«Күшік күйеу» ме, «күш күйеу» ме?

«Күшік күйеу» ме, «күш күйеу» ме?

Әдетте, қайын жұртымен бірге тұратын ерлерді «күшік күйеу» деп атайды. Кейбір жерлерде бұл сөз «күш күйеу» деп айтылады деп естимін. Қайсысы дұрыс?
Назым,
Ақтөбе қаласы
Бұрынғы кезде көбіне жасы келіп, көпке дейін үйлене алмай жүрген жетім, жағдайы жоқ кедей жігіт үйленгенде қалыңмал орнына өз күшін жалдайды деп есептелген. Ол қайын атасына соның үйінде жүріп қызмет ететіндіктен, сол үйдің қара шаруасын атқара­тын болғандықтан оны «күш күйеу» деп ата­ған. Яғни, күйеу жігіт қайын атасына көмек­тесіп, қолғабыс етіп, тұрмыстағы үй шаруа­сына септігін тигізетін болған. Тағы бір жора­мал: сүрбойдақ болып ұзақ жүріп қалған жігіт ағасы айналасындағылардың ықпалы­мен, дәлірек айтсақ, күшпен үйлен­діріл­ген­діктен ондай жігіттерді «күш күйеу» дейтін болған.
Қазіргі қоғамда үйленгеннен кейін қыз­дың үйінде тұратын жігітті «күшік күйеу» деп атау белең алған. Негізінен, қазақ халқында күйеу бала қыздың үйінде тұрмайды. Жастар отау құрғаннан соң, жігіттің шаңырағына, болмаса өз алдына отау құрып, бөлек шыға­рылған. Мысалы, славян халықтарында күйеу жігіт қыздың әке-шешесінің үйінде де тұра береді. Сондықтан да қазақ қоғамы қайын жұртына тәуелді еркектердің ісін аса мақұлдамайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста