ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Ұлы Абай адам болу талабы неден басталады деген сұраққа өзінің 38-ші қарасөзінде үш түрлі себеппен: яғни нәсілінен, әлеуметтік ортасынан, алған тәрбиесінен пайда болатынын айтады. Толық адам болып шығуына ата-анасының, ұстазының, қоршаған ортасының тікелей әсері барын кемеңгер ойшылдықпен толғаған екен.
Абай даналығында толық адам болып қалыптасуына ұстаздың қызметі ерекше деген пәлсапалық ойы бүгінгі педагогикадағы ірі құбылыс, ұстаздардың ұстазы, халық баласының жанашыры Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваға дәл арналып айтылғандай. Өйткені Қанипа Омарғалиқызы өзінің ұстаздық қызметінде жүздеген шәкірттерінің Адам, Нағыз адам, Толық адам болып қалыптасуына зор еңбек еткен, сол жолда саналы ғұмырын арнаған ізгі жан. Абай сөзімен айтсақ, бір бойына әділет, шапағат, қанағат, рахым, ізгілік, терең ой, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек пен мол білім қасиеттерін жинаған кемел адам. Әр шәкіртін сол талапқа сай биіктен көруге бар күш-жігерін жұмсаған мол қайрат иесі.
Осынау ұстаз деген ұлы ұғымды өз басым сонау 1988 жылы 7-ші сыныптан бастап Қанипа Омарғалиқызының алдынан оқып, тәрбие алған кезден бері ұғынып, содан жиырма жылдан артық уақыт қастерлеп, қасиетін сезініп келемін. Әлі есімде алғаш 7 сыныпта қазақ әдебиетінен сабақ берген кезде ұстаз балалық балғырт сезімізге ерекше сәулесін түсіріп, әдебиет әлеміне баурап, тұңғиық тереңіне сүңгітіп жіберген еді. Сол кезден бері әдебиет әлемінің ғажайып сырларын зерттеуге, әдебиетші мамандығын таңдауыма ұстаз ұлағатының айрықша қасиеті ықпал етті. Ұстаз арқылы туған тіліміз бен әдебиетімізді, тарихымыз бен әдет салтымызды сүйіп, халқымыздың патриоты болуға ұмтылдық. «Әдебиет» деген сөз өнері мен ғылымның басын қосқан, ерекше сырға толы ғажайып сұлу әлем екенін ұқтық. Халқымыздың ардақты ақын-жазушылары мен дүлдүл шешендерін, майталман қаламгерлері мен шебер сөз зергерлерін сүйіп оқыдық.
Ұстазға деген құрметтен туған бір кезде дәрігер, инженер, юрист болғысы келген бір сыныптағы 25 оқушының 12-сі бірден 1992 жылы қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түскен едік. Қалған оқушылар да кейінгі жылдары осы мамандыққа оқуға түсіп, бітіріп жатты. Бір ұядан түлеп ұшқан сол түлектер қазіргі уақытта әр жерде, әр тарапта қызмет істеп, өз міндеттерін адал атқарып жүрген елінің ардақты ұл-қыздары деуге тұрарлық.
Байқап отырсақ, ұстаздың ұзақ жылғы тер төккен қызулы еңбек жолында шәкірттері үшін бірде-бір шаршап жалықпағанын, сол жолда бар жаны мен күш-қайратын салуға даяр жанкешті адам ретінде танылып мойындалғанын білеміз. Әр уақытта өз ісіне өте адал берілген, туған тілі мен әдебиетінің нағыз жанашыры, қарапайым халық баласының қамқоры болған үлкен жүректі даналық тұлғасын көріп-біліп, жақсы танып келеміз. Ол кісі өтірік пен өсекке, жағымпаздық пен екіжүзділікке жаны қас адам. Тура сөйлеп, бетке тура айтатын мінезі бар. Сол үшін де көп адамдар ол мінезінен қаймығатын.
Ал ұстаздың шәкірттеріне деген жүрегі өте кең де дархан деуге болады. Шәкірттерінің қателігін түзетіп, оған кейде ренжіп жатса, кейде одан үлкен басымен кешірім де сұрайтын еді. Шәкірттерін ерекше құрметтеп, әрбіреуіне үлкен мән беріп, бір-бір төбе етіп отыратын. Әрқайсысымызға үлкен үміт артатын. Шәкірттеріне ерекше махаббатпен, мархабатпен қараған, оған айрықша құрмет көрсетіп, шәкіртін өмірінің мәніне айналдырған Қанипа Омарғалиқызындай ұстаз кемде-кем шығар.

Картаева Айжан Маратбекқызы,

филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті. «2012 жылдың Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (ҚР Білім және Ғылым министрлігі), 2013 жылы DIPLOM DI MERITO мен Европаның алтын медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста