Қазақ тарихындағы Қоян жылдарының шежіресі

Қазақ тарихындағы Қоян жылдарының шежіресі

1579
Иасы қаласы Хақназар ханның ие­лі­гіне өтіп, қазақ хандығының аста­на­сына айналды.
1663
Қоғам қайраткері, атақты шешен, ой­шыл Төле би Әлібекұлы дүниеге келді.
1699
І Петрдің жарлығымен Жаңа жылды той­лау батыс елдеріндегідей 1 қаңтарға ауыстырылды.
1711
Қазақ еліне көз алартқан жоңғарлар­дың алғашқы жорығы басталды, қазақ ба­тыр­­ла­ры тізе қосып, жауға күйрете соққы бер­ді.
Қазақтың ұлы ханы Абылай (Әбілман­сұр) Уәлиұлы дүниеге келді.
1723
Халқымыздың басына «Ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұлама» зұлматы төнді.
1735
Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының іргесі қаланды.
1771
Әбілмәмбет хан дүние салған соң, ха­лық Абылайды ақ киізге орап, хан кө­тер­ді.
Еділ қалмақтары мен Абылай хан бас­та­ған қазақ қолы арасында қырғын соғыс бол­ды.
1783
Қазақ ауылдарын аяусыз шапқан казак-орыс атаманы Чагановтың жасағын Сырым Датұлы әскері ойсырата жеңді.
1795
Қазақтар қатыгездігі шектен шыққан Уәли хан Абылайұлын тақтан алу туралы өті­ніш жасады.
1807
Орыс отаршылдығына қарсы бас кө­терген қазақтың әйгілі батырларының бірі Есет Көтібарұлы дүниеге келді.
1843
Қазақтың әйгілі әнші-ақыны, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді.
1867
Патшалық Ресей қазақ жерін бас­қару­дың жаңа «Уақытша ережесін» шығарды.
Елде «Жалпақ қоян жұты» аталған нәу­бет басталды.
1879
Қазақ елін қан қақсатқан Иосиф Вис­сарионович Сталин дүниеге келді.
«Үлкен қоян жұты» болды.
1891
Елде тағы бір алапат қуаңшылық бо­лып, ол «Кіші қоян жұты» аталды.
1939
Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
1975
Алматыдағы 28 гвардия­шы-панфилов­шылар атындағы саябақта әйгілі Даңқ ме­мо­риалы ашылды.
1987
КСРО-да қайта құру реформасының белсенді фазасы басталды.
Қазақстан компартиясы ОК мен Қазақ КСР-інің «Республикада қазақ тілін мең­геру­ді жақсарту туралы» және «Респуб­ли­када орыс тілін меңгеруді жақсарту туралы» қау­лылары қабылданып, қазақ тілі қол­данысын кеңейтуге қатысты алғашқы қа­дам­дар жасала бастады.
Қазан төңкерісінің соңғы мерейтойы – 70 жылдығы аталып өтті.
Республикада алғашқы ВИЧ-ин­фек­циясы дерегі тіркелді.
1999
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.
Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет халық санағы өтті, оның қорытындысы бойынша, елде 14 953 100 адамның тұратыны және ха­лықтың 1989 жылғы көрсеткішіне қара­ған­да 7,7 пайызға азайғаны байқалды.
Еліміздегі негізгі мұсылмандық ме­ке­мелердің бірі – Алматы Орталық мешіті ашыл­ды.
Алматы халықаралық әуежайында ала­пат өрт болып, ғимараттың 6000 шар­шы метр аумағы жанып кетті.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста