ЖОЛДАУ 2018: ПЕДАГОГТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ

ЖОЛДАУ 2018: ПЕДАГОГТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ

Бұлақбаева Мейрамгуль Кеңесбайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті профессоры

Түйіндеме: мақалада республикадағы жетекші жоғары оқу орындардың бірі, парасатты тек қыз балаларды оқытатын жалғыз да бірегей университеттің Елбасы Жолдауын жүзеге асырудағы басталып кеткен алғашқы қадамдар туралы ақпарат беріледі.

Бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығы білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осы орайда жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс. Себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.
Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында былай деген: «Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдауы қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс». Орта мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде берілетін тәрбие мен білімге аса мән беріліп, педагог мамандардың кәсіби біліктілігін, олардың өз ісіне жауапкершілігін арттыру көзделген. Бұл міндетті орындауда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі мол, бәсекеге қабілетті халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын, қазақ қыздарының парасат мектебі – Қыздар мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің үлесі зор деп есептеймін.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
«Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.
Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс» деп айтылған Жолаудағы басты идеялардың бірі республика бойынша біздің университетімізде алдыңғы қатардағы перспективалардың біріне айналып, шешімін тауып жатыр.
«6М010300 – Педагогикалық өлшемдер» мамандығын даярлаумен бүгінгі күні тек Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті шұғылданып, алғашқы түлектерін білім беру сапасын бағалау мен бақылау салаларына жолдап отыр. 2018-2019 оқу жылында мамандықтың елімізде терең сұранысқа ие болып отырғанын 150 магистрантқа Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі тарапынан грант бөлуі де дәлелдейді.
«6М010300 – Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша магистранттар даярлау білім беру бағдарламасына да өзіндік ерекшелік алып келіп, жалпы құндылықтар мен кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда қайта өзгерістер енгізуімізге себеп болды.
Бағдарламаның басты мақсаты - ғылым және білім саласында педагогикалық және сараптамалық іс-әрекеттердің теориялық-қолданбалы негіздерін игерген құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осыған орай, магистранттардың бойында төмендегідей құзыреттіліктерді игерту біздің университетіміздегі профессор-оқытушылар құрамының басты міндеті дей келе, негізгі басымдылықтарды басшылыққа аламыз:
- білім беру сапасын бағалаудың әдіснамалық тұғырларын білу;
- тест құрастыру мен қолданудың теориялық негіздерін түсіну;
- педагогикалық өлшемдерді құрастыру мен оларды орындау нәтижелерін бағалауда қажетті отандық және шетел математикалық-статистикалық пакеттердің негізгі түрлерінен хабардар болу;
- сараптамалық бағалау және білім сапасының түрлі көрсеткіштері бойынша сараптама ұйымдастыра алу.
Және педагог мәртебесін жоғары деңгейге арттыруға септігін тигізетін кәсіби құзыреттілікке - педагогикалық өлшемдер саласындағы бақылау-бағалаушылық процестің заманауи жағдайларында білім алушылардың даярлығын бағалау жүйесін НЗМ білім беру жүйесінің озық тәжірибелерін терең меңгеруді енгіземіз.
Осындай мемлекеттік деңгейде орындалатын іс-шараны Қыздар мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді қысқа мерзімдік курстарды өткізу мақсатында жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнатып отыр. Мәселен, «6М010300 – Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша Н.Н.Найденова, М.Б.Челышкова, В.И.Звонников сияқты ғалымдар қысқа мерзімді курстарға іс-сапармен келіп, педагогикалық өлшемнің теориясы мен практикасына қатысты арқпараттармен бөлісіп отыр. Бұл Елбасымыздың «Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын» деген идеясын қолдау мақсатында қолға алынып жатқан іс-шаралардың бастамасы екендігі сөзсіз.
Университеттің «6М010300 – Педагогикалық өлшемдер» мамандығы түлектері 2018 жылғы TIMSS, PISA халықаралық өлшеу жүргізу ісіне ат салысып, өздерінің білікті маман екендігін көрсете білді. Астана қаласында Халықаралық өлшемдерді іске асырумен шұғылданатын құзырлы мекеме басшылары түлектердің біліктілігін жоғары бағалап, мадақтауларын жеткізді.
Тест Орталығында басшылық қызметінде жұмыс істейтін мамандарымыз да жетерлік.
Қорыта келе айтарымыз, келер жылғы іске асатын «Педагог мәртебесін көтеру» заңын қолдай отырып, біздің университет ұстаздарының қосатын үлесі зор. Алдымен, маман даярлауда жасалатын басты қадамдары бүгінгі күнгі педагогикалық іс-әрекеттерімен (педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар) ұштасады:
- студенттер мен магистранттардың білім және тәрбие деңгейін анықтау;
- педагогикалық тапсырмаларды нақты қою, оны шешу шарттарын білу;
- студенттер мен магистранттардың оқу-тәрбие әрекетіне жетекшілік жасауды жоспарлау;
- оқу-тәрбие жұмысында әдіс-тәсілдерді, ұйымдастырушылық жұмыстарды негіздеу;
- оқу-тәрбие мақсатына байланысты студенттердің деңгейлерін есепке ала отырып, оқу-тәрбие материалдарын таңдау, талдау, жинақтау, жүйелеу;
- ғылым мен оқу пәнінің арасындағы айырмашылықты айқындап, ғылыми материалды сабаққа ыңғайлап өңдеу;
- сабақтың логикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық-педагогикалық құрылымын негіздеу және шығармашылық тұрғыда өткізу;
- студенттер мен магистранттардың іс-әрекетіне педагогикалық жетекшілік жасау, олардың әрекетінің құрылымын жоспарлау;
- өмірдің белгілі бір кезеңдерінде студенттердің мінез-құлқына, психикалық көңіл-күйіне қарай өзгерістерді анықтау, оның ерекшеліктерін түсіну;
- студенттердің жеке-даралық ерекшеліктеріне сай талап етудің тиімді формасын табу;
- педагогикалық коммуникациялық қабілеттің болуы;
- жағдайлар мен шарттардың өзгеруіне қарай іс-әрекеттің тәсілдерін өзгерту, қайта құру;
- студенттер мен магистранттардың жұмысына шұғыл түрде бақылау жасау, оның сипатын, бағытын қажет болған жағдайда өзгерту, алынған нәтижелерге талдау жасап, қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкестігін талдау;
- оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларының, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
- кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау;
- өзінің іс-тәжірибесін талдау және қорытындылау;
- өзге педагогтардың тәжірибелеріне талдау жасай отырып, ондағы тиімді жаңашыл формаларды, әдіс пен тәсілдерді өзінің жұмыс практикасында қолдану.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста