Кәрім Мәсімов жазасын қандай түрмеде өтейтіні белгілі болды деп хабарлады halyq-uni.kz сайты.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімов жазасын қатаң режимде өтейтіні туралы мәлімдеді.
«Мәсімов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда (қатаң режим) өтейді», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.