Букмекерлік кеңселердің қызметін құмар ойындар санатына жатқызу керек пе?

Букмекерлік кеңселердің қызметін құмар ойындар санатына жатқызу керек пе?

Соңғы кездері елімізде букмекерлік кеңселер күрт көбейіп кетті. Бәс тігіп, бәсекелестік көркін қыздыратын кеңсеге келушілердің де саны артқан. Сондықтан жақында Мәжіліс депутаттары нақ осы букмекерлік кеңселердің көбейгеніне алаңдап, олардың қызметін шектеуге бағытталған ұсынысты көтерді. Осыған орай мұндай орталықтар турасындағы қоғамдық пікір де екіге жарылды. Мәжілісмендер букмекерлік кең­се­лердің салдарынан көптеген адамдардың зардап шегіп жатқанын айтып, оны құмар ойындар қатарына жатқызуды сұраса, бірқатар спорт мамандары үлкен спорттық додалардың жанкүйерлері бас қоса­тын букмекерлік кеңселерді құмар ойындар қатарына жатқызуға қарсы. Сондықтан біз де бук­мекер орталықтарына қатысты мамандар пікірін таразыға салып, артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік.


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Әлбетте, букмекерлік кең­се­лер­дің қызметін құмар ойындар қата­рына жатқызу керек. Соңғы кездері елімізде букмекерлік кеңселердің көбеюімен бірге оған баратын адамдар қатары да арта түсті. Букмекерлік кеңселерге баратын адамның бойында оған деген қызығушылықпен қатар, әр бар­ған сайын құмарлық та өсе түседі. Сондықтан онда бір барған адам бір­неше қайтара барып, ақшасын ұттыра береді. Букмекерлік кең­сеге бар­ғандардың 90%-ы жеңіліп қалады, бәске тіккен дүние­сі­нен де айрылып жатады. Бірде Бура­бай­дағы букмекерлік кеңсеге бас сұққанымда, ондағы қызмет­кер­лер­мен сөйлесіп, көбінесе қандай жас аралығындағы адамдар келетінін сұрадым.
Сонда букмекерлік кеңсе қызметкерлері көбінесе жастар мен зейнеткерлер келетінін айтты. Жастар мен зейнеткерлер – алаяқтарға тез алданатын әлсіз, қорғал­ма­ған топ. Біз қазір казиноларды шетке көші­ріп, халықтың құмар ойындарға құ­мар­лы­ғын шектедік деп жүрміз. Алайда адамдар казинодан ғана ойын тәуелділі­гіне ұшы­рамайды. Оларға букмекерлік кеңселер де елеулі түрде әсер етіп жатыр.
Шыны керек, бүгінде барлық қала­мызда букмекерлік кеңселер көбейіп кетті. Және олар кез келген жерді, студент­тік жатақханалар мен орталық көшелерді, жастар көп жүретін орындарды жаулап алды. Осыдан келіп жастардың айтар­лық­тай бөлігі игроманияға шалдығып, букме­керлік кеңселерге жиі бас сұғатын болды. Соның айғағы: соңғы уақытта маған ой­ын­құмарлардың ата-аналары мен жа­қын­дары букмекерлік кеңселерді жабу туралы мәселе көтеруімді сұрап, бірнеше мәрте хабарласты. Жақын танысымның баласы да букмекерлік кеңсенің «тұтқынына» ай­налған. Қалтасындағы бар ақшасын ұт­тыр­ғанымен қоймай, үй-ішіндегі мүл­кін, бағалы заттарын, алтынға шейін лом­бард­қа өткізіп, ақшасын апарып, букме­кер­лік кеңсеге тігетін жастар көбеюде. Олар жеңілген сайын ұт­тырған ақшасын қайтарып аламын деген үмітпен қайта­дан барып ақ­шасын салады. Ал бұл құ­мар ойын емей немене?! Демек, бук­мекерлік кеңселерді құмар ой­ындар санатына жатқызу ке­рек. Кейбір шет­елдерде өзінің букмекерлік кеңсенің құлына айналғанын сез­ген жастар не олардың ата-ана­лары букмекер­лік кеңсеге өзін не баласын кіргізбеу туралы өті­ніш жазады екен. Яғни олар өз-өздерін ұстай алмай қала­тындықтан, бук­мекерлік кең­сенің әкімшілігіне өздерін ал­астау туралы өтініштерін бере ала­ды. Ал бізде ешқандай бақылау, тіпті адамдардың жасына қарай шектеу де енгізілмеген. Бук­мекерлік кеңсе адам­ды еркінен айы­рып, құмар қылатын ойын екенін біз түсі­нуі­міз керек. Белоруссияда жақында бук­ме­кер­лік кеңселерге тыйым салды. Сон­дық­тан біз де оларды құмар ойындар са­на­тына жатқызып, қаланың ішінен шет­кері аймақ­тарға көшірсек дұрыс болар еді.
Дәл қазір букмекерлік кеңселерді еш­кім бақыламайды. Оларды құмар ойын­дар қатарына жатқызбай, бақылау да жа­са­мағаннан кейін олар шектен шығуда. Ай­та кетер жайт – букмекерлік кеңсенің бә­сі­не де шектеу жоқ. Тіпті бәске үйіңді ті­гіп, үйіңнен де айырылуға болады. Сон­дық­тан букмекерлік кеңсеге қатысты туын­дап отырған мәселе көп. Қазір ойын­құмар жас­тарды ойын тәуелділігінен, оның іш­ін­де букмекерлік кеңселер қызме­тінен қорғау бойынша қосымша тетіктер енгізу туралы ұсыныстар айтып отырмыз. Ол­ар­дың жұмыс уақытын шектеу, түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салу, букме­керлік кең­селерді білім беру ұйымдары мен студенттік жатақханаларға таяу маңға ор­наластыруға тыйым салу, мұндай меке­мелерге лицензия талабын да күшейту секілді ұсыныстарымыз орындалса дұрыс болар еді.


Әли-Айдар ШЕРАЛЫ, спорт жанкүйері:
жоқ
–Жоқ, меніңше букмекерлік кең­селерді құмар ойындар санатына жатқызу дұрыс емес. Құмар ойын­дар­ға адамдар ақша ұтып алу мақсатында барса, букмекерлік кеңселерге үлкен спорттық ойындарға жанкүйерлік ету мақсатында барады. Яғни басты мақсаты ақшасын еселеп көбейтіп, ұту емес. Өзі жанкүйерлік ететін қан­дай да бір командасының намысын қорғау, бәс тіге отырып, оның артық­шылығын дәлелдеуге тырысады. Мәселен, футбол – миллиондардың ойыны. Адамзат баласының тари­хын­да ең көрермені де көп, жанкүйері де көп бір ойын болатын болса, ол – футбол. Бұрынғы заманда бұл тек ер азаматтарға тән ойын саналып келсе, уақыт өте келе, футболды әйел заты да көретін болды. 
Тамашалағанды былай қойғанның өзін­де, осы ойынды ойнайды. Бүгінде әр­бір мем­лекетте футболдан әйелдер құрама­лары бар. Арнайы футбол клубтары жұ­мыс істеп жатыр. Бұл – футбол жас талға­майтын, ер-әйел деп бөліп қара­май­тын, барлық адамзатқа тән ойын деген сөз. Ендеше, өзі ұнатып, жанкү­йер­лік ете­тін футбол ойынына бәс тігіп, жан­кү­йерлік еткенде не тұр?!
Футбол – нарықтың барлық талап­тарына жауап беретін ойын. Осы ойынның арқасында қанша­ма адам табыс тауып жатыр. Ал енді неге қара­па­йым жан­кү­йер­дің футбол арқылы табыс таппауы ке­рек? Мысалы, жан­күйер түн ұй­қысынан қа­лып футбол тамаша­лайды. Ал­аңдағы қос команданың әле­уетін біледі, жоба­лайды. Ойында қанша рет бұрыштама добының соғылатынын, қан­ша сары қағаз көтерілетінін, доп айыр­ма­сы­ның қан­дай болатынына де­йін болжап біледі. Енді қараңыз, Жанкүйер ойын­ды түнімен кө­ре­ді. Болжамы тура келеді. Егер букме­кер­лік кеңсеге барып ақша тіксе, мол қаржыға кенелетіні анық қой?! Ақыры сол футболды көреді. Нәти­женің қандай болмағын іштей біледі. Неге енді осы біліктілігін өзінің қар­жы­лық жағ­дайын жақсартуға жұмса­май­ды?! Ал біз оған неліктен тыйым салуымыз ке­рек?
Бір ғана мәселе бар. Букмекерлік кең­сеге кіретін адамдардың жасына байла­нысты шектеу қою қажет. Жас балалардың ақша тігіп, ұтылып қалып жатқан жағдайы өте көп. Бұлай болуы заңды да. Өйткені бұл – тәжірибесіздік. Сондықтан букме­кер­лік кеңселер мектептен алыс жерде орналасып, оған оқушыларды кіргізбеу туралы заң шықса, қуана қолдауға бола­ды. Ал букмекерлік кеңселерді казиномен мүлдем салыстыруға келмейді.

Бейтарап пікір
Қайрат АМАНГЕЛДИЕВ, заңгер:
– Бүгінде букмекерлік кеңселер әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Сондықтан біз де букмекерлік кеңселерді жауып не жаппай шектеу енгізгеннен гөрі оған келетін адамдардың жасына қарай, сосын тігілетін бәстің түріне қарай шектеу енгізсек, бар мәселе шешілер еді. Қалай болған күннің өзінде біз адамдардың еркіне шектеу қоя алмаймыз. Оны құмар ойын деп тауып, шетке көшіргенмен не санаулы жерде ғана ашқанмен, баратын адамдар саны азаймайды. Өйткені тыйым салынған нәрсеге адамдардың құмары тіпті арта түсетіні белгілі. Сондықтан құмар ойындар сана­тына қосып аластаудан гөрі, заңна­малық тұрғыдан оған баратын адамдардың жасына қарай шектеу енгізген дұрыс шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста