Қара сабын - қазақтың патенттелмеген тапқырлығы

Қара сабын - қазақтың патенттелмеген тапқырлығы

Бүкіл тұрмысы табиғатпен етене араласып кеткен қазақты санасы сау елдің бәрі де мойындайды. Мойындамайтындар - пиғылы бөтендер ғана.

Сол пиғылы бөтендердің сыңарезулігінен ғой «қазақтардың революцияға дейін 2-ақ пайызы сауатты болған» деген «теорияның» шығып жүргені. Алайда қазақ халқының денсаулығына деген көзқарасы халық болғаннан дамып келе жатқан тоқтаусыз әр уақытта жаңалығын ортамен бөлісіп, жан саулығы мол екендігін талай ғасырдан ғасырға жеткізген.

Тумысынан талантты халықты жабайы етіп көрсетуден біреулер ұпай жинаса жинайтын шығар. Алайда, бәріне тарихтың өзі төреші. Әңгіменің ашығын айтсақ, Еуропалықтарға моншаға түсуді, шалбар киюді үйреткен біздің арғы ата-бабаларымыз екені анық. Халқымыз «тәні саудың жаны сау» деп бекерге айтпаса керек. Тәнді де, жанды да сау ету үшін қазақ халқы тазалыққа ерекше мән берген. Бүгінгі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан «дәрет алу» дәстүрі осы тазалықтың айқын көрінісі екені анық.

Бүгін қазақтың біреулерге шалбар киюді үйреткенін айтпай-ақ қоялық. Одан бері түскенде де жәй әншейін күнделікті өмірде тұтынатын бұйымдарының өзі де ықшамдығымен, тәнге де, жанға да жайлылығымен, тұрмысқа бейімдігімен есте қалмай ма?!

Бәрін санамалап қайтесіз, бүкіл Батыстың кулинарлары қазақтың басқа тағамдарын айтпағанда, бір құртты алмастыратын не ойлап тауыпты?! Қазақтың күнделікті тұрмысынан мұндай мысалдарды тізбелей берсек өте көп. Біз соның ішіндегі бүгінгі таңдағы ұмыт болып бара жатқан, бұрынғы әжелеріміз өз қолдарымен қазанға бұлғап, қатырып алатын қара сабыны туралы әңгіме етуді жөн көрдік.

Қазіргі ұрпақ қара сабынды көрмегелі қашан. Дүкенге сабын алуға бара қалсаңыз бүгінгі заман талабына сай өндірілген сабынның сан түрін кездестіруге болады. Алайда, қазақтың байырғы қара сабынын емге таппайсыз.

Қара сабын тек кірді ғана алмайды, оның ерекше емдік қасиеті бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Кезінде ата-бабаларымыз осы қара сабынмен басы-көзін де, кір-қолаңында жуған. Сол сабыннан бетіміз бөртіп кетті, шашымыз түсіп қалды дегенді естіген емеспіз. Керісінше қазір бір сабын сатып алып едім: «бетім бөртіп кетті, шашымды түсірді, денемді қышытты» деп уәж айтатындар көп. Себебі, бүгінгі сабындардың құрамы химиялық қоспаларға толы. Пайдалануға қолайлы болғанымен адам денсаулығына зиянды жақтары көптеп кездеседі.

Қара сабынды қалай дайындайды?

Қырық түрлі дертке шипа қара сабынды дайындаудың түк те қиындығы жоқ. Дайындалу технологиясы барынша қарапайым. Ал, кез келген ұлылық қарапайымдылықтан бастау алады.

Сонымен, қара сабын қазақ халқының тұрмысымен біте қайнасқан тұтыну бұйымдарының бірі. Оның негізгі құрамы - алабота, түйеқарын, ермен, сексеуіл қатарлы өсімдіктердің күлі мен кәдімгі малдың майы. Жоғарыда аталған өсімдіктерді күзде жапырағы сарғайған кезде қиып, не орып әкеліп, кептіріп, өртеп, күлге айналдырады. Күлді қазан толы суға қайнатып, күлдің құрамындағы сақарды тұндырып алады. Сосын оны қашан қойылғанша тоқтамай араластырып отырады. Өсімдік күлі ақырында ақ ұнтаққа, яғни ақ талқанға айналады. Міне, сақар дегеніңіз осы. Бұл қазақтың өсімдік күлін мәнерлеп сақар жасау өнері саналады.

Ал, сабынға айналдырғанда бір шыны сақарға бір шыны май құйып, тағы да отқа қойып араластырады. Сақар мен май араласып, иленген қамыр формасына келгенде оның көлеміне қарай қойдың не түйенің жүнін қосады. Себебі, сабын бір-бірін жақсы ұстап тұруы үшін. Әбден араласып болған сабынды таза бұлға, яғни матаға домалақтап орап, кептіреді. Жақсылап кепсе, сабыныңыз дайын болды деген сөз.

Қара сабынды жасауда қатып қалған заңдылық жоқ. Әркім өз қалауымен әр түрлі етіп жасай береді. Кей адамдар әртүрлі хош иісті шөптердің нілін, үлпілдек жапырағын ұнтақтап сабынға қосу арқылы сабынды хош иісті етіп те жасайды.

Қара сабынның қандай емдік қасиеті бар?

Қара сабын адам денесіне шыққан жараны, сыздауықты кетіреді. Қара сабынмен қотыр болған адамды да емдеп жазады. Ол үшін ешқандай да дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ. Қазір біраз аллергологтар көптеген тері ауруларының бүгінгі заманғы сабыннан пайда болып жатқандығын да жоққа шығармайды.

Бұрын қара сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болған екен. Себебі, қара сабынды әркім жасай бермеген. Ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса, соған сәлем айта келіп, қара сабынды қалап сұрап алады екен. Қазан түбінде қалған сабынның бөліктерін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларды жуындыруға пайдаланған. Мұны бұзаушық деп атайды. Сонымен қатар, бұзаушықты «мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Демек, қара сабын қазақтың тұрмысында жалғыз тұрмыстық бұйымның ғана рөлін атқармаған.

Ешкім қара сабын өндіруді мемлекеттік деңгейде қолға алайық деп отырған жоқ. Себебі, бүгінгі ұрпақ оның қадір-қасиетін түсіне бермейді. Алайда, қара сабынды керек қылатындарға оны даярлау түк те қиындық тудырмайтынын айтқымыз келеді. Жоғарыда аталған өсімдіктер елімізде жеткілікті. Жасалуы да қарапайым, ешқандай техника керек емес, үлкен қара қазаныңыз болса болғаны.

Қара сабын ұмытылып бара жатқан ұлттық өнімдеріміздің бірі ғана. Басқа да қаншама ұлттық өнімдеріміз ескерусіз ұмытылып бара жатыр. Өткен тарихымызға мойын бұрып қарасақ, қазақтың патенттелмеген тапқырлықтары жетерлік. Осылардың барлығын зерттеп, зерделеп, заман талабына сай жаңғыртып, қоғамдық өндіріске салсақ, сұранысқа ие боларына еш күмән келтірмейміз.

Күнсұлтан ОТАРБАЙ

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста