Әбілқасымов Ерасыл 1948 жылы 28 шілдеде Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінде, Алматы қаласындағы емханаларда істеген. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының жетекші, бас ғылыми қызметкері. 1999-2001 жылдары - Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі, директоры. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. Бірнеше кітаптың, 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Медицина ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Әбілқасымов Ерасыл
Последние статьи автора