
Қорғаныс министрлігіндегі 3 жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі 3 жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен алынды. Алмаз Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ Қанат Ниязбеков Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Айта кетейік, сарбаздардың қаза болуына байланысты …

40 млн доллар инвестиция, криптохаб және жаңа дата-орталық: AI & Digital Bridge 2026 форумындағы басты келісімдер
Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы жасанды интеллект болашағын құр сөзбен талқылайтын мінбер ғана емес, нақты инвестициялық және технологиялық жобалар бекітілетін іскерлік алаңға айналды. Форум аясында цифрлық активтерден бастап медицина мен білім беру саласына дейінгі ауқымды меморандумдарға қол қойылды, – деп хабарлайды Tiek.kz. Бұл құжаттар елімізде есептеу қуаттарын құрудан бастап, Web3 …

Мені еш партия шақырған жоқ – Ринат Зайыт
Экс-депутат “Жас Алаш” газетіне берген сұхбатында Құрылтай сайлауы алдында ешбір партиядан шақырту алмағанын мәлім еткен, деп хабарлайды Tizgin.kz. “Құрылтайға енген кандидаттардың тізіміне неге ілікпедіңіз?” деген сұрақ қойыған кезде экс-депутат өзі құрамында болған партия жоғалып, жоқ болып кеткенін айтқан. “Жалпы, өзім командный адаммын. Егер белгілі бір ортада, мәселен, айтыста қызмет еттім бе, сол айтыстың абыройы үшін …

Соғысқымыз келмейді: СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді
Қазақстан ұрыс аймағында жүрген азаматтарын елге қайтару мәселесі бойынша Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов хабарлады. Оның айтуынша, ұрыс жүріп жатқан аумақта қалған қазақстандықтардың кейбір отбасылары СІМ-ге көмек сұрап жүгінген. Қазір Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапымен консультация жүргізіп жатыр. Азаматтардың туыстарынан олардың аты-жөні, туған күні, болжамды …

Тоқаев Nvidia вице-президентімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nvidia компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Мемлекет басшысы Nvidia-ның әлемдік жасанды интеллект индустриясындағы рөліне тоқталып, компаниямен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Бүгінде Nvidia – жасанды интеллект саласындағы ең ықпалды технологиялық компаниялардың бірі. Қазақстанда да оның технологиялары негізінде бірнеше ірі жоба қолға алынған. Олардың қатарында суперкомпьютерлер мен Екібастұзда салынатын «Деректерді өңдеу …

Прокуратура Тимур Турловты сотқа берді
Ресей Бас прокурорының орынбасары қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов пен онымен байланысты бірқатар компанияға қатысты сотқа арыз түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Іс Мәскеудің Тверь аудандық сотында тіркелген. Бұл туралы РБК хабарлады. Талап арызда Турловпен қатар «Фридом Холдинг Корп.», «Фридом финанс Европа Лтд.» және «В-Эмпирикал Холдинг Корп.» компаниялары жауапкер ретінде көрсетілген. Сондай-ақ іс бойынша Аркадий Щукиннің де …

«Соғысқымыз келмейді»: Ресейдегі қазақстандықтар Президенттен көмек сұрады
Ресейге күзетші болып жұмыс істеуге барған Қазақстан азаматтары елге қайтуға көмектесуді сұрап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Олардың сөзінше, бастапқыда күзет саласында жұмыс істейміз деп барған, алайда кейін соғысқа жіберілетіндерін білген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға байланысты Ресей СІМ-іне дипломатиялық нота жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Видеоүндеуде өзін Айнабек Жалғасбекұлы деп таныстырған азамат Қазақстан азаматы …

Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Индира Жылқайдардың қазасына байланысты туыстарына көңіл айтты
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Орынбайқызы Жылқайдарованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтты. Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарған. Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша …

Алматыда түн ортасында кафеге жүгіріп кірген бала келушілерді шошытты
Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан дәмханалардың біріне келушілер үрейлі оқиғаны баяндады: түн ортасында мекемеге бір бала жүгіріп кірген.

Кейбір қазақстандықтарға зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді
Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы қазақстандықтарға зейнетақының 70 пайызы уақытша төленбеуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Еңбек және халықты

Қазақстандық Instagram-дағы лайк үшін ауыр қылмыс жасаған
Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелінің Instagram-дағы жазбаларына қойылған "лайктар" үшін ауыр қылмыс жасады. Жақында оған қатысты сот үкімі

«Ауыр күнә»: ҚМДБ Исматулла туралы мәлімдеме жасады
Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен онлайн сұхбат алаңдарында Исматулла Мақсұм есімімен танылған азаматқа және оның қолдаушыларына қатысты бірқатар сұхбаттар мен жазбалар жарияланып, қоғамда кеңінен талқылануда. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исматулла Мақсұмға қатысты ресми мәлімдеме жариялады. «Исматулла Мақсұм және оны қолдаушылардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдейміз. Олардың әрекеттері мен діни ұстанымдары Қазақстан …

Алаяқтар сіздің ЖСН-ге бөтен нөмір тіркей алатыны рас па? Қалай тексеруге болады және не істеу керек?
Сіздің ЖСН-ге бөгде SIM-карта тіркелуі мүмкін. Өзіңзге қандай нөмірлер тіркелгенін қалай тексеруге болады және бейтаныс нөмірді анықтаған жағдайда

«Жиһадшылардың террорлық әрекеті»: Израиль билігі FlyDubai рейсіне қатысты мәлімдеме жасады
Израильдің қорғаныс министрі FlyDubai рейсіндегі төтенше жағдайдың теракт жасау әрекеті болғанын мәлімдеді. The Times of Israel басылымының мәліметінше, министр Исраэль Кац шабуыл жасаған адам ұшақты барлық жолаушыларымен бірге апатқа ұшыратқысы келгенін айтқан. Ұшақ жолаушылар арасында болған басқа ұшқыштардың көмегімен қондырылған. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Шабуыл жасады деген күдікке ілінген екінші ұшқыш Сауд …

2026 жылдың қазанында қазақстандықтарды қысқа жұмыс аптасы күтеді
Қазан соңында қазақстандықтарды қатарынан үш демалыс күні күтіп тұр. Бұған 2026 жылы жексенбіге сәйкес келетін Республика күні себеп болмақ.

Жастар Көкжайлаудың болашағы туралы ашық диалогты қолдады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің бастамасымен жастар мен «Kazakh Tourism Development Ltd.» компаниясының атқарушы директоры Ержан Еркінбаев арасында ашық диалог өтті. Кездесуде қоғамда қызу талқыланып жатқан Көкжайлаудағы Almaty SuperSki жобасының экологиялық қауіпсіздігі, туристер ағыны және жаңа жұмыс орындары мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Tiek.kz. Желідегі алыпқашпа сөздер мен пікірталастарға сүйенбей, ақпаратты тікелей жоба авторларынан алуды көздеген …

Өткізіп алмаңыз: қазанның басты астрономиялық оқиғалары
Қазанда түнгі аспанды тамашалауды ұнататындар үшін бірнеше қызықты оқиға болады. Ай бойы қазақстандықтар Драконидтер мен Орионидтер метеор ағынын,

Алматы тау кластері балалардың тау шаңғысы спортына қолжетімділігін кеңейтеді
Алматы тау кластерін дамытудың негізгі бағыттарының бірі балаларды, мектеп оқушыларын және шаңғы тебуді жаңадан бастаушыларды қоса алғанда, халықтың тау спорты түрлерімен жаппай айналысуына жағдай жасау болып табылады. Кластерді кешенді дамыту шеңберінде тек кәсіби спортшыларға ғана емес, келушілердің кең ауқымына арналған заманауи тау шаңғысы инфрақұрылымын құруды көздейтін Almaty SuperSki жобасы іске асырылуда. Жаңа курорт аумағында тәулігіне …

«Көз жұмған 4 сарбаздың біреуінің АК пулеметі маған берілді» — Құрылтай депутаты
Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай әскердегі реформа туралы пікір білдірді. Каспийдегі қайғылы жағдайға тоқталып, өзі сарбаз болған кездегі куә болған жайттарды есіне алды. Айтуынша, жалпы әскердегі, соның ішінде Маңғыстау облысындағы ахуалдың да айтарлықтай күрделі. Депутат өз сөзінде әскери қызметін осы Маңғыстау облысында өткергенін айтып, бұл саланың ішкі мәселелерін жақсы білетінін атап өтті. Осы себепті, Мәжілістің 8-ші …

Істемейтін смартфонға ұрынып қалмас үшін құрылғыны қалай тексеріп алу керек?
Смартфон сатып алар алдында көпшілік оның сыртқы түрі мен бағасына мән бергенімен, құрылғының техникалық жай-күйін әрдайым тексере бермейді.

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты пост жазғандарға полиция қысым көрсетіп жатқаны рас па?
Қоғамды дүр сілкіндірген Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты пост немесе пікір жазған азаматтарға құқық қорғау органдары тарапынан қоңырау түсіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді. Айтуынша, ведомство азаматтарға мұндай мәселемен қоңыраулар шалмайды. «Ешқандай. Сіз айтқан бұл ақпараттың ешқайсысын растамаймын, полиция қызметкерлері тарапынан ешқандай қоңырау шалынған жоқ. Оның үстіне ішкі …

«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында келіншек сәбиін өлтіріп алды
Ақмола облысының Ақкөл қаласында мас күйде сәбиін емізіп отырған әйел ұйықтап кеткен. Соның салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып алған. Сотта анықталғандай, әйел оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың ауа жетіспеуі салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Сот отырысында прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сот жазаны белгілеу кезінде әйелдің жасаған …

“Әкемнен қорлық көріп келем”: Шымкенттің экс-әкімінің қызы Тоқаевтан көмек сұрады
Шымкенттің бұрынғы әкімі Өмірзақ Әметұлының 14 жасар қызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, өзінің құқықтарын қорғауды сұрады, деп хабарлайды Alash.kz. Жасөспірім әкесін ДНҚ-тест тапсыруға мәжбүрлеуді және көпжылдық отбасылық жанжалға құқықтық баға беруді талап етіп отыр. Бейнежазбаның басында Қасиет Әмет өзінің туу туралы куәлігін көрсетіп, тоғызыншы сынып оқушысы екенін айтты. Оның сөзінше, Өмірзақ Әметұлы — оның туған …

Қазақстандықтарға балағат сөздер жазған “жеке пікірі“ үшін 600 мың теңге төлеуге тура келеді
Әлеуметтік желілерде адамның суретін оның келісімінсіз жариялау және балағат сөздер айту сотқа жүгінуге негіз болуы мүмкін. Жоғарғы сот Instagram-дағы