Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп Таразға келді

Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп Таразға келді

Осыдан 22 жыл бұрын америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп, елге келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Jambyl Taraz Product YouTube арнасына сілтеме жасап жазды. 

Сардар Бабко екі жылдан бері өзінің биологиялық анасын іздестіріп жүр. Ес білгелі туған жерін көруді армандаған ол үлкен үмітпен алып-ұшып, Қазақстанға келді.

 

Достарымен бірге елге келген ол Алматы, Астана, Павлодар қалаларында қонақ болды. Ал Таразға келе салысымен бірден ата-анасын іздеуге кірісті.

 

Сардар бір жасқа дейін "Үміт" бөбектер үйінде тәрбиеленген. Кейін америкалық отбасы Сардармен бірге тағы екі қазақ қызын АҚШ-қа алып кетеді.

 

Құқықтық құжатта көрсетілген Сардардың биологиялық анасы баласын босанған соң, бір күн өткенде перзентханадан қашып кеткен. Бірақ 1974 жылғы азаматша табылмады.

 

Заңгерлер Сардарды асырап алушылардың ресми келісімі болмайынша, ол туралы құжаттарды көрсетуден бас тартатынын айтқан.

 

"Туған жеріме келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанға келер алдында қатты қобалжыдым. Әрдайым Тараз қаласын көруді армандайтынмын. Бөбектер үйінде болған кезім мүлде есімде жоқ. Сонша жылдан кейін туған қаламның көшелерін аралау мен үшін үлкен бақыт. Расымен, бақыттымын. Тұрғындары да, тарихы да таңғажайып, ерекше екен. Жуырда тағы келемін", - деді Сардар Бабкок.

 

Енді бұл іспен Сардардың адвокаттары айналысады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста