Өзі МАЙ қызметкерлерінің асыраушысы

Өзі МАЙ қызметкерлерінің асыраушысы

Адамның мінезі қандай болса, машинаны да солай жүргізеді десем құптар ма едіңіз? Соңғы кезде көп байқап жүрмін. Мінезі салмақты адамдар машинені де салмақты айдайды екен.

 

Екі бауырым бар. Бірінің мінезі ұшқалақ та, екіншісі өте салмақты. Ұшқалақтың мəшинесіне мінсең, қорқып иманыңды үйіріп отырасың. Ұшып айдап барады да, қысылып тұрған екі мəшиненің ортасынан өтіп кете салады. Қарсы келе жатқан мəшинеге қарсы жүріп, жақын қалған кезде оңға не солға қарай бұрып жібереді. "Жайырақ-жайырақ" - деп шыңғырамыз да жатамыз. Жауабы сол "хех-хе хе" деген бір  күлкі. Қотыр-шотырды талғамайды. Өзі МАЙ қызметкерлерінің асыраушысы.

 

Ал, екіншісінің мəшинесіне мінсең, нық сеніммен отырасың. Арасында  мызғып ұйықтап алсаң да болады. Баратын жеріңе тербетіп апарады. Рульде отырғанда артық сөйлемейді.

 

Үлкені ше, барғанша əзілдеп, прикол ұстап , машиналармен жарысып, одан қала берді өзінен озып кеткендерді сыбап дегендей.  Машинасы да құтты өзі сияқты прикольный.   Бұзылмайтын жерде бұзылады, балонынан бір екі рет тепсең, дым болмағандай қайта жүріп кете береді. 

 

Өткенде қалаға асығып бара жатып бір таксиге мінгенмін. Шаферы ұрып кеткен біреу екен. Қалаға жеткенше секіртіп апарды. Секіргеніміз соншалықты ішек-қарнымыз ақтарылып қала жаздады. Əлемнің жарығымен мың қоштастық десем өтірік айтқандық емес.

 

Қайтарда тағы міндік таксиге. Таксист бұрын асаба болған бəле-ау деймін. Келгенше аузы жабылмады. Жай сөйлеп отырғанының өзі өлеңге бергісіз. Қысқасы, өлеңдетіп сөйлейді екен. Мəшинесі де сол, келгенше өлеңдетіп келді. Моторынан жаман дауыс шығады екен. Гүрілдеп миды қи қылды. Соңында суы қайнап, тура егесі ұқсап түтіні шығып кетті.

 

Бір таксисттер бар. Үстінен темекі мен тердің иісі шығып тұрады. Көлігі де өзі секілді, темекінің күлімсі иісі мен, бензиннің не газдың иісі аңқиды.

 

Ақ көңіл жездем бар. Аузын ашса жүрегі көрінеді. Көлігі де сондай. Бір есігін жапсаң, үш есігі ашылады.

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста