Жаңалықтар

«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
Жаңалықтарtizgintizgin

«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті, 72 жастағы Григорий Лорияға іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Лорияға іздеу салған — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті. Ол бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, сондай-ақ салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару …

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті белгісіз жағдайда көз жұмды
Жаңалықтарtizgintizgin

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті белгісіз жағдайда көз жұмды

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқитын бірінші курс студенті көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті Tizgin.kz редакциясына берген жауабында. Қайғылы оқиға 6 қараша күні кеште студенттер қалашығында болған. Марқұм Шымкенттен Алматыға білім алу үшін келген. Оқиғадан кейін кампусты полиция қызметкерлері мен университет өкілдері тексерді. …

Түркістан облысында 17 адам әлеуметтік көмек алу үшін бір үйдің мекенжайын көрсеткен
Жаңалықтарtizgintizgin

Түркістан облысында 17 адам әлеуметтік көмек алу үшін бір үйдің мекенжайын көрсеткен

Түркістан облысында әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу кезінде бірқатар заңсыздық анықталды. Жетісай ауданында 17 адам мемлекеттен көмек алу үшін өздеріне тиесілі емес үйдің мекенжайын көрсетсе, Отырар ауданында мүгедектігі бар 96 балаға 9 млн теңгеге жуық қаражат толық төленбеген, деп хабарлайды Tizgin.kz. 17 адам бір үйдің мекенжайын көрсеткен Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жетісай ауданында 2022-2023 жылдары әлеуметтік …

Астанада ет жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жаңалықтарtizgintizgin

Астанада ет жәрмеңкесі өтіп жатыр

7-8 қараша күндері Астана тұрғындары ет өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Соғым-FEST» жәрмеңкесіне Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан келген шаруалар қатысып жатыр. Екі күн ішінде 1000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған. Жәрмеңке 09:00-ден 19:00-ге дейін Keruen Joly, «Ет Әлемі» және …

Ақтөбе әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға митинг өткізуге тыйым салды
Жаңалықтарtizgintizgin

Ақтөбе әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға митинг өткізуге тыйым салды

Ақтөбе әкімдігі мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға арналған митинг өткізуге берген рұқсатын кері қайтарып алды. Бұл туралы құқық қорғаушы Мұсағали Дауылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Бастапқыда әкімдік митингіні 3 желтоқсанда сағат 10:00-ден 11:55-ке дейін Астана ауданындағы «Авиатор» саябағында өткізуге рұқсат берген. Бұл шешімнің күшін жоюға аталған аумақта «Aqtobe Su-Energy Group» компаниясының апаттық қалпына келтіру жұмыстары …

Маңғыстаудағы кен орнында қызметтік автобус жұмысшыны қағып кетті
Жаңалықтарtizgintizgin

Маңғыстаудағы кен орнында қызметтік автобус жұмысшыны қағып кетті

Маңғыстау облысында вахталық автобус жолдан өтіп бара жатқан жұмысшыны қағып, салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы бұл жағдайды растады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 11:30 шамасында Ақтау-Қаламқас тасжолының 170-171-шақырымында болған. Қаражанбас кен орнына бағыт алған Daewoo маркалы вахталық автобус жолдан өтіп бара жатқан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметкерін қағып кеткен. …

Оспан батыр пір тұтқан, Алаш идеясын қолдаған Зуқа батыр жайлы екі кітаптың тұсауы кесілді
Жаңалықтарtizgintizgin

Оспан батыр пір тұтқан, Алаш идеясын қолдаған Зуқа батыр жайлы екі кітаптың тұсауы кесілді

Қазақтың тағдыры қашанда Алтайдың екі бетімен сабақтас. Ұлы Алтайдың бергі бетінде елдің азаттығын аңсаған Алаш арыстары күрес жүргізсе, арғы бетінде қара халықтың қамын жеп, әділетсіздікке қарсы тұрған ерлер аз болмаған. Солардың бірі – елге қорған, әлсізге пана болған Зуқа батыр Сәбитұлы. Астанада тарихи тұлғаның туғанына 160 жыл толуына орай «Қаракөпір» және «Қорған» кітаптарының тұсауы кесілді, …

Қазақстанның екі тарихи мұрасы ЮНЕСКО тізіліміне енді: Ерлан Қарин мәлімдеме жасады
Жаңалықтарtizgintizgin

Қазақстанның екі тарихи мұрасы ЮНЕСКО тізіліміне енді: Ерлан Қарин мәлімдеме жасады

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қатысты екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. Ал желтоқсан айында қазақтың кесте өнері, киіз басу дәстүрі мен салбурыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қосу мәселесі қаралады. Бұл туралы Вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіптің мұрасы ЮНЕСКО тізіліміне енді Мемлекеттік …

Шығыс Қазақстанда 63 жастағы ер адам тұманда адасып кетті
Жаңалықтарtizgintizgin

Шығыс Қазақстанда 63 жастағы ер адам тұманда адасып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында мал қарауға атпен шығып, қалың тұман салдарынан адасып кеткен 63 жастағы ер адам аман-есен табылды. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған, деп хабарлайды Tizgin.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Іздестіру тобы жоғалған тұрғынды «Қос өткел» учаскесінен 20 шақырым қашықтықта тапқан. Мал қарауға атпен шыққан тұрғын …

Алматыда асхана өртенді: құтқарушылар ғимараттан 7 газ баллонын алып шықты
Жаңалықтарtizgintizgin

Алматыда асхана өртенді: құтқарушылар ғимараттан 7 газ баллонын алып шықты

Алматыда түнде асхана ғимаратынан өрт шығып, құтқарушылар жеті газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты. Өрт ғимараттың шатыры мен бірінші қабатын шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz. Түнде асхана ғимаратынан өрт шықты Оқиға 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні Алматы қаласының Түрксіб ауданында болған. Рихард Зорге көшесінде орналасқан бір …

Адам көзіне түсе бермейтін сәттер: Ақсу-Жабағылы қорығынан ерекше кадрлар жарияланды
Жаңалықтарtizgintizgin

Адам көзіне түсе бермейтін сәттер: Ақсу-Жабағылы қорығынан ерекше кадрлар жарияланды

Қазақстандағы ең көне табиғи қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылыда орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін түсіріп алды. Арнайы камералар арқылы аңдардың қозғалысын, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік туған, деп хабарлайды Tizgin.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап. Мамандар мұндай деректердің жануарлар дүниесін зерттеу мен қорғауда маңызы зор екенін атап өтті. Жабайы …