Үш түн терезені тықылдатқан кім?

Үш түн терезені тықылдатқан кім?

Базбіреу бұған сенер, біреу сенбес. Бәлкім мұндай жағдай біріңіздің басыңыздан өткен де шығар. Ал мен сол оқиғаға еш түсінік таба алмадым. Түс дейін десем, түс емес сияқы. Басымнан өткен сол бір түсініксіз оқиғаны жазып, «Алаш айнасына» жіберіп отырмын. Оқиға былай болған еді...

Бала кезімде, әдеттегіше, жазда сіңлім екеуміз ауылдағы ата-әжемнің үйіне бардық. Олар тұратын ауылда неше түрлі ұлт өкілдері тұратын. Араларында сығандар да бар. Ол ауылда ұрлық көп болатындықтан атам мен әжем тұратын үйдің терезелеріне темір тор қағып тасталған. Атам мен әжем алты бөлмелі үлкен үйде екуі ғана тұратын (ұлы-біздің әкеміз қалада, ал қызы сол ауылда бөлек тұратын). Бөлме көп болған соң сіңлім екеуміз бөлек-бөлек бөлмеде жататынбыз. Түсініксіз оқиға барған соң екінші күні басталды.

Түн ортасында біреудің терезені тықылдатқанынан оянып кеттім. Бізге қырындамақ болып жүрген көршінің ұлдары болар деп ойладым. Терезеге жақын барып қарадым. Бірақ ешкім байқалмады. Қайта келіп орныма жаттым. Сәлден соң қайта көзім ілініп кетіпті. Ертеңінде күндіз өзім жататын бөлме терезесінің сырт жағына аяғы сынған ескі орындықты әкеліп қойдым. Ондағы ойым - түнде көршінің ұлдары терезеден қарамақ болып мінгенде омақасып құласын деген қулық болатын.

Түнде тағы да терезе тырсылынан оянып кеттім. Терезеның арғы жағынан ақ киім киген біреудің көлбеңдеген сұлбасын байқадым. «Көршінің балалары бізді қорқытпақ болып, үстілеріне ақ шүберек жамылып алған екен» деп ойладым. «Байқатпай барып, өзін қорқытайын. Аяғы сынық орындықтан құласын. Ертең мазақ қылам» деп терезеге жақындадым. Терезенің арғы жағынан тесіле қарап тұрған, ақ киімді әжейді көргенде өзім есімнен танып қалардай шошып кеттім. Лезде кейін шегініп, төсегіме келіп, көрпені бүркеніп жатып қалдым. Көрпеден басымды шығаруға қорқып ұзақ жаттым. Солай жатып, әлден уақытта ұйықтап кетіппін.

Ертеңінде түнде көргенімді әжеме айтсам ба деп ойлағам, бірақ «сіңлім қорқақ деп мазақ етіп жүрер» деп, айтпадым. Бір жағынан «дәу де болса, ол көрші ұлдар болар» деген ой болды. Десе де үшінші түні бойымды қорқыныш билеп, біразға дейін ұйықтай алмай жаттым. Қайта-қайта терезеге қараумен болдым. Бірақ ешқандай бөтен дауыс есітілмеді. Ештеңе де көрінбеді. Ойланып жатып ұйықтап кетіппін. Терезе қағып, «тұр, тысқа шық» деген дауыстан шошып ояндым. Оянсам, терезеден сіңлім қарап тұр. «Далаға шық» деп қолын бұлғады. Ол далада не істеп жүр? «Далаға шыққан болса, әжем есікті іштен іліп қойып, үйге кіре алмай жүр ме екен?» деп ойлап, орнымнан тұрдым. «Сырт есік жаққа бар» деп айтпақшы болып терезеге қарай жүре бергенімде, бірден ішім қатты ауырып, бүктеліп қалдым. Тіпті орнымнан қозғала алар емеспін. Бірақ есікті ашып, сіңлімді үйге кіргізуім керек. Зорға жылжып, сырт есікке қарай жүрдім. Ішім бүріп ауырып, қозғалуға мұрша берер емес. Сүйретіліп өз бөлмемнен шығып, ауызғы бөлмеге әрең жеттім. Одан әрі қозғалуға шамам келмеді. Сол жерде тұрған диванға құлай кеттім. Әже деп айғайламақ болып едім дауысым шықпады. Бір кезде есімнен танып қалдым. Таңертең «неге бұл жерде жатсың?» деп әжем оятқанды бір-ақ тұрдым. Ішімнің бүріп ауырғаны басылыпты. Бірақ басым мең-зең болып тұр. Әжемнен сіңлімді сұрадым. «Ол бөлмесінде әлі ұйықтап жатыр» деді әжем. «Оны түнде үйге кім кіргізді» деп сұрағанымда әжем бетіме таңдана қарап, «сен ауырып қалған жоқсың ба?» деп мені бауырына қысты. Мен әжеме болған жайды айттым. Әжем «жаман түс көргенсің ғой» деді.

Алайда, түс көрмегенім өзіме аян. Түнде оянғанда терезеден қарап, «тысқа шық» деп тұрған сіңлімді анық көрдім. Түсім болса, қалай ауызғы бөлмедегі диванға келіп жаттым? Үш түн терезені тықылдатқан кім? Бәрі жұмбақ. Бірақ түс емес екені анық. Сонда бұл не болғаны?

Мариям, Ақмола облысы



Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста