Жаңбыр, жел, найзағай: 19 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады

  • 15

Синоптиктер Қазақстандағы 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Тек республиканың шығысында және шеткі солтүстігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді деп болжанды.

"Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының топырақ бетінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде солтүстікте 1-3 градус аяз болады. Павлодардың орталығы мен шығысында, Ұлытаудың шығысында, Қарағанды, Қызылорда облыстарының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанды", - делінген хабарламада.
 
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына - 9-14 метр, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +17+19°С.


Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын жел екпіні секундына - 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына - 8-13 метр, найзағайдың екпіні секундына - 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.

Автор
Последние статьи автора
  • 362
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 528
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста