3 Желтоқсан

Желтоқсанның 3-і
Алаштың атаулы күні.

• Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні.
• 2008 жылы Қарағандыда Алаштың ардақтысы, талантты жазушы Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды.
Туған күн иелері:
Қайсар Омаров (1946) – ҚР Парламент Сенатының депутаты;
Ғани Тілеубеков (1960) – ҚР Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі;
Зейін Ахабаев (1964) – «Альянс «Русский Текстиль» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Саян Хамитжанов (1970) – Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы;
Орақ Сарбөпеев (1971) – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
Гүлжан Орынбаева (1985) – «Қазақстан» ұлттық арнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің жетекшісі.
Желтоқсанның 4-і
Алаштың атаулы күні

• 1919 жылы Семейде «Қазақ тілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
• 16 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Женева­дағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанынан Қа­зақ­стан Республикасының тұрақты өкілдігі және Қазақстан Республи­касының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігі ашылды.
• 15 жыл бұрын (1996) Ақмола аграрлық университетіне қоғам қайрат­кері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин есімі берілді.
Туған күн иелері
Сармантай Нұрғажин (1948) – «Альтаир Эйр» ЖШС директоры, авиация генерал-майоры;
Қанапия Нұрбатыров (1950) – техника ғылымының докторы, профессор, академик;
Әлия Бөпежанова (1952) – әдебиет сыншысы;
Санат Тұңғышбеков (1953) – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар комитетінің төрағасы;
Серік Тұрбеков (1956) – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі;
Ербол Қырғызбаев (1960) – Олимпиялық дайындық орталығының директоры, кеден қызметінің полковнигі;
Бейбіт Исабаев (1962) – Қазақстанның Қырғыз республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;
Бағила Бисембаева (1964) – ҚР Парламент Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Жан Ғалиев (1972) – Қазақстанның Франциядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
Ербол Сүлейменов (1973) – Қазақстан ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығының бас директоры.
Желтоқсанның 5-і
Алаштың атаулы күні

• 106 жыл бұрын (1905-1991) қоғам қайраткері Сабдық Шәріпов дүниеге келді.
• 17 жыл бұрын (1994) Будапеште әлемнің ядролық державалары Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.
• Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні.
Туған күн иелері
Шәкен Жарасов (1937) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, академик;
Тұрсын Айжолов (1942) – генерал-майор, ҰҚК-нің құрметті қызметкері;
Абай Айтмұхамбетов (1943) – физика-математика ғылымының докторы, профессор;
Михаил Дәуенов (1943) – профессор, академик, генерал-майор;
Қайрат Қадыржанов (1945) – Қазақстан ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымының докторы, профессор, академик;
Бауыржан Жанақов (1948) – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі;
Ерлан Тұрлыбеков (1949) – Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі;
Әбдіжапар Сапарбаев (1954) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Мұхтар Жұмағазиев (1956) – Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Ләззат Смағұлова (1970) – Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі аппараты басшысының орынбасары;
Талапбек Әженов (1971) – медицина ғылымының докторы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ІЗЕТ – қазақтың төл есімі. «Сыпайы, биязы, кішіпейілді» деген мағына береді. Қазақ жаңа туған сәбиге «ел-халқының бағына туған кішіпейілді, ізетті, әдепті ұлан болып өссін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде өте сирек кездесетін ныспы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста