Инстаны қарап отырып бір құбылысты байқадым. Елдің бәрі интервью беріп отыр ғой. Бірақ олардың кіммен сөйлесіп отырғанын түсіне алмадым. Сосын еркектің бәрі бір керемет әңгімелер айтатын болыпты. Әйелдеріңді қамтамасыз етіңдер деп. Кейбірінің әйелі де жоқ, бірақ әңгімелері ірі кәдімгідей. Негізі әйелге жағу сендер ойлағандай оп оңай емес жігіттер! Сендер тұрмақ өзіміз де білмейміз не керек екенін! Сосын әйелдерді әйел коучтар үйрететін еді ғой, қазір еркектер әйел тақырыбына жатып алыпты. Енді олардың еміренгендері бөлек ше, «еркем», «бикем», «аруым», «көркемім»... Әлемнің бар асылына лайықсыңдар деп «сокрушаться» етіп отырады. Кәдімгідей сеніп қаласың. Шіли не қылып үйретіп отырады десем, курс сатады екен ғой олар. Обшым біз мықты болып тұрмыз қыздар. Біраз еркекті байытып жатырмыз... «Женщина любит ушами» рас болып тұр ғой... Шіли еліре бермейікші... Сана берді, ми берді бізге Құдай және оны инстадағы интервьюлерді ғана көрсін деп бермеді-ау», - деп жазды ол.
Гүлнұр Мамасарипова
Желідегі парақшасынан