Отбасының функционалдық беріктігі гендерлік қатынастар моделіне елеулі әсер етеді.

Отбасының функционалдық беріктігі гендерлік қатынастар моделіне елеулі әсер етеді.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлеметінше, Қазақстандағы әйелдер жұмыс орнындарындағы бопсалау мен зорлықтың түрлі формаларынан әлі де қорғалмаған. Жалпы әйелдер қауымын төмендету, кемсітушілік кез келген елде бар. Яғни әйелдер теңдігі мәселесі әлі де өзекті. Біздің елдегі әйелдердің "құқықы қорғалған" деп айта аламыз ба? Amnesty International ұйымының 2017-2018 жылға арналған "Жаңа әлемдегі адам құқығы" аты баяндамасында ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйене отырып, Қазақстанда 2017 жылдың бірінші жартысында отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларына байланысты 35 253 қорғау бұйрығы шығарылғаны айтылған. Алайда, қоғамдық ұйымдардың деректеріне қарағанда, әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық туралы барлық жағдайлар толық айтылмайды және әйелдерді жыныстық бопсалау істерінің тек санаулысы ғана сотқа жетеді екен.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2002 жылдан бері БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетіне жүгінуіне мүмкіндік берген. Алайда Фридрих Эберт атындағы қордың Астанадағы жетекшісі Зәуреш Шутованың сөзінше, аталған комитетке сол жылдан бері тек бір ғана әйел арызданған. "Реакция бар. Тек бізде мемлекеттің тез әрекет етуіне және әйелдердің құқығы бұзылған жағдайда оны қалпына келтіруге мүмкіндік беретін механизм жоқ", - дейді ол.
Еліміздегі әйелдер арасында жүргізілген сауалнамалар мен жекелеген зерттеулер біздің мемлекетте әйелдер мен балалардың жиі зорлыққа ұшырайтынын көрспетеді. Соған құарамастан әйелдердің көбі ер адамдардан көретін зорлықты жасырып қалуға тырысатын көрінеді. Сауалнамаға қатысқандардың тек 2,8 пайызы ғана ерлер зорлығы бар екенін айтқан. Олардың сөзінше, ең көп таралғаны физикалық, психологиялық, жыныстық зорлықтар. Қазақстандағы әйелдердің білімі жоғары болғанмен, жұмысқа араласуы төмен.
Qazaqtimes.com жазғандай, Ranking сараптама агенттігінің мәліметіне қарағанда Қазақстанда жаз айында 8,54 млн адам еңбекпен қамтылған. Оның ішінде жұмыспен қамтылған ер адамдардың үлесі 0,9 пайызға өсіп, 52 пайызға жеткен. Ал әйелдердің үлесі 0,7 пайызға өскен. Ал жоғары білімге келер болсақ, Қазақстанда еңбекпен қамтылған әйелдердің 43,8 пайызы жоғары білімді. Алайда жоғары білімі болуына қарамастан төмен жалақыға жұмыс істейтін әйелдердің саны басым. Жалпы алғанда жұмыспен қамтылғандардың арасында жоғары білімі барлардың үлесі 39 пайызды құрайды. Орта білімділер үлесі - 37,5 пайыз. Тағы бір мән беретін нәрсе, Қазақстанда 2017 жылдың 4 тоқсанында 439,3 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Мұның ішінде жұмыссыз жүрген ер адамдардың саны 46,1 пайыз немесе 202,6 мың адам. Ал жұмыссыз әйелдер көрсеткіші 53,9 пайыз, яғни 236,7 мың адам. Сондай-ақ, 25-34 жас аралығындағы 173 мың адам, 35-44 жастағы 101 мың, 45-54 жастағы 85,5 мың, 55-64 жастағы 42,3 мың адам жұмыс іздеген. Осылардың ішінде 15-34 жас аралығындағы жұмыс іздеген ерлердің саны 85,8 мың, әйелдердікі - 124,5 мыңға жуық. Бұдан байқалатыны, елімізде әйелдердің жұмыссыздығы жоғары әрі олардың зорлық көруі, ер адамдар тарапынан қысымға ұшырауы, әдет-ғұрып, салтқа қатысты кемсітілуі сынды әрекеттер әлі де бар. Ал нәзік жандылардың мұндай әрекетке тап болуын кейбір сарапшылар әйелдерің өздерін төмен бағалауымен түсіндіреді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) қосылды, ондағы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады. Бұл мақсаттар мемлекеттің барлық стратегиялық бағыттары мен міндеттері аясында ұлттық бейімдеуді және есепке алуды талап етеді.
2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі – Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді.
Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы үшінші және төртінші мерзімді баяндамалардың қорытындылары бойынша БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді.
Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуына байланысты мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңін орнықты дамудың халықаралық трендтерімен, ұлттық стратегиялық басымдықтармен және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен байланыстырудың қолайлы мүмкіндіктері туып отыр.
Сонымен бірге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құжаттарында отбасы институты әлеуметтік қорғаудың айрықша объектісі ретінде қаралады.
Дамудың жаңа кезеңінде адами капиталдың сапасына әсер ететін барлық әлеуметтік институттардың арасында отбасының рөлі маңызды болғандықтан, Қазақстанға отбасы саясатын қалыптастыруда өзінің тәсілдерін жасаған маңызды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының функционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады.
Осылайша, заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.

Айым Нұр 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста