В.
Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.
C.
Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
D.
Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
E.
Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.