Аттестациядан өте алмаған ішкі істер қызметі офицерлерінен мемлекеттің оқытуға жұмсаған қаржысын өндіріп алу дұрыс па?

Аттестациядан өте алмаған ішкі істер қызметі офицерлерінен мемлекеттің оқытуға жұмсаған қаржысын өндіріп алу дұрыс па?

Бүгінде аттестациядан өте алмаған ішкі істер қызметі офицерлерінен мемлекет­тік оқытуға жұмсаған қаржысын қайыра өндіріп алу мәсе­­ле­сі өзек­­ті болып тұр. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер депар­та­­мен­ті аттестациядан өте алмай, жұмыстан шы­ғып кеткен офицер­­лер­­ден осындай өтемақы өндіру арқылы мем­­лекет пайдасына 7 млн 805 мың теңге пайда әкеліпті. Ішкі іс­тер қызметі заң бөлімі басшыла­ры­ның айтуынша, өткен жы­лы осылайша аттестациядан өте алмаған 17 экс-поли­цей­ден қыруар қаржы қазынаға қайта­рыл­ған екен. «Бұл қа­ражат оларды ішкі істер мектептері мен ака­де­мияда оқы­­тып, киім-кешек және жатын орынмен тегін қамта­­ма­сыз етуге жұмсалған» дейді департамент өкілдері. Жал­пы, келісім­шарт­қа сәйкес, полицейлер ішкі істер ор­га­нында кемінде бес жыл қызмет етуге міндетті. Алай­да түрлі себептермен ол полицейлер уәделі мер­­зімді атқарма­ған.  Бірі жұмыс барысында те­ріс қылықтар көрсету арқылы жұмыстан шық­са, енді бірі аттестациядан өте алмағаны үшін қыз­ме­тінен шеттетіліп, өтемақы төлеуге мәж­бүр болған. Жалпы, бұлайша аттеста­ция­дан өте алмағаны үшін өтемақы өндіріп алу дұрыс па? Сауалды мамандар талқысына салдық.


Дәурен АРЫН, заңгер:
иә
– Қазақстан Республикасының «Құ­­­қық қорғау қызметі туралы» За­ңы­на сәйкес, ішкі істер орган­да­ры­ның қызметкерлерін әрбір үш жыл са­йын олардың кәсіби даяр­лық дең­гейін, құқықтық мәдениетін және аза­­маттармен жұмыс жасай білуін ай­қындау үшін аттестаттаудан өткізу қа­­рас­­тырылған. Арнайы заңмен қа­рас­тырылып отырғаннан кейін өз басым «сол аттестациядан өте алма­ған­­дардан өтемақы талап ету керек» дегенді қолдаймын. Қазірде құқық қорғау саласы бойынша мұндай реформалар көптеген елдерде өт­кізіліп жатыр. Сол реформалардың ішінде ең нәтижелі болғаны – осы қызмет­кер­лерді аттестаттау шарасы, оның қорытындысы бойынша бар­лық жеке құрамның 90 пайызға жуы­ғы қайта жаңартылды.
Мәселен, нақ осы аттестациялауға қа­тыс­ты грузиндер жұмысқа жаңадан қа­былданған полицейлер үшін арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесімен қоса, қызмет­кер­лердің психологиялық орнықты болуы және таңдаған ісіне адал қызмет етуді та­лап етті. Жалпы, ішкі істер органындағы қыз­меткерлерді аттестациялауға қатысты мына бір жайттарды ескерген абзал: қа­зірде қағаз түріндегі құжат айналымы ба­рынша азайтылды. Барлық жұмыс элек­трон­ды жүйемен жүргізіледі, соның ішінде халыққа қызмет көрсету үшін де қатаң тәр­тіп орнатылған. Мысалы, автокөлікті ке-ден­дік рәсімдеу, оны техникалық қараудан өткізу, құжаттары мен нөмірін бере оты­рып, есепке қоюдың барлығы болашақта түбегейлі электронды түрге көшеді. Осын­дай жайттарды ескерсек, офицерлеріміздің білім деңгейінің жоғары болуы маңызды. Аттестациялаудың пайдасы барын біз ес­ке­руіміз керек. Бұл аттестациялау аяқтал­ған­нан кейін біршама жайттардың басы ашылып жатқаны рас. Мәселен, Ресейде нақ осы аттестаттауға даярлық және оны өткізу кезінде басшылық құрамның және бірінші рет арнайы атақты беруге ұсыныл­ған адамдардың жоғары және орта кәсіби білімдеріне күмән келтіріліп, 80 мыңнан астам дипломға тексеру жүргізілген. Қол­дан жасау белгілері бар 603 құжат анық­тал­ған. Ақыры көптеген қызметкер жұ­мыс­­тан шығарылған. Соның ішінде Ресей ІІМ-нің орталық аппаратының 24 қызмет­кері бар. Бұған қоса, тағы сол Ресейде бас­шылық құрамның 141 үміткеріне арнайы атағын беруден бас тартылған. Осындай жайттардың бізде де кеңінен орын алып кетпеуі үшін мұндай шаралар қажет. Ат­тес­тациядан өтпей қалғандардан қайыра өтемақы талап етуді дұрыс деп санаймын. Себебі бір ғана криминалистерді, дакти­лос­копистерді, кинологтерді даярлау үшін мемлекет қазынасынан қаншама қаржы жұмсалады. Мұны «бір» деп қойсақ. Екін­ші бір ескерілетін дүние – өткенде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырза алматылық полицейлердің ағылшын тілін үйренуіне бюджеттен ауқымды қаржы қарастырылатынын баса айтты. «Алматы­лық полицейлерге ағылшын тілін үйрету арқылы туристерге көрсетілер қызметтің, шеттен келген азаматтарға берілер кеңес­тің түрін жетілдіруге болады» деді әкім мыр­за. Ал күні ертең қаржы бөлініп, по­лицейлер тілді үйрене алмай қалса, ол қар­жыны да оларға қазынаға қайта қай­таруды міндеттеу керек. Сонда ғана олар­дың жауапкершілігі артады. Аттестациядан өте алмаса, қаржыны қайтару қажет. Олар соны ойлайды да, білімін үнемі толықты­рып отырады. Бұл үрдіс сала ма­мандарын ізденіске, жауапкершілікке, жем­қор­лық­тан ада болуға үндейді. Сон­дық­тан өз ба­сым мұны қолдаймын.


Орынғали ЕСЕНҒАЗИЕВ, Алматы қалалық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:
жоқ
– Мен бұл пікірмен мүлде келіс­пей­мін. Бұл – ақылға қонымсыз дү­ние. Жұмысқа жаңа кірген маманды үш жылдың ішінде аттестациядан өт­кізуге міндеттеудің өзі дұрыс емес. Кез келген салада жас маман тәжіри­бе жинақтап, көрген-білгенін көңіл­ге түю үшін кем дегенде бес жылдық тә­жірибе керек. Сол бес жылдың ішін­де жас офицерлерді кәсіби кә­нігі офицерлер үнемі талқылаудан өткі­зіп, олардың білім деңгейін кө­теру­ге осылай атсалысу қажет. Қа­зір­де аттестациялаудан неше жыл­дық тәжірибесі бар офицерлердің өзі сүрініп жатыр. Сондықтан аттес­та­циядан өте алмаған офицерлерден бірден өтемақы талап ету дұрыс емес. Меніңше, өте алмағандарға екінші рет қайта тапсыруға мүмкіндік берілуі керек.
Мысалы, олардың ішінде қиыншылық­тары көп криминалистер, кинологтер тес­ті­леуден бірінші кезеңде өте алмауы мүм­кін. Ал екінші рет қайта тапсыру мүлде қа­растырылмаған. Сондықтан бізге кезек­тен тыс аттестациядан өткізуге қатысты атал­ған норма қарастырылған заң жо­басын­да енгізілмесе, мұның өзі қызметкер­лерді кемсітушілікке ұшыратады. Рас, қо­ғамда өзгерістер болып жатыр. Бұрын қылмыстың негізгі түрі ұрлық десек, қазір­де лаңкестік, экстремистік қылмыстардың бар екенін көріп отырмыз. Осыған байла­нысты құқық қорғау саласының қызмет­кер­лері ғана емес, халықтың да сауатты, белсенді болуы керектігі даусыз. Аттеста­ция­лау кеңес заманында да болды. Ол тұстардағы аттестациялаудың қазіргіден өзгешелігі – ол тұстары мамандардың өз­ара тәжірибе алмасуы, біріне-бірі үйретуі басым еді. Ал қазір керісінше, аға буынның кіші буынды тәрбиелеуі кемшін. Мәселен, бізде болған аттестация Ресейде де болды. Оларда полиграф немесе шындық детек­торы пайдаланылды. 150 сұрақтан тұра­тын тестілеу және басқа да сынақ түрі жүр­гізілді. Ішкі істер саласы қызметкерлері 22 пайыз қысқарып, аттестациялаудан ке­йін 20 000 офицер жұмыссыз қалды. Де­ген­мен олар сол жұмыссыз қалған офи­цер­лерін сотқа сүйрелеп, өтемақы талап еткен жоқ. Меніңше, комиссия әр қызмет­керді жеке қарауы керек. Мысалы, бір қыз­мет­кер спорттан мықты болуы мүмкін. Ал екін­шісі өз кәсібін жетік меңгерген маман болғанымен, спорттан ақсап тұруы да лә­зім. Осылай аттестациялау сынақта­ры­ның бірінен өтіп, бірінен сүрініп жатқан­дар ал­дына келгенде комиссия әділ баға­сын бе­ріп жатса, ал сүрінгендерге екінші қай­тара аттестациядан өту бұйырса, осы­дан барып жауапкершілік артады деп ой­лаймын. Ал жаңағыдай қатаң талап қо­йып, жан-жақ­тан қаумалап, қатаң рефор­ма­лар­мен тө­пе­леп жауапкершілікті арт­тыра алмаймыз. Бұлай етсек, керісінше, қыз­меткерлердің жұ­мыс істеуіне деген ынтасын жоғалтып, жұмыс жүйесін бұзып аламыз.

                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, сарапшы-маман:
– Жалпы, осы аттестацияны асыра сілтеуге айналдырудың қажеті жоқ. Деректерге жүгінсек, өткен жылы ІІМ номенклатурасы бойынша 3006 қызметкер кезектен тыс аттестациялаудан өткен. Оның ішінде орталық аппараттың барлық қызметкерлері, ІІМ-нің қызмет басшылары, қалалық және аудандық желілік ішкі істер органдарының басшылары, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Аттестациялау алдында және оны өткізу барысында 117 қызметкер ішкі істер органдарынан қызметтерінен шығуына байланысты аттестаттаудан өтуден бас тартса, аттестациялау нәтижесі бойынша 73 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылған. Ал 2321-сі лауазымдарына лайықты екендіктерін танытса, 613 қызметкер лауазымдарына лайықсыз деп танылды. Оның ішінде 276-сын қызметінен төмендету, 130-ын басқа қызметке ауыстыру ұсынылыпты. Міне, осы лайықтылар мен лайықсыздар арасында жік тудырып алмау үшін бізге аттестациялаудағы комиссия мүшелерінің өздеріне қойылатын талапты жоғарылатып, бұл сынның барынша әділ өтуін талап еткен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста