Аманжол Зейнуллин 1949 жылы 19 тамызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жормата ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент.
Әр түрлі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп орындарында жауапты қызметтер атқарған. 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында сабақ берген.
Ол Батыс Қазақстан облысының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, «Қазақ тілі» қоғамының, «Азат» қозғалысының жергілікті бөлімшелерін ұйымдастыруға жетекшілік жасаған. 1997 жылы «Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығын» құрып, орыс-қазақ тілдерінде «Еділ-Жайық» газетін шығарған. «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Оның 20-дан астам ғылыми-танымдық еңбегі жарияланып, мал тұқымын асылдандыруға байланысты зерттеу жұмыстарына 2 авторлық куәлік берілген.
Аманжол Зейнуллин
Последние статьи автора