Разия Акпар Өмірсерікқызы: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МЕКЕНІ (ертегі)

Разия Акпар Өмірсерікқызы: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МЕКЕНІ (ертегі)

Балалар тақырыбына қалам тербеу оңай емес. Өйткені баланың көңілінен шығу, баланы сендіре білу қиынның қиыны. Осы орайда өзі бала болса да балаларға арнап ертегі жазумен айналысып жүрген Разия Акпар Өмірсерікқызының ертегілері көптің көңілінен шығып жүр.

2008-жылы Астана қаласында өмірге келген, бүгінде 9-сынып оқушысы Разияның алғашқы жинағы «Ертегі әлеміндегі ханшайым» атауымен 12 жасында жарық көрген. Бүгінде түрлі салаларда топ жарып жүрген жас жазушының шығармашылық саладағы жетістіктері жетерлік.

Разия Өмірсерікқызы «Ер Төстік» Республикалық әдеби байқауының жүлдегері. Бауыржан Момышұлы атындағы «Шапағат» медалінің иегері.

Бүгін көпшілік назарына ұсынылып отырған «Жаратылыстану мекені» ертегісін балалар санасына әсер ететіндей әрі мектептегі жаратылыстану пәнінің мағынасын жан жақты аша түсетіндей етіп әдемі жеткізген. «Қамқор тиіні» да өзінше айтары бар ертегі. Балалардың қиялына қанат бітіріп, өзінше ой салар шығарманың кішкентайлардың көңілінен шығарына сенеміз!  

 1) ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МЕКЕНІ

 

     Баяғыда жаратылыстану мекені тірлік кешіпті.  Ол ғарышта орналасқан. Сол жердің ханы Күн, ал ханымы Ай екен. Олардың ортақ 8 ұлы ержетіпті. Есімдері: Меркурий , Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Олар өте ержүрек, батыл, ақылды, ата-анасының мақтаныштары.

Ханзадалардың екі көмекшісі болды. Олар: Шолпан, Темірқазық.

   ​Сегіз ханзаданың бәріне Шолпан ұнапты. Ол өте әдемі, еңбекқор, мейрімді бойжеткен. Шолпанды  Темірқазықтың адамгершілігі жақын тартты.

     Бір күні Шолпан сарайда жүрсе, шұғыл хабарлама келеді. Ол хат Шолпанның  ата-анасынан еді. Олар басқа аймаққа көшкісі келетінін жазады. Шолпан таң қалды. Себебі , жұлдыздар отбасы ешқашан шетке шықпаған болатын,  бірақ кетпеске оның еш амалы қалмады.  Қалай да ата-анасын қолдау парызы.

      Хабарды естіген ханзадалар  мұңаяды. Олар ханға келіп шағынады.

Юпитер:

- Әке, біз оның кеткенін қаламаймыз!

Марс:

- Иә, қаламаймыз!

Сатурн:

- Әке, бірнәрсе істеші!

Хан:

- Жарайды! Бірақ не істейін?

Ойлана келе хан өз қолынан келетінін жасайды.

Ертеңіне заң шығады. Заңға сүйенсек: Бұл елдің адамдары ешқайда көшіп кетпейді, ешкім сырттан көшіп келмейді. Шекаралар жабылады.

    ​Халық бұл заңды түсінбейді. Бірақ орындамасқа шара жоқ.

        ​Бұл заң елге ауыр тиді. Саудагерлер сыртқа барып заттарын өткізе алмаса, сырттан келетін тауарға адамдар зар болды. Көп адамадардың жағдайы төмендеп кетті.

​Шолпанның үй іші де көше алмай қалды. Халық бір жерге қамалып қалғандай әсерде болды.

      ​Ханның балалары да үнемі қыдырыста жүріп үйреніп қалған еді. Өздері бұл істі насырға шаптырып алып өкінді. Әр адамның өз бостандығы  болатынын түсінді. Шолпанды да қинап, таңдауына әсер ете алмайтындарын ұғынды.

​Әкесіне заңды өзгерт деуге де батылдары бармады. Себебі хан бір айтқанынан қайтпайтын, шығарған заңын  өзгертпейтін бірбеткей болатын. Халықтың бар үміті Темірқазықта болды.

     ​Темірқазық  асқан күйші еді. Ол халықтың бүгінгі мұң-зарын күйге салып, сарай жанында шерте бастайды.

​Бұл әуен хан құлағына жетеді. Күйден халықтың жағдайы, адамдардың еркіндікті аңсайтыны, қалаулары анық көрінеді.

Ханның жүрегі жібіп ұлдарын шақырады.

- Ұлдарым, бұл жайт сендерге сабақ болсын, жаратылыста өз қалауларың үшін басқалардың еркіндігін шектемеңдер. Әр адам қалауын жасасын, еркін ойласын, жүрсін, тұрсын, Әлемді көрсін!

Ұлдар басын изеп түсінгендерін жеткізді.

Шекаралар ашылып, ел қуанышқа бөленді.

Темірқазық Шолпанмен бас қосты, хан ұлдары тойға келді. Шолпанның таңдауын сыйлайтындарын жеткізді.

      ​Содан бері Жаратылыс елінің басты ұраны адам бостандығы, еркіндігі болыпты!

 

2) ҚАМҚОР ТИІН

 

  Қазақтың ұлан-байтақ кең жерінің солтүстік аймағында “Бурабай” деген жер болыпты. Бурабай - таиғаттың асылы, аңыздарға толы мекен екен. Әдемілігін  сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Тау мен тас үстінен өскен қарағайлар, сексен көл, ну орман осы жерде тоғысқан. Бау-бақшалары да желектерге толы, шалғындары жасыл кілеммен жабылған керемет көрініс. Бұлттар үлкен ақ кемелер сияқты, аспанда баяу қалықтайды.  Адамзат, жан-жануар осы керемет топырақта бай-бақуатты, шат-шадыман өмір сүріпті.

    Осы аймақтың орманы ішінде кіп-кішкентай, көздері түймедей, оттай қызғылт жүнді, тышқан тәрізді тиін өмір сүріпті. Күні бойы ағаштан ағашқа, бұтақтан бұтаққа секіріп жүреді. Оны саяхатшылар да қызық көріп тамақтандырады. Орманда да азық көп. Сол себепті тиін еш уайымсыз бақытты еді.

     Күндердің бір күнінде тиін әдеттегідей азық іздеп жүргенде, қасына қоян келіп:

    ⁃    Тиін, маған көмектесші! Мен сенімен тұрсам бола ма? Үйім жоқ, тамағым жоқ. Әрі жерде жалғыз жүруге қатты қорқақпын. Сен болсаң бақыттысың. Биікте тұрасың. Мен саған кедергі келтімеймін. Бірге тұрайықшы!

Тиін ойланып алып:

    ⁃    Жарайды, менімен бірге жүр. Бұл енді жақсы іс шығар. Саған көмектесейін - деп қоянға жаны ашиды.

Тиіннің үйі қарағайдың ең биік бұтағының бірінде еді. Ал қоян ағашқа шығып көрмеген. Тиін қоянды арқалаған күйде биікке өрмелей берді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін, олар тиіннің ұясына да жетіп қалды. Тиін қатты қиналып, қара тер болды.

    ⁃    Мінеки, үйге де жетіп қалдық - деді сосын.

 Қоян айналасына қарап:

    ⁃    Қайда? Неге тым биік салдың ұяңды? Дұрыстап арқалашы мені, ыңғайсыз көтеріп келесің!

Осылайша әупірімдеп екеуі ұяға жетті. Сол күні кешкі астарын жеп алып, түнде ұйқыға батты.

    Келесі күні тиін күнмен таласа ерте тұрып,  жаттығу жасады. Таңғы асын жеп алып, табиғаттың сұлулығын тамашалап  отырып, қоянды оята бастады.

    ⁃    Қоян тұрсайшы, жерге түсіп, азық іздейік!

 Қоян болса бұл сөздерін  естімегендей, ұйықтап жата берді.

Бір кезде:

- Тиін досым-ау, мен қазір жерге түссем

ұяға қайтадан мені арқалап жеткізесің бе? Өзіңе қиын ғой. Одан да мен үйде қалайын, сен екеумізге азық әкел, досым менің!

Бұл күні тиін таңертеңнен кешке дейін еңбектеніп, үйіне шаршап келеді. Қоян қолындағы жаңғақтарды көріп, ұя иесіне қалдырмай жалма-жан жей бастайды.

Күн артынан күн өте береді. Тиін ерте тұрып, кешкі ас әкеліп, еңбектеніп жүрген болса, қоян ұя қуысында күні бойы жатады.

  Бір күні осы ұяның жанында ұшып жүрген торғай  екеуінің әңгімелерін естіп қалады.

Қоян:

    ⁃    Тиін, маған ертең сәбіз әкеліп берші. Жаңғақтарыңнан жалығып кеттім.

Тиін қонағының көңіліне қарап не айтса да келіседі.

  Торғай бұлардың өмірін сырттай біраз уақыт бақылап жүрді. Бір күні бұл әділетсіздікке шыдамай, тиінді өз ұясына қонаққа шақырады.

 Торғай мен тиін тамақ алысып, асықпай әңгімелеседі.

Торғай:

    ⁃    Қоянның сенімен бірге тұратынын көрдім. Бұл оның қалауы ма?

    ⁃    Иә, бірге тұрамыз. Оның үйі жоқ болғандықтан, менімен бірге тұруды өтінді. Мен оны аяғандықтан келістім.

    ⁃    Сенің оған көмектескің келгенін білемін. Бірақ сен оған жақсылық емес, жамандық жасап отырсың.

    ⁃    Неге?

    ⁃    Сенің кесіріңнен қоян жалқау болып, ешқашан жауапкершілікке үйренбейді. Өмір бойы сенің мойныңда отырады. Еңбек етпейді.

    ⁃    Қалай сонда?

    ⁃    Сен тек басқаны ойлайсың. Оның  қалауларын өзіңдікінен жоғары қоясың. Ол дұрыс емес. Қоянға бәрін жасап бергеннен гөрі, керісінше өзіне жасауды үйрет. “Балық берме, қармақ бер” деген сөз бар.

Тиін торғайға алғысын айтып, үйіне жүгіріп келеді.

    ⁃    Қоян, бүгіннен бастап сен менімен бірге тұрмайсың! Жерге түс, өз ұяңды жаса. Тамағыңды еңбекпен тап.

    ⁃    Неге? Сен достықтың не екенін білмейді екенсің.

- Не десең, о де. Ұямды босат, кейін маған осы үшін алғыс айтатын боласың.

Қоян бұлданып, тыпырлап, ызаланып төменге өзі домалап түсті.

Бұл оқиғадан біраз уақыт өткен кезде тиін мен қоян кездейсоқ жолығып қалыпты. Бұрынғы жүні үрпиген, жасық қоян жоқ. Ажарланып, жүндері қоюланып, келбеті аппақ болып  кеткен. Сөз саптауы да сауатты. Есейгені көрініп тұр.

- Тиін, сен нағыз дос екенсің. Саған алғысым шексіз. Мені ұяңнан қуып шыққаның жақсы болыпты. Өз өміріме жауапкершілік алып, еңбек етіп, бүгінгі есейген қоян қалпыма келіп отырмын. Маған балық емес, қармақ бергеніңе үлкен рақмет!

     Мұны естіген тиін  жымиып күліп, қоянды қайта-қайта құшақтай беріпті.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста