Жаңалықтар

Астанадағы балабақшада баланы орындықпен бетінен ұрған: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Жаңалықтарtizgintizgin

Астанадағы балабақшада баланы орындықпен бетінен ұрған: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Астанадағы «София 3» жекеменшік балабақшасында баласының соққыға жығылғанын айтып шағымданған ананың арызынан кейін полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің айтуынша, балабақшадағы басқа тәрбиеленуші оның ұлын металл орындықтың аяқтарымен бетінен бірнеше рет ұрған. Оқиға болған сәтте балалардың жанында ересектер болмаған көрінеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Анасының айтуынша, оқиға кезінде балалар қараусыз қалған Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде …

Ресейді ТМҰ-ға бақылаушы ретінде шақыру: Түркия Тоқаевтың ұсынысына жауап берді
Жаңалықтарtizgintizgin

Ресейді ТМҰ-ға бақылаушы ретінде шақыру: Түркия Тоқаевтың ұсынысына жауап берді

Түркияда ресми билік өкілі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) бақылаушы мәртебесін беру туралы ұсынысына қатысты үн қатты. Түркиядағы билік басындағы Әділет және даму партиясы (AK Parti) төрағасының орынбасары Күршад Зорлу Ресейдің ұйым жұмысына қандай шарттармен қатыса алатынын түсіндіріп, ынтымақтастықтың балама форматын ұсынды. Бұл туралы Tizgin.kz түркиялық Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап …

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді
Жаңалықтарtizgintizgin

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар басылымды кітап дүкендерінен қалай кездестіргендерін айтып, оқығаннан алған әсерлерімен бөлісуде. Сондай-ақ Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты ой-пікірлерін талқылап жатыр. Желі қолданушыларының бірі балаларымен бірге сауда орталығына барған кезде күтпеген жерден кітапқа көзі түскенін жазған. Кітап дүкеніне кірген ол кіреберістегі …

«Ұят екен, өшіріп тастаңыздар»: Димаш TikTok-тағы сыйлықтардан бас тартты
Жаңалықтарtizgintizgin

«Ұят екен, өшіріп тастаңыздар»: Димаш TikTok-тағы сыйлықтардан бас тартты

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген TikTok желісіндегі тікелей эфирінде жанкүйерлерінен өзіне ақылы виртуалды сыйлықтар жібермеуді сұрады. Әнші мұндай сыйлықтардың ақшаға сатып алынатынын білген соң, көрермендеріне қаражатын жақындарына жұмсауға кеңес берді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Әншінің тікелей эфирдегі видеосы көпшіліктің талқысына түсіп, оқырмандары мен жанкүйрелері  ризашылық білдірді. «Мұның бәрі ақылы екен ғой» TikTok желісіндегі тікелей эфир …

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған тарихи суреті табылды
Жаңалықтарtizgintizgin

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған тарихи суреті табылды

Қазақтың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының бұрын көпшілік назарына ұсынылмаған сирек фотосуреті жарияланды. Тарихи жәдігер туралы ақпарат батырдың есімімен аталған Instagram парақшасында тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Бауыржан Момышұлын әспеттейтінін Instagram парақшасында жарияланған ақ-қара фотосуретте батырдың басына қалпақ киіп, қырынан қарап тұрған сәті бейнеленген. Парақша авторларының мәлімдеуінше, бұл – бұған дейін еш жерде жарияланбаған, көпшілікке …

Қазақстанда қылмыс құрбандарына өтемақы көбейе ме: Қорда 8,5 млрд теңге бар
Жаңалықтарtizgintizgin

Қазақстанда қылмыс құрбандарына өтемақы көбейе ме: Қорда 8,5 млрд теңге бар

Қазақстанда қылмыстан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу жүйесін қайта қарау ұсынылды. Құрылтай депутаты Снежанна Имашева сегіз жыл ішінде арнайы қордан небәрі 5,5 мың адамға 855 миллион теңгеден астам қаражат төленгенін, ал шотта шамамен 8,5 миллиард теңге қалғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Өтемақы алуға құқылы болғандар әлдеқайда көп еді» Қазақстанда Жәбірленушілерге өтемақы қоры 2018 жылдан бері …

Қазақстанда автокөлік бағасы арзандай ма – министр жауап берді
Жаңалықтарtizgintizgin

Қазақстанда автокөлік бағасы арзандай ма – министр жауап берді

Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Министрдің айтуынша, отандық автокөлік нарығында бағаның төмендеу үрдісі байқалып отыр. «Мен бағаның төмендеу үрдісін байқап отырмын. Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің бағасы қымбаттамайды», – деді Нағаспаев. Оның мәліметінше, былтыр елімізде 171 мың автокөлік шығарылса, биыл өндіріс көлемін 191 …

Түркияның халықаралық қоры Астана мен Алматыда мектептер ашады
Жаңалықтарtizgintizgin

Түркияның халықаралық қоры Астана мен Алматыда мектептер ашады

Түркия 2025 жылы шамамен 64 миллион туристі, оның ішінде 763 мыңға жуық Қазақстан азаматын қабылдады. Бұл туралы 3 қараша күні Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты шарада Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу айтты, деп хабарлайды Қазақстандағы Түркия елшілігінің коммуникация басқармасына сілтеме жасап. «1923 жылы 12,5 миллион халқы бар Түркия ұзаққа созылған …

«Астана – Петропавл» тасжолындағы апат: полицей көз жұмды
Жаңалықтарtizgintizgin

«Астана – Петропавл» тасжолындағы апат: полицей көз жұмды

Ақмола облысында «Астана – Петропавл» тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген Оқиға салдарынан зардап шеккен тәртіп сақшысы Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның басынан ауыр жарақат алғанын анықтады. Медициналық тексеру нәтижесінде төбе-самай сүйегінің сынуы, мидың ісінуі, жедел субдуралды гематома және пневмоторакс диагноздары қойылған. …

Зайсан мен Катонқарағайдағы әуежайлар қашан ашылады
Жаңалықтарtizgintizgin

Зайсан мен Катонқарағайдағы әуежайлар қашан ашылады

Қазақстанда Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларының құрылысына шамамен 226 млрд теңге қарастырылған. Үш нысанның екеуін биылғы жылдың соңына дейін, ал үшіншісін 2027 жылдың ақпанында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Tizgin.kz тілшісінің сұрағына жауап берді. Журналист Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында аталған үш әуежайды жақын арада іске қосу міндеті қойылғанын еске салып, …

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алатын болды
Жаңалықтарtizgintizgin

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алатын болды

Депутаттар Қазақстан мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы 3,4 миллиард қытай юані көлемінде қарыз тарту туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қолдады. Қаражатты көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп пен білім беру салаларын қаржыландыруға жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.  Келісімге қашан қол қойылды Мәлім болғандай, осындай көлемдегі қарыз алу туралы келісімге биыл 11 қыркүйекте қол қойылған. Қаржы …