Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетіп аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 сәуірде сағат 12:20-да болған.
"Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - делінген хабарламада.