Шахмардан Сұлтанбекұлы Қойшыбаев
Шахмардан Сұлтанбекұлы Қойшыбаев 1974 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ыбрай Жақаев ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. 2005-2007 жылдары «Болашақ» университетінде экономист мамандығын алған.
Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы. Жақаев ұжымшарында жұмысшы ретінде бастаған.
1996-1997 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы. Жақаев ұжымшарында агроном-есепші.
1997-2001 жылдары «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы.
2001-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарған.
2005-2007 жылдары Қызылорда облысының ауылшаруашылығы департаментінің бөлім бастығы.
2007-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2010-2011 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.
2011 жылдан 2012 жылдың 11 наурызы аралығында Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
2012 жылдың 11 наурызынан Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының бастығы.