
«Қан жұтқан марқұмдардың туыстарына құрмет қайда?»: жұрт сарбаздардың қазасын естірткен әскерилердің әрекетін сынап жатыр
Әлеуметтік желіде тараған сарбаздардың қазасын естірту видеосы жұртшылық арасында үлкен резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды tiek.kz. Тараған қадрлардан әскерилердің қаза болған сарбаздардың аты-жөнін қағаздан оқып, баласынан айырылған ата-аналар темір қоршаудың сыртында аңыратып қойғанын байқауға болады. Расы керек, әскерилердің бұл әрекеті үлкен шу тудырып жатыр. Мұны «Қазақтың қазаны естірту дәстүрі қайда? Бұл не сұмдық? Адам емес, …

«Қазақ армиясының абыройын түсіріп алмайық»: Құрылтай депутаттары 14 сарбаздың қазасы туралы пікір білдірді
Маңғыстау облысындағы әскерилердің қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырып кетті. Айдың күннің аманында 14 сарбаз көз жұмып отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары басталып, кінәлілерден жауап алынып жатыр. Қалың жұрттың қабырғасын қайыстырған трагедияға нақты кім жауапты, қорғаныс министрі жауапқа тартылуы тиіс пе деген сауалдармен тілшіміз Құрылтай депутаттарының пікірін білген еді. Құрылтай депутаты Ерлан Сайыров бұл Мемлекет басшысының …

Маңғыстаудағы трагедия: Күдікті лауазымды тұлғалар анықталып, зардап шеккендерге арнайы қор ашылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында Маңғыстаудағы төтенше жағдайдың алғашқы тергеу нәтижелері жарияланды. Жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Tiek.kz. Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы …

«Балаларының қаза болғанын дұрыс жеткізе алмайтын елміз» — Айгүл Орынбек
Бүгін қан жыладың-ау, Батысым! Ауыр. Өте ауыр. Әрбір видеоны көрген сайын өксік толды кеудеме. Ешқайсыңды тоқтатқым келмейді. Жылаңдар аямай жылаңдар! Іштеріңде жас қалмасын! Іштегі боталатқан, ағалатқан, бауырлатқан күйік сыртқа шықсын! Елімді қорғаймын деп барған батырлардан айдың-күннің аманында айырылып қалдық. Оқу-жаттығуға шығуға болатын немесе болмайтын уақытты ажырата алмайтын сауатсыз басшылар отырғанда, әлі біраз боздаймыз-ау! Ей сорлы …

Каспий теңізінде жоғалған екі сарбаздың денесі табылды: Іздестіру операциясы аяқталды
Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. «25 қыркүйек күні сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», — делінген хабарламада. Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, …

«Жарты сағат досын іздеген»: Каспийдегі қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаз есін жиды
Маңғыстаудағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған әскери ауруханада есін жиды, деп хабарлады Stan.kz. Әкесі ұлынан көп нәрсе сұрай алмаған. Айтуынша, ұлы бұған дейін 2-3 күн қатарынан дәл осындай оқу-жаттығу жұмыстарына қатысып, дайындалған. “Түсінгенімше, қайықтан секірген. Тереңдік пе, әлде толқын ба білмеймін. Балам өз күшімен жүзіп шыққан. Бірінші бірден досы Азаматты іздеген. …

Қазақстанда жарияланған жалпыұлттық аза тұту күндері
Бүгін Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде 12 сарбаздың қаза табуына байланысты ел аумағында Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл – Қазақстан Республикасының тарихындағы он үшінші қаралы күн. Халықтың қабырғасын қайыстырған алғашқы қаралы күн 2006 жылы 22 қыркүйекте болды. Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада техногендік апат тіркелді. Метанның жарылуынан 41 кенші …

Каспийде көз жұмған сарбаздардың бірі белгілі балуан болып шықты
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кетіп, қаза тапқан сарбаздардың бірі — танымал спортшы Сержан Аяпберген екені белгілі болды. Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, ТМД деңгейіндегі студенттер арасындағы жарыстардың жеңімпазы әрі дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің тұрақты қатысушысы болған. «Маңғыстаудың спорт қауымдастығы үшін Сержан Аяпберген тек Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі …

Назарбаев Каспий теңізінде көз жұмған сарбаздардың отбасына көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметшілердің қазасы туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Ол қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, ауыр қайғыларына ортақ екенін білдірді.

“Қош болыңдар, бауырларым”: Димаш Каспийде қаза болған сарбаздардың отбасыларына көңіл айтты
Әнші Димаш Құдайберген Маңғыстау облысында қаза болған сарбаздардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz. Әнші Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерін қимай жүрегі ауырып,айтуға сөз таба алмай отырғанын жеткізді. “Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені… Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге …

25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
25 қыркүйек елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жариялансын, — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.

Астанада зейнеткерлерге Қарттар күніне орай төлем беріледі: сомасы аталды
Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігі сайтына сілтеме

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің алдын ала тізімі жарияланды. Тізімде 8 сарбаздың аты-жөні көрсетілген. Сержан Аяпберген; Әсет Жанабай; Алмас Көбенов; О. Мұхтарұлы; Жеңіс Темірғалиев; Азамат Мадихан; Ақылбек Төлеген; Өмірбек Өмірзақ. Кейбір дерек көздері көз жұмғандардың саны 12-ге жеткенін жазып жатыр. Алайда ресми органдар қазіргі уақытта тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқанын растады. …

Әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін балалар не істеуі керек? Үкіметте жауап берді
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу жоспарланып отыр. Алайда әлеуметтік желі өзін таныту құралына

«Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуында әскери теңізшілер әуе және суасты қатерлері қорғанысын пысықтады
Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы өтті. Оған Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен катерлері, гидрографиялық кемелері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің кемелері және Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы қатысты. Әскери маневрлер барысында әскери қызметшілер бірлескен маневр жасау, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ базалық пунктте және қорғалмаған рейдте асимметриялық қатерлерге тойтарыс …

Әдейі отқа май құятындар бар – Тоқаев елдегі тіл мәселесі жөнінде пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесіндегі елдегі тіл мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Тоқаев осыған дейін бірнеше мәрте ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл екенін айтқанын еске салды. Бұрын болжаммен, долбармен ғана айтылатын жағдай қазір шындыққа айналғанын атап өтті. “Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің …

Алматыдағы студенттер сарайы опырылып қалды (ВИДЕО)
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлады Stan.kz. Оқиға 23 қыркүйек күні сағат 23:00-ден кейін болған. Бұл уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Куәгерлер оқиғадан жарты сағат өтсе де, полиция мен өрт сөндірушілердің келмегенін жазды. Посмотреть в Threads Олар желіде ғимарат қираған сәтте түсірілген видеолар …

Пікір ме, әлде жарнама ма: әлеуметтік желіде сатып алынған тауар туралы қалай дұрыс жазу керек?
Әлеуметтік желідегі сатып алу туралы жазба күтпеген жерден компания тарапынан шағымға ұласуы мүмкін. Қазақстанда қолданушылар тауарлар мен дүкендер

ІІМ ата-аналар мен балаларға үндеу жасады: Санаулы секунд ішіндегі шешім өмірді сақтап қалуы мүмкін
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалар мен ата-аналарға арнайы үндеу жасап, қарапайым тентектік немесе болмашы жанжалдың санаулы секунд ішінде қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін ескертті, – деп хабарлайды Tiek.kz. Полиция өкілдері балаларды орынсыз тәуекелге бармауға, арандатуға ермеуге және қандай да бір әрекет жасамас бұрын оның салдары туралы байыппен ойлануға шақырды. Нағыз күш – дер кезінде тоқтай …

«Ұрпағымыз жақсы өмір сүрсін десек, Қазақстанның дамуына бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек» – Сырымбек Тау
Кәсіпкер Сырымбек Тау қазақстандықтарды қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырды, деп хабарлады tiek.kz. Кәсіпкердің айтуынша, кез келген елде мәселе бар. Алайда сол кемшілікті ғана көріп, елдің болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек деп есептейді. Қазақстанның қандай ел болатыны әр азаматтың бүгінгі ісіне байланысты. «Бүгін Президентіміздің ұстаздарды қабылдаған кезде айтқан сөзін оқыдым. Мемлекет басшысы болашақты бұлыңғыр …

«Еш сөкеттігі жоқ»: Меруерт Түсіпбаева Бозжыра шатқалында дәрет сындырған туриске қолдау білдірді
Әнші Меруерт Түсіпбаева Маңғыстауда шетелдік блогердің далада дәрет сындырған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында туристік орындардағы тұрмыстық қажеттілік мәселесіне назар аударды. Өнер иесі бұған дейін өзі де бұл мәселені көтергенін еске салды. «Құрметті халық қалаулылары! Мен жазда осы мәселені мәдени түрде көтерген едім. Биязы қазақ қызымын …

Арман Шораев бостандыққа шықты
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулік әкімшілік қамаудан босатылды. Ол өзінің қалыпты тірлігіне оралып, әлеуметтік желіде жазбалар жаза бастады. Белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұған оның жазбасында балағат сөздер қолдануы себеп болған. Ақмола облысы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер …

Ләйла Сұлтанқызы Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Сәкен Абдолла Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды; Лейла Сұлтанқызы Жақаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды; Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды; Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды; Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды; Қанат Сергейұлы Мусин …

World Cleanup Day: Құландықтар халықаралық экологиялық акциясына үн қосты
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясына үн қосты, деп хабарлады «Құлан медиа» орталығы. «World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акция аясындағы тазалық жұмыстарына аудан жастары мен «Жасыл ел» еріктілер жасағы, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорын және әкімдікке қарасты бөлім қызметкерлері атсалысты. …