Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов

  • 24

 Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов 1936 жылы 1 қарашада дүниеге келген. 1965 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Композитор, Қазақстанның халық әртісі (1990), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1983), профессор.
1964-1965 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық редактор. 1965-1966 жылдары “Мектеп” баспасы музыка редакциясының меңгерушісі болған. 1966-1998 жылдары Алматы консерваториясында дәріс берді (1997 жылдан профессор). 1973-1984 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1984-1987 жылдары Қазақ опера және балет театрының директоры, 1991-1998 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан дербес зейнеткер.
Жұманиязовтың “Махамбет” операсы (1990), “Жер” (1967), “Отан туралы кантата” (1972), “Мерекелік шеру” (1980), “Достық” (1980), “Кең-байтақ отаным менің” (1988) кантаталары, “Халқым туралы поэма” (1969), “Кек әні” (1978) вокальды-симфониялық поэмалары, “Дала” (1976) симфониялық картинасы, “Қуаныш” (1980) симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987), “Айтыс” (1972) атты вокальды-хореографикалық композициясы, “1731 жыл” атты поэма-симфониясы (1987), көптеген ән-романстары қазіргі заманғы отандық кәсіби музыканың дамуына қосылған елеулі үлес болып саналады, сондай-ақ ол бірнеше спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған.
Жұманиязов шығармалары жоғары көркемдігімен, ұлттық үн бояуымен ерекшеленеді. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970). “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
  • 339
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 492
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста