7-8 қараша күндері Астана тұрғындары ет өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Соғым-FEST» жәрмеңкесіне Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан келген шаруалар қатысып жатыр. Екі күн ішінде 1000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған. Жәрмеңке 09:00-ден 19:00-ге дейін Keruen Joly, «Ет Әлемі» және …