Көңіл ғой!

Шектен тыс ақкөңілдікті қойсайшы. Өзгеге пайда, өзіңе зиян. Кімге тартып ақ көңіл қолы ашық болдым екен? Біреудің өтініші бойынша жұмысын істеп беремін де, ақшасын алуға келгенде  ұятым қысып

 

"Қоя беріңізші,  ақша  алмаймын,  ең бастысы көңіл ғой!"- деп қоямын. Танитын адамым болса бір сəрі. Айдаладағы танымайтын біреу болса да айтатыным осы сөз.

 

Көңіл ғой!

 

Бірде есіктің алдында таза ауа жұтып тұрғанмын. Келесі көшеде тұратын түрік əйел есігінің алдындағы жүзімін кесіп көміп беретін адам таппай жүр екен.

 

Мен кесіп берейін! -деппін шошаңдап. Қуанып кетті. Үйдегі отағасының рұқсатын алмастан, гəлөшімді сүйреткен күйі əлгінің соңынан  еріп кетіппін. Бір  қарасам қолыма қайшы ұстап алып жүзім кесіп жүрмін. Бір уақытта оны көміп жүрмін. Бітті-ау деген кезде түрік əйел қолыма 5 мың теңге ұстатты.

 

Алмай күйдірдім ғой мен оңбаған.

 

-Жоқ алмаймын көңіл ғой!— деп қоямын мəз болып. Ол да қуанып кетті. Турецкий бата беріп шығарып салды.

 

Үйге келсем, қайда жүрсің? -деп муж айқайлайды.

 

-Жүзім кесіп жүрмін.

 

-Қайдағы жүзім? Түрік сенің екі туып бір қалғаның ба? Сыбап алды біраз.

 

-Көңіл ғой! -деймін, томсырайып.

 

Атасының қақ  басы көңіл. Ертесіне ол түрік мені көре тұра көрмегендей  жанымнан өтіп кетті.

 

Қақбассың ғой!  -деп аямай ұрыстым өзіме.

 

Өткендегі 5 мыңын ала салғанда жыртығыма жамау болар еді ғой. Енді қатты боламын! -деп сөз беріп қойдым. Қайдағы.? Мінез дегеніңіз қанмен келіп, жанмен кетеді екен.. Айтып жүргенім әлі сол көңіл.

 

Əй,  алда —жылда мүмкіндік болып жатса, мені билікке жолатпаңыздар. Қазақстанның бүкіл байлығын тегін ұстатып жіберіп, əтчөт беретін кезде "қоя беріңізші көңіл ғой! "  -деп мыңқиып тұрармын.

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста