Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
tiek_kz
Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизонының аумағында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды kznews.kz. Оқиғаға қатысты ақпарат Telegram-арналардың бірінде тараған. Кейін мәліметті аудандық полиция бөлімінің өкілдері растаған. Қазіргі таңда оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жағдайдың барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қоқыс контейнерінен табылған сәби – қыз бала. …