Уф-суф, бақсы-балгер, ақ тырна, көк тырна, тәуіп дегендерге ни как сенген емеспін.
Тамыр ұстап, бүкіл ауруыңды айтып береді -десе де, күмәнмен қарайтынмын. "Пәленбай сүренің ішінде жын сүресі бар. Клиент келгенде құрысып~бүрісіп, ықылық атып, есінеп, кекіріп-секіріп кететін тәуіпсымақтар сол сүрені оқидымыс. Тіпті қағазға жазып алып, ұлтарағының астына салып алады, сол кезде жындар әлгіге қызмет етеді. Келген клиенттің үрім- бұтағына дейін біліп тұратын өміршең жындар тәуіпке бар хабарды жеткізіп тұрады" Молдалардан естіген сөзім осы.
Жоқ іздеген адам мен денсаулығынан зәрәзәп болған кей адамдар амалы таусылғанда бақсы-балгер, тәуіптерді жағалайды. Олардың барлық нәрсені көзбен көргендей етіп айтып бергеніне имандай сеніп, бастан садаға бар дүниесін соның жолына шашады.
Кім қаншалықты дертінен айыққаны тек қана бір Аллаға аян.
Мен де 2011жылдан бері асқазан дертімен күресіп келемін. Дәрігер берген дәрінің титімдей пайдасы тисе тфу бетіме.
Бірі жүректі қысып қойса, бірі өкпені сығып, кері әсерін тигізіп жатты. Бастапқыда осылай реакция береді тоқтатпай іш десе, іше салыппын. Жүрек қысылып, көшенің ортасында алқынып өліп кете жаздадым. Құрысын!
Табиғи жолмен емдеу.
Қара зере майы. Ерте кезде осы майды мың түрлі ауруға қолданғанмыс. Дертінен айықпаған адам қалмапты. Әсіресе асқазан дертіне ем екен .
Дәмі жағымсыз. Тыржиып жүріп оны да іштік. Көмектеспеді. Адамнан айла артылған ба? Бәлки сүтке су қосып сатқандай, бұған да басқа қоспаларды қосқан болар.
Диета ~диета дегені кәдімгі майсыз ақ тамақ. Қабылдай алмадым.
Алоэ гүлі мен мёд.
Оны да көрдік. Толк жоқ.
Өзекті жанға бір өлім. Ажал туралап келсе, сандыққа тығылсаң да алып кетеді. Соңында қолды бір сілтеп, майлысы ма, басқасы ма, газдысы ма көңілге мас келгегін жей беретін болдым.
Болмады!
Соңғы күндері дерт күшейіп кеткен соң, інім қаладағы шөппен емдейтін бір шал кісіге алып барды.
Үйінің ішін қараңғылап тастаған.
Кірген адамның еңсесін езеді. Түпкіргі бөлмеге алып кіріп, тамырымды ұстады.
-Таак өкпе таза, жүрек анда-санда қысылады, неге сонша нервныйсың? Айтпақшы коланы тоқтат!
Асқазанның бүрі кеткен, пәлен мм жара бар.
Қазір бір дәрі беремін. Тоқтатпай ішесің, көрмегендей болып кетесің.
Осылай деген ол бір бөлмеге кіріп кетіп , көк шай секілді дәрі алып шығып берді.
Кетерімде "Коланы тоқтат! " деп тағы ескертті.
Көзім бақырайған күйі есіктен шығып кеттІм. Қызық, тамыр ұстады да , бәрін айта салды, Тіпті, берген ақыны да алмаймын ға басып зорға алды. Сайтандармен связана дейін десем арым жібермей, коланы ішетініме дейін айтып қоятындай заманауи сайтан болмас дедім де қойдым.
Шайтаны да, басқасы да құрысын!
Негізі шөп дәріден жазылып кеткен адамдар өте көп ! Ең бастысы не нәрсеге болса да сенім мен ниет керек екен . "Осы нәрседен сауығып кетемін"- деп нық сенген адам -қара су ішіп те айығып кете алады.
Ал ендеше осы жолы сендім.
Дәріні ішіп бастадым, тәбетті ашады екен, тез-тез тамақ жегің келіп тұрады. Түйілу, ауыру басылғандай болды. Бірнеше күннен соң дәріні қойған жерімнен таппай қалдым. Үйдегі пысықсымақтар үйге ген уборка жасап шөбімді" қоқыс" деп ойлап, қоқысқа атып жіберіпті. Сонымен ем жайына қалды. Қырсыққанда емші шалды не телефонына звондап, не адресіне барып таппай қалдық.
Кәдімгідей оқып отырсыздар ма)?
Шал жоқ исчез.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшсасынан