Жақсыбаев Аманғали Жұмағалиұлы
Аманғали Жұмағалиұлы Жақсыбаев 1955 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. 1984 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
1985 -1994 жылдары Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің бас редакторы;
1994- 1997 жылдары облыстық «Семей таңы» газетінің бас редакторы;
1997- 2000 жылдары Алматы қаласындағы НТК телеарнасының бас редакторы;
2000-2003 жылдары Павлодар қаласындағы «Иртыш TV» телекомпаниясының бас директоры;
2003- 2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Семей қалалық филиалының директорының; орынбасары,бас редактор;
2006 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының директоры қызметін атқаруда.
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның мақтау қағаздарымен, «Жаршы» күміс төсбелгісімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.