Аяғын алшаң-алшаң басады. Жер иесі екенін сезініп бара жатқан сияқты...

ЖЕР ИЕСІ


Алған затыма ақша төлемек боп, сатушы қызға ұмсына беріп едім, бір жас қазақ жігіт, асығыс па, екпінін баса алмай, кассаға төніңкіреп келгені.
- Кезек күтіңіз. Бірінші мына ағай келді ғой, - деді сатушы қыз мені нұсқап.
- Өте ғой, інім. Сен бірінші төлей ғой, - деп жол бердім.
- Кешіріңіз, аға... - деп жас жігіт абдырап, ыңғайсызданып қалды.
- Жо-жоқ, сен төле, - дедім жорта төменшіктей сөйлеп. - Сен қазақсың. Бұл сенің мемлекетің. Жердің иесісің. Жердің иесі құдай болу керек.
- Сіз кімсіз сонда? - деді сатушы қыз аң-таң болып.
- Мен қытаймын, - дедім. - Шина. Шина.
- Қойыңыз, қазақша жақсы сөйлеп тұрсыз ғой.
- Бізде, Қытайда тек қытайша сөйлейді. Қазақстанда да солай шығар деп жатпай-тұрмай қазақша үйрендім, - деп, өтірікті соғып жібердім. Бар өнерімді салып қытайша акцентпен сөйлеп жатырмын. Өтірігімді сездірмеу үшін әлгі жігітке «төлей бер» дегендей ишара қылдым. - Бізде, Қытайда өзге ұлттар емін-еркін жүре алмайды. Емін-еркін жүрсе бізде оны өлтіріп тастайды. Аямайды.
Осылай деп жас жігітке көз қиығымды тастап, мүләйімси қарадым. Жаңа ғана абдырап тұрған ол енді ақшасын бір-бірлеп санап, асықпай төледі, затын асықпай пакетіне салды, сосын төменшіктеп тұрған мен сияқты келімсек «қытайға» пысқырып та қарамай дүкеннен шығып жүре берді. Аяғын алшаң-алшаң басады. Жер иесі екенін сезініп бара жатқан сияқты. Енді осынысынан айнамаса екен деп мен қалдым.

Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста