Раушан Елемесұлы Елемесов

Раушан Елемесұлы Елемесов

Раушан Елемесұлы Елемесов 1942 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 1964 жылы жалпы конкурспен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің экономика факультетіне «Саяси экономия» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1969 жылы университетті жақсы тәмамдаған соң өз факультетінің «Саяси экономия» кафедрасына аспирантурада қалдырылды. Ғылыми жетекшісі болып, студент кезінен өзінің тәлімгері болған, кейіннен ММУ-ің проректоры қызметіне көтерілген Ф.М. Волков тағайындалды.
1972 жылы аспирантураны бітірген соң Қазақ ССР-ның жоғары мектеп министрлігінің жолдамасымен сол жылы құрылған Қазақстандағы екінші Қарағанды университетіне «Саяси экономия» кафедрасына аға оқытушы қызметіне жіберілді. 1973 жылы «Ғылыми-техникалық революция жағдайларындағы жұмысшы күшін ұдайы өндірістің салалық пропорцияларын жетілдіру» тақырыбынан кандидаттық диссертация қорғады.
1972-1988 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент және сырттай оқытушы экономика факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар көптеген қоғамдық қызметтер, оның ішінде факультет партия ұйымының хатшысы, университет «Білім» қоғамының хатшысы, облыстық партия ұйымының штаттан тыс лекторы және т.б. атқарды.
1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасының Орталық Қазақстан бөлімшесінің қоғамдық ғылымдар Орталығының нарықтық инфрақұрылым бөлімін меңгерді. Осы жылдары Қарағанды облысын территориялық шаруашылық есепке көшіру, облыстық нарықтық экономикаға өту бағдарламасын жасау, осы өңірде еркін сауда аймақтарын құру жұмыстарына белсенді қатысты.
1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қорының атқарушы директорының орынбасары болып, республикада орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының алғашқы үлгісін жасауға қатысты. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің экономикалық реформалар комитетіне кеңесші болып шақырылды. Бұл жерде депутаттар мен комитет кеңесшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясаты концепциясын әзірлеуге белсенді күш салды.
1995 жылдан Р. Е. Елемесовтың қызметі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен байланысты. Ол 1995 жылдың мамыр айында жаңадан құрылған «Әлемдік экономика» кафедрасына меңгеруші болып тағайындалды да, 2001 жылдың қыркүйегіне дейін басқарды. Осы жылдары кафедра сан жағынан да, сапа жағынан да тез өсіп, сыртқы экономикалық қатынастар саласына жүздеген мамандар дайындады, бірнеше оқу құралдарын қазақ және орыс тілінде басып шығарды. Бұл оқу құралдары әлі күнге дейін Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастар саласында білім беруге өз үлесін қосып отыр.
2001 жылы қыркүйек айында ҚазҰУ-нің «Экономика және бизнес» факультетіне декан болып тағайындалды. Осы қызметте ол 2005 жылдың қыркүйек айына дейін, жасына байланысты зейнеткерлікке шығып, әлемдік экономика кафедрасына ауысқанша жемісті еңбек етті. Бұл жылдары экономика және бизнес факультеті университеттің ең ірі бөліміне айналды. Жаңа кафедралар ашылды. Оқушылар құрамында да ірі сапалық өзгерістер болды.
ҚазҰУ қабырғасында Р. Елемесов әкімшілік және педагогикалық міндеттерімен қатар ғылыми-зерттеу мен шығармашылық қызметін де одан ары жалғастырды. 1998 жылы «Экономикалық жүйені трансформациялаудың методологиялық және теориялық аспектілері» деген тақырыпқа докторлық диссертацияны сәтті қорғап шықты. 1995-2001 жылдары ҚазҰУ-дің жаршысының экономикалық сериясының жауапты хатшысы болды. Егер 1995 жылға дейін журналдың бір саны ғана шыққан болса, ол қазір елдің жазылу каталогіне еніп, аттестациялық комиссияның тізіміне тіркеліп, республикадағы танымал журналдардың біріне айналды. 1999-2002 жылдары экономика факультетінің докторлық диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы болды.
Р. Елемесовтың басшылығымен 15-тен астам экономика ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды, 150-ден астам шығармалары бар. Өз ғылыми шәкірттерімен ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі кездегі оның негізгі ғылыми ізденістері экономикалық зерттеулердің әдістемелік мәселелері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста