Синоптиктер 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон Қазақстанның синоптикалық жағдайына әлі де өз әсерін сақтап, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.
"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, түнде және таңертең аяз сақталады, бірақ күндіз күн жылына бастайды", - делінген хабарламада.