FourFourTwo порталы әлемдегі ең мықты он футбол қақпашысының тізімін жасады, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.
Бұл рейтингте бірінші мадридтік "Атлетико" голкипері Ян Облак. 27 жастағы словакиялық биылғы маусымда Испания чемпионатының 27 матчінде 21 гол ғана жіберіп алды.
Екінші орында "Ливерпульдің" бразилиялық қақпашысы Алиссон Бекер. Ал үшінші "Барселона" қақпасын қорғайтын Марк-Андре тер Штеген.
FourFourTwo нұсқасы бойынша үздік қақпашылардың ТОП-10 тізімі:
1. Ян Облак ("Атлетико")
2. Алиссон ("Ливерпуль")
3. Марк-Андре тер Штеген ("Барселона")
4. Тибо Куртуа ("Реал")
5. Кейлор Навас (ПСЖ)
6. Петер Гулачи ("РБ Лейпциг")
7. Самир Ханданович ("Интер")
8. Мануэль Нойер ("Бавария")
9. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити")
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед").
Айта кетейік, Ян Облак ең қымбат қақпашылар тізімінде де бар.