Хайретдин Шәйхыұлы Расқалиев
Хайретдин Шәйхыұлы Расқалиев 22.01.1951 жылы Волгоград облысы, Лятошенка селосында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Әскери атағы -генерал-майор (13.12.2003), ӘҚК Дагавпил авиациалық-техникалық училищесін (1971) бітірді. 1971-73 жылы радио-техникалық батальон басқармасы взвод командирі, командалық пункт көздеу штурманы, жойғыш авиациялық полк командалық пунктінің бастығы, әскери басқару штабы бастығының орынбасары, Орта Азия Әскери-әуе күштері Әскери басқару орталығы майданы әскери басқару аға офицері, Әскери басқару орталығы кадр, топ бастығы, Германиядағы Кеңес әскері тобы жойғыш авиация басқармасы әскери орталығы бастығының орынбасары - әскери басқару пункті бастығы, бастықтың орынбасары, әуе армиясы бастығының орынбасары - есептеу орталығының бастығы (1973-93), ҚР Әскери-әуе күштері бастығының орынбасары - есептеу орталығының бастығы, ҚР Әскери-әуе күштері командалық пункт бастығының орынбасары, командалық пункт бастығы - штаб бастығының орынбасары, ҚР ҚК Орталық командалық пункт бастығы, ҚР ҚМ Орталық командалық пункт бастығы, ҚР ҚМ қарамағында, денсаулығына байланысты 59 пп. запаста (2000), 2003 жылы келісімшартпен әскери қызметке қайта шақырылды, 2003-07 жылдары ҚР ҚМ Орталық командалық пункт бастығы, ҚР ҚМ ШБК Орталық командалық пункт бастығы, 2011 жылы ҚР ҚМ қарамағында 2-дәрежелі «Айбын» (1999), «За боевые заслуги» ордендері, медальдармен марапатталған.