Желтоқсанның 5-і
Алаштың атаулы күні
• 107 жыл бұрын (1905-1991) қоғам қайраткері Сабдық Шәріпов дүниеге келді.
• 18 жыл бұрын (1994) Будапеште әлемнің ядролық державалары Ұлыбритания, Ресей және АҚШ Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.
• Халықаралық экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілер күні.
Туған күн иелері
Шәкен Жарасов (1937) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, академик;
Тұрсын Айжолов (1942) – генерал-майор, ҰҚК құрметті қызметкері;
Абай Айтмұхамбетов (1943) – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Михаил Дәуенов (1943) – профессор, академик, генерал-майор;
Қайрат Қадыржанов (1945) – Қазақстан ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик;
Бауыржан Жанақов (1948) – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі;
Ерлан Тұрлыбеков (1949) – Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі;
Әбдіжапар Сапарбаев (1954) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Мұхтар Жұмағазиев (1956) – Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Ләззат Смағұлова (1970) – Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі аппараты басшысының орынбасары;
Талапбек Әженов (1971) – медицина ғылымының докторы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘБДІЖАППАР – қос сөзден құралған араби ныспы. Араб тілінде «абдии» болып айтылатын бұл сөз «мәңгі», «шексіз» және «Алланың құлы» дегенді білдірсе, «жаппар» сөзі «алып», «ұлы» деген мағына береді. Бұл есімнің басқа есімдерден басты айырмашылығы: жаңа туған сәбиге Әбді деп те, Жаппар деп те бөлек қоя беруге болады. Ел ішінде өте сирек кездесетін ныспы.