дер, шынында, бір ел мен екінші ел ара­сын­да ұшып жүреді, басқасын айтпағанда, оның денсаулығы әр елдің уақыт ендігіне бейімделу барысында біршама өзге­ріс­тер­ге ұшырайды. Ол да әйелдің ағзасына, әсі­ресе өмірге бала әкелу функциясына кері әсер етеді. Жалпы, адам неғұрлым дүние тауып, жағдайымды дұрыстаймын деген сайын, соғұрлым адами бақытынан алыс­тай береді. Негізі, өмірдің жазыл­маған за­ңы солай, бір нәрсеге қол жеткізсе, екін­ші бір нәрсені жоғал­тады. Әсіресе өмірге ұрпақ әкелу деген мәселе дүниежүзі елдері үшін, соның ішінде біздің қазақ­қа да жыл санап проблемаға айна­лып барады. Балиғат жасына толған қыз-жігіттер от­ба­сын құруды кейінге ысырып, алды­мен жағ­дайым­ды дұ­рыс­тап алайын деген мақсатты қоятын болды. Бұрын орта шамамен қыздар – 21-23 жас­та, жігіттер 23-25 жас­та отба­сын құратын болса, қазір ол кемі үш жасқа өсіп, қыздар – 25-27, жігіттер 28-30 ға дейін жүреді.
Негізі, қазақ «он үште отау иесі» деп бекер айт­па­ған ғой, дәл сол жаста қыз­дар бойжетіп, ұлдар ер­же­тудің ең алғашқы кезеңімен қа­уы­шады. Өмірге ұрпақ әкелу мүм­кін­дігі ең жоғары кез. Ал біз осы заманда жа­ратылыс заңына қарсы жұмыс істеп жатырмыз. Адам – ең бірінші, биологиялық тірі жан. Содан кейін барып ол саналы түрде жан бағуға кірісуі керек. Ал қазір, керісінше, жастар керемет машина мінгісі келеді, жақсы үйде тұрғысы келеді, шетел­дер­ге шыққысы келеді, соның бәріне жету үшін көп ақша табуға уақытын құрбандыққа ша­лады. Артынан 38-40-қа келгенде ба­рып ұрпақты ойлап, бізге келеді, яғни «Эко­медке», жалпы дәрі­герлерге. Ал ол кезде ақшаға ұрпақ сатып ала алмайсың. Осыны жақсы түсіну керек. Адам өзінің өтіп кеткен уақытын, био­логиялық сағатын дүние­нің ешбір байлы­ғына сатып ала ал­майды, кері қайтара алмайды. Өкінішке қарай, біз оны түсін­бейміз де, «дәрігер өйтпеді, бүйте алмады» деп барлық кінәні сол дәрігерлерден көре саламыз.
Қорыта келгенде, адамдардың өз ер­кіне салса, қандай да бір мақсатқа жету қиын­дау. Әсіресе біздің қоғамда... Сол се­беп­ті мемлекеттің осы отбасы, демо­гра­фия­ны қолға алғаны да дұрыс секілді. Бой­дақ салығын салу, мүмкін, жастарға мем­лекеттің олардың отбасын құруына мүд­делі екендігін білдіріп, жауапкершілік артар. Сондықтан қолдауға тұрарлық мә­се­ле дер едім.


Айдос СӘДУАҚАСОВ, саясаттанушы:
жоқ
– Сүр бойдақтық, отбасын кеш құру қазіргі қазақ қоғамының жан жарасына айналып барады. Жан жа­ра­мыз емей не, қаншама қан­да­с­та­ры­мыз жастық өмірін жар қы­зы­­ғын­сыз, бала былдырынсыз өт­кізуде. Соның салдарынан де­мо­гра­фиялық ахуалымыз шатқаяқтап тұр. Бұл – жай айта салатын әңгіме емес, мем­ле­кеттік, тіпті үлкен гео­сая­си астары бар мәселе. Себебі соңғы кездері көршілес Қытай мен Ресейді былай қойғанда, алыс шетелден келген жат жұрттықтар біздің қара­көз­дерімізге үйленіп жатыр. Айта берсең, қазақ жігіттерінің отағасы, ал қазақ қыз­да­ры­ның отанасы ата­нуға асықпауының мем­лекет үшін көптеген кері жақтары бар.
Дегенмен бұл мәселені бойдақтық салығын салу арқылы шеше саламыз деу – миға қонымсыз дүние. Меніңше, бұл – Кеңес үкіметі қолға алған әкім­шіл-әміршіл, тоталитарлық режимді қайта жаңғырту. Бойдақтық салығы қайта «жығылған үстіне жұдырық» болып, онсыз да жұмыссыз жүр­ген немесе айлығы шайлығына жетпей жүрген аза­мат­та­ры­мыз­ды одан әрі шаршатып жіберуі мүмкін.
Жалғыздық Аллаға ғана жа­расқан. Мұны әрбір са­на­лы адам жақсы түсінсе керек. Бірақ бір жігітке өзі­нің сүйгені кездеспей, ал екінші біреудің мате­риал­дық жағдайы келіспей, ал үшінші біреудің өткен өмірдегі қателігін қайталап қалам ба деген қор­қы­нышы маза бермей жүрген болуы мүм­кін. Сондықтан бұл мәселенің ең алдымен тұлғалық психологиялық фактордан туын­дайтынын естен шығармағанымыз абзал. Бойдақтық салығын саламыз деп, бетін аулақ қылсын, онсыз да жолы болмай жүрген жастарымыздың жанын жаралап, суицидті көбейтіп алып жүрмейік. Себебі қазіргі кезде өз өміріне қол салу фак­ті­ле­рінің көбейіп тұрғаны жасырын емес. Сондықтан мұндай жеке адамның ішкі өміріне қатысты мәселеге мемлекеттің қол сұқпағаны дұрыс. Одан да мемлекет бойдақтарды ынталандырудың заңна­ма­лық тетіктерін қарастыруы керек секілді. Мәселен, үйленген жастарға жас мө­л­ше­рі­не қарамастан, жеңілдетілген бағадағы тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік салығын төмендету секілді шараларды қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда бойдақтар үйленуге асы­ғар еді. Өйткені үйлену арқылы басындағы әлеуметтік мәселелері азаяр еді.
Немесе неге Түрікменстанның тәжі­ри­бесін қолданбасқа? Онда шетелдік азамат түрікмен қызына үйленгісі келсе, әуелі мемлекетке 250 мың АҚШ долларын төлейді екен. Бұған, әрине, кез келген шетелдіктің шамасы келе бермейді. Сон­дық­тан дәл осы саясат бізге де керек секілді.

Бейтарап пікір
Гүлназ МОЛДАБЕРГЕНОВА,
журналист:
– Бір жағынан, қызды болсын, жігітті болсын, дер кезінде отбасын құрмаса, мәжбүрлеу керек те шығар. Себебі ол өзінің мемлекеттің бір мүшесі екенін сезініп, сол жолда халық санын арттыруға тиіс екенін ұғынғаны жөн. Бірақ, екінші бір жағынан, өзінің шынайы жарын таппай, «отбасын құру керек» деген оймен ғана шаңырақ көтеріп, ертеңгі күні өзара ортақ тіл табыса алмай, ол шаңырақ шайқалып жатса да абырой емес. Ол кезде ұрпаққа зияны тиері сөзсіз. Сондықтан абзалы, әр қазақ «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дегенді саналы түрде түсінсе игі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста