Бүлік неге Ислам Дінін ұстанғандардан ғана шығады?

Христиандар неше түрлі ағымға бөлінеді. Оның майда-шүйдасын біле білмеймін. Бір білерім, Католик және Православие болып бөлінеді.
Библияның төрт түрлі кітабы бар. Төртеуі бір-біріне келіспей қалатын тұстары да бар. Христиандардың сүннетке отырғызылатыны да отырғызылмайтыны да бар.
Міне осыған қарамастан осылардың бір-бірімен қырғи-қабақ болып жатқандарын естімейсің. Иса (Ғ.С.) Пайғамбарға бір кісілер шарап ішуге шақырады. Сонда Иса (Ғ.С.): "Мен шарапты Жұмақта ішемін" деп жауап береді. Міне, ызынатшит Христиандарға да ішімдік ішуге болмайды деген сөз. Олар іше береді. Сонда да Поптары "Ей, сендердікі дұрыс емес" дегендей қырғи-қабақ болмайды. Төрт кітаптағы келіспеушілікті талқылап отырып бір-бірімен қырғи-қабақ болмайды.
Неге мұсылмандар ғана бір-бірімен ұрыс-керіс, дискусия жасай береді?
Мәзхабымыз төртеу болғанымен Құран Кітабымыз біреу-ақ. Бәрі де Бір Алла Тағала дейді, бәрі бір Мұхаммед (с.а.с.) дейді. Сонда да қырғи-қабақпыз.
"Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) Оның Елшісі" деп тілімізді кәлимаға келтіріп, одан кейін біреудің ала жібін аттамай, жетім-жесірлерге қамқорлық көрсетіп, ата-анамызды сыйлап, бауырларымызды сыйлап, мәдениетті өмір сүре беруге болмайды ма осы???
Кім болса соның уағыз айтқанын қаламаймын. Бір христианды көрдің ба көшеде немесе әлеуметтік желілерде, жалпы мына біз қазақ сияқты отырған жерінде уағыз айтып отыратын, жоқ ондай адам. Әркім әр түрлі уағыз айтып, өздерінше білгендерін ортаға тастап, одан кейін оған қарсы болып шығатындар пайда болып, ақыры аяғында қырғын ұрыс, жанжал... Не деген сорақылық...
Дін деген ол әрбір адамның сезімі. Біреу келіп біреуге сенікі дұрыс емес, ол былай деп, оған өзінше шариғатты қалтасынан шығарғандай шариғат айтып, оның сеніміне нұқсан келтіріп, сезімімен ойнағанын, жаным жақтырмайды.
Берік Шералыұлы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста