Коломийцев Владимир Иванович 1949 жылы 27 шілдеде Свердлов облысында (РСФСР) туған. Харьков инженерлік-құрылыс институтын, СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы «Донбасстроймеханизация» тресінде учаске шебері болып бастады. Украинада, Қазақстанда комсомол, партия қызметтерінде қызмет атқарды. 1995-1997 жылдары - ҚР Үкіметінің аппаратында бас инспектор, аумақтық даму бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1997 жылы ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің аймақтармен жұмысты үйлестіру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департаментінің директоры. 1998-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде бас инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бақылау секторының меңгерушісі-бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары. Ұйымдастыру-бақылауі жұмысы және кадр саясаты басқармасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы қыркүйектен бері. 2 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары,
Коломийцев Владимир Иванович
Последние статьи автора