Өнертапқыш балалар жасаған жобалардың пайдасы зор

Өнертапқыш балалар жасаған жобалардың пайдасы зор

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі еліміздегі үздік оқу орындарының бірі. Онда оқитын балалар шетінен дарынды, білімді деуге болады. Білім саласындағы сайыстардың көпшілігінде осы мектептің оқушылары топ жарып жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Олардың  ғылым мен  жаңа технологияға деген қызығушылықтары зор.

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар болады. Олар ой-қиялын еркін самғатып небір құрылғыларды ойлап табуға құштар. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Назарбаев Зияткерлік мектебінде бала шығармашылығын дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен небір құрылғыларды ойлап тауып, құрастырып арнайы жүлделерге қол жеткізіп жүр.

Бүгін біз Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнертапқыш балалары жасаған бірнеше құрылғы жайында сөз етпекпіз.

Алдымен Нұрсұлтан Жанұзақов, Ибраһим Әмзебек, Эльнұр Халметов құрастырған Ecolight жобасына тоқталып өтейік.

Атап айтсақ, Ecolight – қозғалыс сенсоры мен фото сенсоры арқылы сыртқы жарық көздеріндегі жарықты үнемдеуге арналған жоба. Бұл құрылғы 2 сатылы электр энергиясын үнемдеуге бағытталған.

Біріншіден құрылғы сыртқы жарықтандыру мен электр қуатын басқару блогы арасында қосылған. Оның өзінде түс сенсоры бар, осылайша табиғи жарық деңгейіне сәйкес сыртқы жарықтандыруды қосу және өшіруді автоматтандырады. Осылайша электр қуатын 10-15 пайызға үнемдейді.

Екіншіден, құрылғы түнде яғни, сыртқы жарықтандыру міндетті емес уақытта, жұртшылық ұйықтағанда немесе белсенді қозғалысы жоқ, жарықты аса қажет етпейтін көшелердегі әрбір 5 сыртқы шамға қосылады. Оның өзінде қозғалыс сенсоры бар, сондықтан көшеде қозғалыс бар-жоғын көре алады. Қозғалыс болмаған кезде ол негізгі қуаттың 30  пайызы мөлшерінде ғана әлсіз жарық шашады, ал қозғалыс анықталған кезде ол 100 пайызға толық қосылып көшені жарықтандырады. Осындай мүмкіндіктін арқасында электр қуатын 30-60 пайызға үнемдейді.

Сонымен қатар Эльнұр Халметов, Жантөре Бисенғали, Нұрсұлтан Жанұзақов жасаған ерекше жоба «Дербес ауа анализаторы».

Бұл  «Дербес ауа анализаторы» mq7, mq2 және mq125 түтін детекторлары арқылы СО, СО2, бутан, метан, пропан, сутегі, түтін мөлшерін анықтайтын автономды ауа анализаторы. Ол құрылғы ауа сапасын саралап, алынған деректерді интернет арқылы Firebase дерекқорына жібереді. Ондағы интернетке қосылу жүйесі Lolin v3 nodeMCU микроконтроллері арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер дерекқорға жиналып талдау жасалынады. Деректерді сараптаған соң, сайттан ауаның қашан және қай жерде ластанғанын көруге болады. Осылайша, ауаны кім ластап жатқанын анықтап, келеңсіз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік тудырады. Өйткені қоршаған ортаны қорғаудың ең бірінші қадамы ластану көзін анықтау екені белгілі.

Ал Нұрахмет Айдарбек пен Темірлан Сартбаев жасаған жоба табиғи апаттарды анықтап немесе қатердің алдын алуға көмектесетін ерекше құрылғы.

Бұл құтқаруға арналған ұшқышсыз дербес ұшақ жобасы COEX Clover 4 ұшқышсыз ұшағы мен Raspberry Pi 4 негізіндегі көмекші компьютер ретінде толығымен адамға тәуелсіз ұшатын құрылғы. Оның негізгі мақсаты орман алқабын үнемі патрульдеу және алынған суретті талдау арқылы әртүрлі көлемдегі орман өрттерінің алдын алуға бағытталған. Егер дрон көмекші компьютердің камерасына түсірілген бейнеде болып жатқан өртті немесе от жағыуға рұқсат етілмеген жерде өрттің тұтанғанын байқасы  алынған фотосуреттер мен координаттарды тікелей орманшыларға жібереді. Мамандар оқиғаны сараптап  өрт сөндірушілермен байланысу керек пе, әлде жоқ па деген шешім қабылдайды. Осылайша енді басталған өртті немесе өрт болуы мүмкін жерлерді тез  анықтап, дер кезінде қауіп қатердің алдын алуға, сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды құрықтауға қол жеткізуге болады.

Міне көріп отырғанымыздай бұл құрылғылар адам өміріне өте қажетті. Қазіргі дарынды балалардың ізденісі ғылым мен техниканың жетістіктерін күнделікті тіршілікте толық пайдалануға мүмкіндік береді. Қазір әлемде энергияны үнемдеу, экологияны сақтау, табиғи апаттардың алдын-алу өте өзекті мәселе. Сондықтан дарынды оқушылардың айналысып жатқан жобаларының да маңызы зор. Осындай жеткіншектерімізді көрген кезде болашақта еліміз өркениетті елдердің алдығы қатарында болатынына сеніміміз нығая түседі.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста