Түсіңізге күйеуіңіз кірсе...

Түсіңізде өмірлік серігіңіз тастап кетсе, онда шынайы өмірде аса маңызды істе қиындықтар туындайды. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

 

Сүйікті күйеуіңіз басқа біреуге кетіп қалса, шынайы өмірде сізді біреу алдап жүр деген сөз.

 

Ал жұбайыңыз басқа біреуді сүйіп қалған болса, онда қарым-қатынасыңызда дереу бір нәрсені өзгерту керек. Олай істемесеңіз, түсіңіз өңіңізге айналады.

 

Күйеуіңіз қоштаспай кетіп қалса, онда сізге көңілі суып барады деген сөз.

 

Ал түсіңізде күйеуіңізбен ұрсысып, ол есікті тарс жауып кетсе, шынайы өмірде қиындықтар туындап, үміттеріңіз ақталмайды.

 

Жарыңыз бұрынғы сүйіктісіне кетіп қалған болса, онда шынайы өмірде адалдығына күмән келтірмеңіз.

 

Ал ашынасына кеткен күйеу алдағы қиындықтарды білдіреді. Ара-қатынастарыңыз бақылаудан шығады. Тіпті ажырасуға дейін баруы мүмкін. Сондықтан мұндай түсті көрген әйел дереу қарым-қатынасты түзетудің амалын жасағаны абзал.

 

Ал сүйіктіңіз сізді тастап, басқа біреуге үйленген болса, онда өңіңіз де орынсыз қызғаныштың құрбанына айналасыз.

 

Сондай-ақ, күйеуіңіз сізді тастап кеткенде оның көңіл-күйі қандай болғанына ерекше мән берген жөн:

Көңілді болса, алда жаңа мүмкіндіктер пайда болады;

Ашулы болса, көзіңізге шөп салады, өсек тақырыбына айналады;

Бозарып, шаршаңқы көрінсе, көп ұзамай науқастанады.

Денсаулығына көңіл бөліңіз;

Кір, қырынбаған болса, шынайы өмірде сізге көңілі толмай жүр;

Әдемі киініп алған болса, көп ұзамай табысқа кенелесіз.

 

Ал тұрмыс құрмаған бойжеткен түсінде күйеуінің тастап кеткенін көрсе, онда дереу сырт-келбетімен айналысқаны жөн. Әйтпесе ұзақ уақыт кәрі қыздар қатарында жүріп қалуы мүмкін.

 

 

Автор: Диана Сабазова

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста