
Дархан Сатыбалды: Алматы бүгінде жаңа дәуірдің табалдырығында тұр
Әлем өзгеріп жатыр. Экономиканың табиғаты, технологияның қарқыны, адамдардың өмір сүру салты, қалалардың бір-бірімен бәсекелесу тәсілі түбегейлі жаңарды. XXI ғасырды қалалар ғасыры деп атайды. Бүгінде елдердің ғана емес, қалалардың да бәсекеге қабілеттілігі олардың экономикалық қуатымен, адами капиталымен, технологиялық дамуымен және өмір сүру сапасымен өлшенеді. Алматы XXI ғасырда Орталық Азиядағы жетекші қалалардың бірі ғана емес, өңірдегі қалалар …

Астанада су үнемдеуге арналған ай сайын өтетін эко сағаттар сериясы басталды
Қазақстанның астанасында су ресурстарына ұқыпты қарауға арналған алғашқы бірыңғай экологиялық сағат өтті. Іс-шараға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қоса алғанда, шамамен 300 мың бала қатысты. Экосағаттар ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Суды үнемде — болашақты сақта!» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің …

«Ыстығына күйіп, суығына тоңдым»: Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін хабарлады. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Бүгін мен үшін ерекше толқынысты күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті. Төрт жыл ішінде сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, туған қаламыздың дамуы үшін шамамыз келгенше еңбек еттік. Бұл кезең мен үшін …

Шымкентте қабағына ота жасатқан әйелдің бір көзі көрмей қалды
Шымкент қаласында тиісті маман сертификаты мен лицензиясы болмай пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот барысында оның жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленушінің бір көзінің көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды. Сот үкімімен тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ …

Непалдағы апат: із-түзсіз жоғалған үш отандасымыздан әлі хабар жоқ
Қытай мен Непал шекарасында болған табиғи апат аймағында жоғалып кеткен үш қазақстандықтан әлі ешқандай хабар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты. Сөзінше, Қазақстанның дипломатиялық қызметкерлері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның …

WhatsApp бірден екі маңызды жаңартуды дайындап жатыр: мессенджерде не өзгереді?
Әзірлеушілер мессенджерге арналған, қазіргі уақытта жаңа бета-нұсқаларда белсенді сынақтан өтіп жатқан көптен күткен екі бірдей функцияны дайындап

Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасады. Әскери қызметшілер лек құрамында қозғалысты ұйымдастыру, бөлімшелерді басқару және белгіленген бағыт бойынша тәртіпті сақтау мәселелерін пысықтады. Марш барысында жеке …

Экс-депутат қағып кеткен жігіт ауруханадан шықты
31 күннен бері ауруханада жатқан Нұржігіт үйіне шықты. Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі тап болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Нұржігіт ауруханадан шыққанын көрсетіп, видео жариялады, деп хабарлады tiek.kz. Бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған еді. Ауыр жарақат алған Нұржігіт 31 күн бойы ауруханада жатып, өмір үшін күрескен еді. Бірнеше күн комада …

Қазақстандықтар 2026 жылдың қазанында қосымша демалыс алады
Қазан соңында қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады. Жақындарыңызбен кездесулерді немесе сапарларыңызды алдын ала жоспарлауыңыз

Кім маңыздырақ - анасы ма, әлде жұбайы ма? Психологтар бұған үйлену тойындағы торттың қандай қатысы барын түсіндірді
Үйлену тойындағы торттың бір тілімі болашақ отбасылық өмір туралы не айта алады? Көп нәрсені аңғартуы мүмкін екен. Егер күйеу жігіт алғашқы

Қазақстандық азамат ірі компанияның басты жарнамалық ұранын “ұрлап“ алған
Өнімді жылдап дамытып, соңында өз ұраныңыз үшін ақша төлеу немесе оны шұғыл ауыстыру - кез келген бизнес тап болуы мүмкін қауіпті сценарий.

Атышулы экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Бүгін, 16 қыркүйекте бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Ол тоғыз жыл түрмеде отырғаннан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arasha.kz. 2020 жылы сот Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырды деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін жаза мерзімі тоғыз жылға қысқартылды. Ертаев 2018 жылы ұсталғанын ескерсек, оның жазасын өтеу мерзімі дәл …

Мәслихат төрағасы диналыс үстінде электронды темекі шеккен
Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы жұмыс барысындағы онлайн-жиналыс кезінде электронды темекі пайдаланған бейнежазба жарияланғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жазба әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Қанат Саққұлақовтың онлайн-отырыс кезінде қызметтік кабинетінде электронды темекі (вейп) тартып отырғаны анық көрінеді. Видео тез арада тарап, полицияның назарына ілікті. Аудандық тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізіп, депутатқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (тыйым …

“Көзге кіріп, киімге жабысады“: ақтөбеліктер шіркей қаптағанына шағымданды
Ақтөбе тұрғындары шіркей қаптағанына шағымданып жатыр: жәндіктер көшеде, аула мен саябақта үймелеп, көзге, мұрын мен ауызға кіріп, киімге жабысады.

«Бомба, террорист»: Көлік министрлігі ұшақ бортында айтуға болмайтын сөздер барын ескертті
Көлік министрлігі әуежай мен ұшақ бортында қауіп төндіретін сөздерді кейбір әзіл ретінде де айтуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлады tiek.kz. Ведомствоның мәліметінше, күнделікті өмірде қалыпты қабылданатын кейбір сөздер авиация саласында қауіп белгісі ретінде бағалануы мүмкін. Олардың қатарында «бомба», «жарылыс», «террорист», «қару» және «ұшақты басып алу» секілді тіркестер бар. Мұндай сөздер айтылған жағдайда экипаж немесе авиациялық қауіпсіздік қызметі …

Кім басты орында - адам әлде ЖИ? Microsoft кодекс дайындап жатыр
Microsoft өз жүйелеріне арналған жасанды интеллект этикасы кодексінің жобасын таныстырды. Компания болашақтағы қуатты модельдердің ережелерін

«Оның бас сүйегімен шарап ішеміз»: ЕҰУ Кенесары ханға тіл тигізген қыздардың оқудан шығып кеткенін хабарлады
Кенесары ханға тіл тигізген қырғыз студенттерінің шуынан кейін Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ресми түрде түсініктеме берді. Екі бойжеткеннің осы оқу орнында 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрінде оқып, содан кейін Қазақстаннан кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz. ЕҰУ не дейді Ресми түсініктемеде университет әлеуметтік желілерде Қырғыз Республикасының азаматшалары орынсыз әрі жол беруге болмайтын пікірлер айтқан …

Туыстарының көз жұмғанын білмейді: Ақбаян балаларымен қауышты (ВИДЕО)
Атыраудағы ауыр қылмыстық оқиғадан кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты. Қазір ол жақындарының қарауында. Соңғы уақытта балаларына барып, олармен қайта қауышып жүр. Қазір Ақбаянның денсаулығын қалпына келтірумен қатар, қалыпты өмірге қайта бейімделуіне басымдық беріліп отыр. Ол әлеуметтену мақсатында түрлі оңалту орталықтарына барып, қажетті сауықтыру шараларынан өтуде. Ақбаянның апасы Д.-ның айтуынша, сіңілісінің …

1 000 000 адам кітап оқуды таңдады: Республикалық марафон тарихи межеге жетті
«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінен 1 миллион азамат кітапты, білімді және дамуды таңдап отыр, – деп хабарлайды Tiek.kz. Бұл – ауқымды жоба мен үлкен оқырман қауымы үшін өте маңызды белес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл цифрдың артында жай ғана тіркеулер саны емес, марафонды өзіне жаңалық етіп ашып, …

«Қырғызстанда оның бас сүйегімен шарап ішеді»: Кенесары ханға тіл тигізген қырғызстандық екі студент кешірім сұрады (ВИДЕО)
Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген қырғызстандық студенттер Аруке мен Эдина Кенесары хан туралы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады. Екі елдің әлеуметтік желілерінде дау туғызған эфирден кейін олар қазақ тілінде видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Студенттер не деді Видеоүндеуде студенттер өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайтынын мойындап, Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарынан кешірім сұрады. «Интернетте …

Орынбасарлары істі болған Атырау әкімі қызметінен кетті
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігі де растап, Шәкір Кейкіннің қала әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады. Бұған дейін Шәкір Кейкиннің екі бірдей орынбасары істі болған еді. Маусым айында қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты соталды тергеу жүріп жатыр деген ақпарат шықты. Арада бір ай өтпей …

Apple iPhone-ды танымастай өзгертті ме? iOS 27-де қандай өзгеріс бар?
Apple 14 қыркүйекте iOS 27 нұсқасын шығарады. Бұл - Liquid Glass дизайны жаңарған, жүйе жұмысы жеделдетілген және Apple Intelligence жаңа функциялары

Астанада шетелдік блогердің мойынына асылған полицей қыздар қызметінен қуылды
Астанада мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггагович түсірген видеодан кейін туристік полицияның екі қызметкері жұмыстан шығарылды. Кадрларда блогердің полицей қыздардың бірін көтеріп алып, билеп жүргенін көруге болады. Оқиға Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында болған. Тревел-блогер екі полиция қызметкерімен бірге би билеп, кейін олардың бірін көтеріп алған. Алайда видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. …

Сахнаға мас шыққан: белгілі айтыскер айтыстан шеттетілді
Әлеуметтік желіде қарағандылық ақын Мақсат Ахановқа қатысты жайсыз видео тарап жатыр. Жазбадан Мақсаттың айтыстарының бірінен үзінді келтірілген. Сахнада ақынның мас отырғаны, сөздерін ұйқастыра алмай, лағып отырғанын байқауға болады. “Мынау не масқара, не көргенсіздік! Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» деген, …